Оспанкулов ернар ерланович


Зерттеудің жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет6/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
disser ernar

Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы дамыту жаттығуларын үйрету 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен 
орындау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін: іс-әрекет теориясы, оқу іс-
әрекеті теориясы, қозғалыс әрекеті теориясы, қозғалыс әрекеттерін оқытудың 
дидактикалық ұстанымдары, жүйелілік теориясы, дамыта оқыту теориясы, 
психофизиология, жеке тұлға теориясы құрайды. Зерттеудің әдіснамалық 
негіздерін: 
педагогикалық 
зерттеулердегі 
жүйелілік, 
іс-әрекеттік,
синергетикалық тәсілдер және т.б.; білім беруді ашықтық, өзін-өзі дамытатын 
жүйе ретінде ұғыну және қолдану қағидалары; жалпы педагогиканың 
әдістемелік тұжырымды қағидалары; білім берудің әлеуметтік-философиялық 
негіздері; заманауи дидактиканың қағидаттары және т.б. басшылыққа алады. 
Зерттеу 
әдістері: 
теориялық-философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық, физиологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен зерттеулерді 
талдау, тақырыпқа қатысты түйінді мәселелерді танып-білу, жинақтау, 
салыстыру, модельдеу; эмпирикалық-педагогикалық бақылау, мұғалімдермен 
әңгімелесулер өткізу, мұғалімдер мен оқушыларға сауалнама өткізу, 
педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін сандық және сапалық 
талдау. 
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтар 
мен педагогтердің еңбектері; Қазақстан Республикасының ресми құжаттары 
мен Білім және ғылым саласындағы нормативтік құжаттар (стандарттар, оқу 
кешендері, оқулықтар, тұжырымдамалар және т.б.); шетелдік және отандық 
педагогтердің ғылыми еңбектері мен тәжірибелері, ғылыми мерзімді 
басылымдар, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет