14
еркін
қозғалып, тушь жайылып кетпеу керек. Сондықтан да көдір-
бұдарлы, әр түрлі дақтары бар қағаз жарамсыз.
Қылқаламмен бір түсті сурет салу (гризайль).
Жалпақ акварель қылқаламымен (16–20) қоныр немесе қара түс
арқылы нобай суреттерді салады. Жалпақ акварель қылқаламымен салу
себебі, жіңішке қылқаламмен салған суреттің сызыкпен салынған сурет-
тен айырмашылығы болмай қалады. Сондықтан да жалпақ қылқаламның
мүмкіндігі мол, көлемді бөлшектерді бояп, жіңішке сызықтарды да түсіре
алады.
Қылқаламмен жұмыс істеу сурет салушыдан жинақтылықты, шығар-
машылық икемділікті талап етеді. Бұл техникамен сурет салуды қылқа-
ламды жеңіл тигізу арқылы бейненің көлемін, пішіннің негізгі бөлшектерін
белгілеулен бастайды.
Содан соң күңгірт рең арқылы көлеңке жерлерін көрсетеді, қылқа-
ламның ұшы арқылы айқын көрінетін шеткі сызықтарын шығарады.
Өте тез салынатын нобайлар үшін планшетке әр қағазды жеке-жеке
бекітпей, бірнеше данасын шеге арқылы үстатқан тиімді. Өйткені дайын
нобвйды тез алып тастап, жаңасын бастау оңай.
Гризайль техникасымен тек қана нобайларды емес, сонымен қатар
этюдтар мен ұзақ мерзімді суреттерді де орындайды. Бұл әсіресе қандай
да болмасын болу түрімен сурет салып үйренердің алдында тиімді.
Оқушылар бояудың қасиетін,
ерекшелігін, мүмкідігін түсініп біледі.
Көмірмен сурет салу. Көмірмен сурет салу графиканың бір түрі
болып табылады.көмір арқылы жіңішке, анық штрихтарды түсіріп, саусақ-
пен де жағуға болады. Көмірмен тек ақ қағазға емес, сонымен қатар түс-
қағазға, кенепке, картонға алуға болады.көмір шүберекпен оңай сүртіле-
ді, ал өшіргішпен кетіруге болмайды, қағаз бетін ластап тастайды. Қөмір-
мен салынған суреттер
ұзақ мерзімме шыдамайды, оны бекіткіштер
арқылы ьетін жабу керек.
Гуашь. Гуашь – желім араласқан бояу. Оның құрамындағы желім
байланыстырғыш қызмет атқарады. Сондыктан да
акварель сияқты
гуашьпен жұмысты негізінен қағазда немесе картонда орындайды.ал,
айырмашылығы гуашь түстері бірін-бірі жабады, мөлдір емес. Гуашь
бояулары кепкет кезде ағарады. Бұл әсіресе затқа қарап салынған кезде
кейбір киындықтарды туғызады. Сол себептен гуашбпен жұмыс істердің
алдында жаттығу жұмыстарын жасап, түстердің қаншалықты ағаратынын
анықтау қажет.
Гуашь сәндік – көркемдеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Бі-
рақ та шрифт жазу немесе өрнек салу үшін үлкен жазықтықтарды бояп,
жаба білу керек. Ол үшін гуашьты бөлек ыдысқа салып, керекті қоюлықта
сумен араластырады. Егер де бояуды бірден ыдысынан алып жақса бір
жері қою, екінші дері сұйық болуы мүмкін.
Бояуды
жалпақ қылқаламмен, бір жаққан жерге екінші рет қайта-
ламай тез жағады. Өйткені байланыстырғыш қоспа (желім) қайта жағу
15
кезінде еріп, із қалдырады. Кей кезде гуашьты акварельмен біріктіреді.
Бұл өте ашық түстерді шығару кезінде тиімді. Гуашьты театр безендіру
кезіндегі
нобай жасауда, кітап суреттерінде, иллюстрацияда кеңінен
қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: