Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

Темпера. Темпера деп құрамында байланыстырғыш ретінде әр түр-
лі эмульсия араластырған бояуларды атайды. Құрамы бойынша майлы 
бояу мен желім араласқа. Бояулар аралығында болып келеді. 
Темпераны сумен араластырып, қағазға, картонға және кенепке са-
луға болады. Темпераны майлы бояу пайда болғанға дейін кеңінен қол-
данады. Бірақ та майлы бояудың кейбір кемістіктері болғаннан кейін XIX 
ғасырдың соңында темпераны қайта қолдана бастады. Темперамен жұ-
мыс ерекше жүйені қажет етпейді, яғни түстердің сурет салушы еркіндік-
те жұмыс жасайды. 
Темпера түстері майлы бояуға қарағанда біршама қосымша түстер-
ді шығара алады. 
Бөлме ішінде қабырға сурет (роспись) салуда темпера қабырға жа-
зықтығымен өте сәйкес келеді. Сондықтан да темперамен орындалған 
шығарма майлы бояуға қарағанда тамаша көрінеді. 
Жанды бейнеде темперамен жұмыс істеуге қағаз, картон, тығыз 
тоқылған мата жарайды. 
Темперамен сурет салу кезінде басқа боялаумен жұмыс істеген 
сияқты алдымен ақшыл түстермен шығарады. Егер де бірден қою түс-
термен бояп, кейбір жерінде қате кететін болса оны түзету қиын. Өйткені 
темпера бояулары тез кебеді және қайтадан суға ерімейді.
Жұмыстың түріне қарай темперамен салынған картинаны лапен 
жабындауға болады. Бұл әдіс бояулардың ұзақ сақталуына көмектеседі. 
Майлы бояумен жұмыс істеуге арналған жалпақ және дөңгелек, 
жұмсақ және қатты қылқаламдар темпераға да жарамды. Бірақ та оның 
талшықтарын ұзартқан тиімді. 
Майлы бояумен, акварельмен жұмыс істеген және жанды бейненің 
негізгі принциптерін меңгерген адамға темпера техникасы оңайға тиеді. 
Пастель. Пастель – қағазға оралған түрлі түсті қарындаштар. 
Оларды дайындалуға акварельдің де, гуашьтиың да құрамына кіретін 
құрғақ үнақтар – пигменттер пайдаланады. Ереже бойынша түстер этыд-
та араластырылмайда, соңынан жазылған түс, астыңғы тусті жайып 
кетеді. Бірақ та кейбір аздаған жерлерін саусақпен уқалап араластыруға 
болады.
Пастельмен сурет салуға негізінен сұр, бұдырлы қағаз қолданады. 
Мұндай қағаз болмаған жағдайдаоны қолдан дайындалуға болады. Ол 
үшін ватман немесе қарапайым қағазды, картонды алып бетін жайып, 
оған ұннан жасалған клейстерді немесе казеинді, сұр бояуды араласты-
рып жалпақ қылқаламмен жағады.
Пастель бояуы ластанатын болғандықтан этюдтарды әйнектің 
астында сақтау керек немесе бояу қабатын бекіту қажет. 


16 
Акварель бояуымен жұмыс. «Акварель» деген атау латынның 
«aqua» 
су деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға енгізілген бояуларды да, 
сол бояулармен салынатын шыгармаларды да білдіреді. 
Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік 
акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір 
жағылғындықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. 
Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты 
түсіріледі. Аланда соның өзінде де суретшілер акварель бояуның 
артықшылығын – оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады. 
Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен 
екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар жұмсақ 
реңкпен жалғасып жатады. 
Майлы бояумен жұмыс. Майлы бояуды пигментті зығыр майымен 
араластыру арқылы алады. Майлы бояудың әдістері әр түрлі: майлы 
бояумен жұқалатып немесе керісінше, кедір-бұдыр етіп (мазок) жазуға 
болады. Майлы бояудың бір қасиеті акварельдей емес, ұнамаған бояу 
түсін қалақша (мастихин) арқылы алып тастап немесе үстенін өңдеп, 
қайта жазуға болады. 
Ақ түс – цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындасы кремицк 
түс. 
Сары – ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, неопо-
литандық сары, үндістен сары, кадмий лимон, марс сары, алтын – сары 
лак. 
Қызыл – киноварь, кадмий қызыл, краплак жарық, краплак қараңғы, 
ағылшын қызыл, капут–мортуум, киноарь алқызыл. 
Көк – ультрамарин, кобальт көк, церулеум, азуритовтік лазурь, ко-
бальт жарық, кобальт көк қараңғы, индиго. 
Жасыл – изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл, жасыл жер 
веронсттік, волконсконт, окись хрома, богемстік жасыл жер. 
Қоңыр – марс жарық қоңыр, копуг-моргуун, қоңыр жер, хобковтік 
қоңыр жер, табиғи умбра, ван-Дик, табиғи сиена, кассиельстік қоңыр жер, 
асфальт. 
Қара – виноградтың қара, піл сүйегін күйдірілген. 
Тапсырма. Төменде көрсетілген барлық штрихтау түрлерін орындаңыз
(1 – 
параллель сызықтар, 2 – айқас тор, 3 – қиылысты қиындатылған, 4 – 
тонировка, 5 – айналмалы, 6 – қиылысты, 7 – реттелмеген, 8 – доға 
тәрізді көлемді, 9 – нүктелі, 10 – еркін, 11 – айналмалы, 12 – өрме) 
(Сурет 2). 


17 
 
 
1. 
2. 
3. 
 
 
4. 
5. 
6. 
 
 
7. 
8. 
9.
 
10. 
11. 
12. 
 
Сурет 2. Штрихтау түрлері 
Өзін–өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. 
Суретті орындау үшін қажетті әр түрлі құралдардың ерекшелігі неде? 
2. 
Штрихтарды орындаудың қандай түрлері бар және олар қандай 
жағдайларда пайдаланылады? 
3. 
Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу ерекшелігі неде? 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
1. 
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу–әдістемелік құралы. – Астана: 
Фолиант, 2010. – 160 б. 
2. 
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы / 
Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3. 
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік 
нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай: ҚМПИ баспасы, 2011. – б. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет