10
қойылған жарық оларды мүлдем басқаша көрсетеді.
Реңдік қателіктер
«көзге жарымсыз» тұрады, бұны жай көрермен де байқап қалады. Реңдік
қатынастарды бұзатын жағдай, затты тым ағартып,
немесе тым
қарайтып жіберу болады.
«Рең» деген сөздің мағынасы жарық күштілігі. Табиғаттағы жарық-
тың (күн) күшін ақ қағазда қарындашпен беру мүмкін емес, керісінше, қара
бархыттың қаралыған да қарындашпен беру мүмкін емес, сондықтан
«жарық пен көлеңкенің қарым-қатынасы»
деген ғылымның пайда болуы
бекер емес. Сол себепті заттарды суретте шынайы бейнелеу үшін қарын-
даштың күшін есептей отырып, ең ақ түс пен ең қара түстердің реңдік бай-
лығын көрсете білу, суретші шеберлігінің алғашқы сатысы болып табыла-
ды. Осындай жолмен күнге шағылысып жарқыраған ақ қардың да, оған
түскен терең көлеңкелердің де суреттерін салуға болады. Бұл жағдайда
заттардың барлығы реңдік байланыста болуы суреттің басты негізі. Қатты
жарықтың зияны да көп: қасындағы заттарды көрсетпей жібереді, сондық-
тан бұндай қойылымдырдан аулақ болған жөн.
Заттардың реңдік қатынастары алыстаған сайын өзгеруі мүмкін.
Олардың ең жарық жерлері күнгірттеніп, көлеңкелері ағара береді, ғылы-
ми тілмен айтқанда «контраст» азаяды. Бұл ауа қабатының қалың-
дауымен тығыз байланысты.
Сурет салғанда бірқалыпты жарық болғаны дұрыс. «Рең», «жарық
күші» деген түсініктер заттардың өз түстеріне,
бояуларына да байла-
нысты, сондықтан олардың көленкелерін табу, заттардың бояу өзгеше-
ліктерін де таба білу керек.
Қарындашпен салынған суретте
заттардың бояу байлығын емес,
реңдік байлығын көрсету басты мақсат. Бұл жердегі қателіктерді, сурет-
тің біртүсті фотоүлгісін түсіріп, салыстырғанда анық көруге болады.
Суреттің реңдік байлығын графитті қарындаштан ғөрі көмірмен салынған
суреттерде көрсетуге болады.
Дәрісханада өткізілген практикалық сурет сабақтарынан алған бі-
лімдерді табиғат көріністері мен тақырыптық композициялар салғанда да
кеңінен қолдана білу керек. Картинаны ұйымдастыра білу дегеніміз, –
реңдік қатынастарды мүмкіндігінше дәл таба білу!
Реңдік қатынастар суретшінің қолындағы материалдардың (қарын-
даш, көмір) мүмкіндіктерімен шектеулі болса да, дәл табылған реңдік
қатынастар арқылы табиғат байлығын шынайы бейнелеп,
көрсетуге
болады. Шебер деп осындай суретшілерді айтамыз.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Кеңістікте, жазықтықта бейнелеудің заңдылықтары қандай?
2.
Сурет салудың қолданатын құрал – жабдықтар мен оны іске асыратын
әдістемелері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
11
1.
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана:
Фолиант, 2010.– 160 б.
2.
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы /
Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3.
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік
нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай:
ҚМПИ баспасы, 2011. – б.
Достарыңызбен бөлісу: