11
дамуының негізі және оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін жетілдіруші,
денсаулығын нығайтудың және ақыл-ой әрекеті
қабілетінің жетілдірудің
сапалы көзі. Жалпы дамыту жаттығуларын үйрете отырып, оны оқушылардың
өз бетімен орындауға дағдыландыру оқытудың, тәрбиенің, білім беру мен
дамытудың түйіскен нүктесінде танылған әдістеменің жемісі болады.
Сондықтан бастауыш мектепте жалпы дамыту жаттығуларын оқушылардың өз
бетімен қолдануын қалыптастыру әдістемесінің
сенімді де нық теориялық-
әдіснамалық тұғырлы теориялық жүйесі анық болуы міндетті болып саналады;
– «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары»
педагогикалық ұғымының мәнін жан-жақты талдау негізінде нақтылау және
осы ұғымның ішкі мазмұндық құрылымын анықтау бастауыш мектеп
оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын
өз бетімен орындауға
дағдыландырудың үдерісін ұйымдастырудың ғылыми және әдістемелік негізін
жасаудың базасы болып табылады;
– жүйеленген теориялық әдіснамалық тұғырлар мен ішкі мазмұндық
құрылымы нақтыланған «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау
дағдылары»
ұғымының ерекшеліктеріне сүйене отырып жалпы дамыту
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау
дағдыларын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін даярлау мүмкіндігі
танылады;
– ұсынылатын модель негізінде арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, дене
шынықтыру мұғалімдеріне арнайы семинарлар ұйымдастыру арқылы, ата-
аналарды да қатыстыра отырып, жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш
сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту әдістемесін
жасаудың тиімділігі үлкен болады, әзірленген әдістеменің сапасы мен
тиімділігі
педагогикалық тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру арқылы дәлелденеді.
Оқушыға меңгертілетін «Жалпы дамыту жаттығулары» жайындағы білімі,
сабақта оның түрлерін білуі, ойын, жарыс әдістерінің мәнін, қызметін түсінуі,
оқушылардың қазақ ұлттық элементтері бар жалпы дамыту жаттығуларын
орындай алуы сияқты бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден
тұратын тұлғаның кешенді сапасы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: