Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет


ТАҚЫРЫП: ЭКОРШЕ БЕЙНЕСІ
 
Жоспар: 
1.
Бұлшық ет пластикасы 

Нұсқаның басы 
Негізгі түсініктер: бұлшық ет пластикасы 
1. Бұлшық ет пластикасы 
Бастың бұлшық етін салудағы қабілетін арттыру, композициялық 
орталық, тепе – теңдік, пропорциялық қатынастар, көлем, кеңістік, пер-
спектива заңдылықтармен танысады. Себебі, қара фонға орналасқан ақ 
гипстің бетінде жарық-көлеңке өңдіктері өте жақсы байқалады. Сурет 
мынадай бірізділікпен орындалады: 
• 
Композициялық орналастыруын қарастыру; 
• 
Бастың бұлшық етін салудағы қабілетін арттыру, пропорциялық 
қатынастарын анықтау; 
• 
Бастың бұлшық етін салудағы заңдылықтарын қолдана отырып 
талдау; жарық – көлеңке өңдік қатынастарын шешу. 
Негізгі жарық – көлеңкелі қатынастарын жеңіл штрихтармен көрсе-
теді. Суреттің негізгі мақсаты – көлемнің айқындалуы, жарық – көлеңкелі 
қатынастары арқылы берілетін фактура және кеңістіктік көріністері. 
Гипстегі жарық – көлеңкені көрсеткен кезде қағаз бетіндегі суреттің ең 


76 
жарық жерлерін түртпей қалдыруға болмайды, өйткені, жарық түсіп 
тұрған гипстің ақ өңінде бәрі бір өңдік ауысулар байқалады.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. 
1. кезең. Ең алдымен бастың бұлшық етін тұтастай қабылдап, оны 
қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін бастың 
бұлшық етін салудағы биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып 
бейнелеу. 
2. кезең. Суретті салынатын бастың бұлшық етін салудағы қабілетін 
арттыру, құрылымдық құрылымына назар аудару керек. Сурет салу ба-
рысында салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған 
жөн. Негізгі құрылымдық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің 
шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі 
көлеңкеден басталады. 
3. кезең. Жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, кө-
лемін шығарамыз. Жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Қараңғы 
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты. Суреттің 
өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жағын анықтап алу 
керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Штрих-
тауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз– 
сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп – табиғи сәуле 
мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз– жарықтың 
аса мол мөлшерде түскен жері.
Түспе көлеңке дегеніміз – нақты бейнеленген жазықтықтың бетіне 
түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз – меншікті көлеңке мен 
жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз – заттың 
меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда 
болған көмекші жарық тәріздес құбылыс. Сонымен штрихтау арқылы 
өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңды-
лықтарына сүйену керек (сурет 43). 
4. кезең. Бұл бейнеленген бастың бұлшық етін анықтау кезеңі деп 
аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі 
артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік 
қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып 
шығуына баса назар аударамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет