Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Рефлексия– латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Байланыстар құру қажеттілігі– Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.
Ғашықтық– адамның сексуалдылық қажеттілігінің тура немесе тоқтап қалған кезде пайда болатын сезімі және әсері, яғни ғашықтық объектісі өзіне нарцисстік «Мен» либидо бөлігіне өзіне тартып алады.
Жек көрушілік– субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері әсер ететін, қарама-қарсы сезім
Махаббат – адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды. Бұл тұлғалық тұтастығы өзгеріссіз қалуы шартты болған жағдайдағы екі адам арасындағы жақындықтың байқалуы.Махаббат– субъектінің өмірге деген қажеттілігі мен қызығушылығын оның объектісінен бөліп басқа өмірлік қажеттіліктердің ортасына орналастыратын эмоциялық қарым-қатынастың жоғарғы бөлігі.
Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.
Ұғым- біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.
Пікір– заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).
Дедукциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.
Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Тақырып: Іс-әрекет анықтамасы.
Адамның іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғалымдар зерттеді. Іс-әрекет-адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Психология-іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет – құрамына психика енетін, обьекті мен субьект арасындағы шынайы байланыс.
Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |