71
Сурет 39. Гипсті бас (Обрубовка )
Суретті бөлшектеп емес, жалпыдан бастау керек, алғашында бас-
тың жалпы пішінін бейнелеп, содан соң біртіндеп
бөлшектерін табуға
кіріскен жөн. Бастың көлемін құрастыратын негізгі жазықтықтар, жоспар-
лар, кеңістікте сүйектер мен бұлшық еттердің пішіндер бағыттарымен
бөлінеді. Бастың жалпылама
пішінін бейнелеп отырып, бастың көлемі
қандай жеке жазықтықтар қосындысынан
тұратынын пішіннің құрылым-
дық негізі қалай ұйымдастырылатынын көре білу қажет.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Суретті орындау кезінде қандай материалдар қолданылады?
2.
Адам басының суретінде кезеңдерін көрсет?
3.
Адам басының суретінде пропорционалды шамаға не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Фо-
лиант, 2010. – 160 б.
2.
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы / Н. Н.
Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3.
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік нұсқаулық /
Ә.С. Сәпиев. – Қостанай: ҚМПИ баспасы, 2011. – б.
Достарыңызбен бөлісу: