87
Тізе шыныаяқ үлкен бұрышынан төмен кіші бұрыш сүйегіне
жалғанатын берік байламдармен орнында ұсталады. Аяғы ұзындығы тең
екі цилиндрден тұрады: біреуі – сан басынан бастап санға дейін тізе
тостағандары, және басқалары – тізе тостағандардан
ішкі тостағанға
дейін қысқыш сүйектері. Егерде адам отырса және оның аяғы тізе мен
жамбас буынында бүгілсе,
жамбас салу әлдеқайда оңай, оларды
цилиндрлер ретінде қарастыра отыру болады.
5.
Адамның суреті
Алдымен оншақты жылдам суреттер салу керек. Сурет материалы
студенттің өз таңдауымен болады. Сонымен
қатар жоғарыда жазылған
нұсқауларды естен шығармау керек. Адам тұлғасын салуда компози-
циялық шешімге басты назар аудару керек.
Адамның пропорциялық
өлшемдерін, қимыл өзгерістерін жіті бақылай білу керек.
Сурет дене мүшелерінің өлшемдерінен басталып, тұлғаны түгел са-
лып отырумен жалғасады. Бірінші мөлшерлі сызықтардан бастап, адам-
ның әр мүшесін біркелкі салып отыру,
суреттің тұтастығын сақтайды,
сурет әр кезеңде толық мағлұмат беруі тиіс. Адамның бір мүшесі
толығымен бейнеленіп (мысалы: қолы) басқа мүшелері бейнеленбеген
болса, бұл үлкен қателік. Суреттің барлық мүшелері біркелкі бейнеленіп
отыруы керек. Студенттердің жұмыстарында
көп кездесетін қателердің
бірі – адам тұлғасын дұрыс, нық қоя білмеулері.
Бұл қателіктерді бол-
дырмау үшін, анатомиялық білімдерге сүйене отырып, тұлғаның салмақ
ортасын дәл табу керек.
Ол үшін жұтқыншақтан басталған тік сызық табанның ортасына дәл
түсуі керек, өйткені тік түрегеліп тұрған адамның салмақ ортасы дәл сол
табанының ортасына келеді.
Сызықтар техникалық сызбалардағыдай біркелкі болмау керек,
тұлғаның аумақтарын белгілейтін қалыңдықтағы «тірі сызықтар»
болуы
керек. Жарық түскен жақ жеңіл сызықтармен, ал көлеңке жақ ауыр, қатты
сызықтармен белгіленеді. Бейнелеудің алғашқы кезеңінен бастап көлең-
ке жақтарын штрихпен басып салып қойған дұрыс.
Бұл форманың болашақ туындайтын көлемін айқындаудың бірден
бір жолы. Біркелкі жүргізіліп отырған жұмыс суреттің тұтастығын сақтай-
ды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Композиция дегеніміз не?
2.
Композицияның қандай түрлері бар?
3.
Құрылымдық және геометриялық орталық ұғымдары нені білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана:
Фолиант, 2010.– 160 б.
88
2.
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы /
Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3.
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік
нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай:
ҚМПИ баспасы, 2011. – б.
Достарыңызбен бөлісу: