Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

 
3
. Сурет салу жабдықтары
Сурет салу үшін суретшілерде әр түрлі жабдықтар мен мате-
риалдары бар.
Қандай да болмасын нақты суретпен жұмыс, заттың өзіне қарап 
салудан, оның пластикалық қасиетін оқып-білуден басталады. 
Нақты бейненің ерекшелігіне байланысты сурет қарындашпен, 
перомен, көмірмен, қалқаламмен салынуы мүмкін. 
Олардың ішінде ең көп қолданылатыны – кәдімгі графиттік қарын-
даш. 
Сурет салатын қарындаштар қатты – жұмсақтығына қарай мынадай 
түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М (латынша 6Н, 
Н, НВ, 2В, 3В, 4В т.б.). 
«Т» орыс тілінен «твердый», қазақша «қатты» деген мағына береді, 
«М» әрпі «мягкий» жұмсақ , «ТМ» «твердый – мягкий», орташа «қатты – 
жұмсақ» деген сөзін білдіреді. Алдына жазылған 2, 3, 4 деген сандар қа-
рындаштың қаншалықты қатты және жұмсақ екенін білдіреді. Кейбір 
қарындаштарда халықаралық белгілер қойылады: В – жұмсақ, НВ – 
орташа, Н – қатты. Қатты графиттік қарындаштар (Т, 2Т) қағаз бетін 



тырнап, із қалдырады, ал өте жұмсақ (4М, 5М) қарындаштар өшіргішпен 
жақсы өшірілмей, қағаз бетін ластайды.
Қарындашты жазуы бар жағынан ұштамау керек. Жартысынан азы 
қалған қарындашпен сурет салу өте қолайсыз болады, сондықтан оны 
арнаулы түтікке орнатып, ұзартып пайдаланған жөн. 
Сурет салу үшін сызу және сурет қағазы деп аталатын жартылай 
ватман қағазы қолданылады. Сурет салуға жылтыр, жұқа, жұмсақ немесе 
өте қалың, бедерлі қағаздар мүлдем жарамайды. Қағаздың бедерлігі 
немесе жылтырлығы суретті өндеуге қолайсыздықты тұғызады, ал 
жұмсақ қағаз тек сарғайып жылтыр қағазға тек қана тушпен және 
қаламұшпен сурет салған ыңғайлы. 
Суретті керексіз сызықтарды өшіру үшін жұмсақ ақ өшіргіш қол-
данылады. Өшіргіште бір қажетті жағдайда болмаса, сирек пайдалануға 
дағдыланған жөн. 
Сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту үшін сызба (архи-
тектура) жапсырып шегесін (кнопка) қағазжы шамалы сулап, планшетке 
қатты жапсыра нық ұстап тұрып, шетін жапсырма шегемен бекітіп не 
желіммен желімдеп, планшет қырының арт жағынан бекіту керек. 
Сурет салынғанда графитті қарындашпен қатар, көмірді де пайда-
лануға болады. Фабрикалық арнайы дайындалған көмірлер де болады. 
Мәселен, қолдан дайындалған көмірге өсімдіктен жасалған желім 
қосылады. Мұндай көмірлер беті бұдыр қағаздарға жақсы жұғады. 
Графитті қарындашпен және көмірмен салынған суреттерді фиксатиф 
арқылы әбден қатырып тастайды. Әдетте мұндай әдістер салынған 
суреттерді ұзақ мерзімге сақтау үшін өте қажет. 
Көбінесе суретшілер түрлі-түсті қарындаштарды пайдалан бермей-
ді. Олар суреттерді көмірмен, тушпен, қара қарандашпен, пастель деп 
аталатын әр түрлі борлармен салады. 
Сурет салуды жетік игеруге күн сайын жүйелі жұмыс істеу арқылы 
ғана жетуге болады. Сонда суретші тәжірибе жинақтап, техникалық білім 
мен тәсілдерді игереді. Өткен және қазіргі заманғы шеберлердің сурет 
салу техникасын зерттеп, үйренген жөн. Мұның өзі суретшінің өрісін 
кеңейтіп, сурет салудың сан алуан тәсілдермен танысуына көмектеседі, 
сандай–ақ игеруге, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін іс барысында 
танып білуге үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет