73
Апполон
Сурет 40. Гипсті бас
2.
Бұрылған гипсті бас
Сурет салудың алдында, суретті, бейне қандай болатынын, қағазда
қалай орналасатынын, қағаздың өзін қалай – тік әлде көлденең орналас-
тыруын, үйлестіру әдістерін анықтап алу керек.
Суретке кірісу алдында композициялық мәселелерді шешу қажет.
Негізгі
қасиеттерін, олардың қалай анықталатынын білу керек.
Аталған қасиеттер мыналар: пішін, мөлшер, жарық– көлеңке, түс.
Суретті бастағанда біріншіден нақнұсқаның айырмашылықтары
қарастырылады
Түрлі пішіндердің құрылыстық өзгешеліктерін оқып білу және олар-
дың көлемдерін айқындау үшін гипсті бастың бейнесін қолдану дұрыс
болады.
Ол заттарды бір-бірімен
салыстыру заңдылықтарын, перспектива-
лық өзгерістерді, денелердің пропорциялық қатынастарын, құрылымдық
ерекшеліктерін тез игере бастайды. Бір сызыққа орналастыруға бол-
майды, себебі олар бірқалыпты ырғақтық әсер береді.
Сурет мынадай
бірізділікпен орындалады:
•
Қағаз бетіне жалпы композициялық орналастыруын қарастыру;
•
Бейнеленетін жалпы пішіндерін және олардың пропорциялық
қатынастарын анықтау;
•
Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып талдау; жарық –
көлеңке өңдік қатынастарын шешу.
•
Нақнұсқадан салатын суреттің негізгі мақсаты – көлемнің айқын-
далуы, жарық – көлеңкелі қатынастары арқылы берілетін фактура
және кеңістіктік көріністері.
•
Гипсті бастың жарық – көлеңкені көрсеткен кезде қағаз бетіндегі
суреттің ең жарық жерлерін түртпей қалдыруға болмайды, өйткені,
74
жарық түсіп тұрған гипсті бастың ақ өңінде бәрі бір өңдік ауысулар
байқалады.
Бірінші кезең – Бейнені жазықтықта
қолайлы қалай орналастыру
қажет екенін, пішін құрылысының ерекшеліктері қандай көзқараста жақ-
сырақ болып көрінетінін анықта алу үшін алдын ала нақнұсқаны барлық
жағынан байқап қарау қажет (сурет 41).
1
кезең
2 кезең
3 кезең
Сурет 41. Гипсті бас салу кезендері
Екінші кезең – бас пішіннің түр өзгешелігін табуды бастамай тұрып,
сурет салушы нақнұсқаны мұқияттап танысуы тиіс, пішін құрылысының
көптеген
ерекшеліктерін белгілеу қажет, пропорциясын және бастың
қалпын кеңістікте беру (сурет 42).
Сурет 42. Гипсті бас
Суретте бастың пішінін айқындап бере отырып, суретті, ең
алдымен, пішіннің
жалпы массасын табу керек, оның түр – сипатын,
пропорциялық қатынасын, жеңіл сызықпен бастың жалпы түрін белгілеп
алу қажет.
75
Үшінші кезең
– пішіннің сызықтық – құрылымдық негізін белгілеп
болған соң, суретті анықтап айқындауға көшу керек.
Төртінші кезең
– бастың пішінінін сызықтық құрылымдық негізін
белгілеп болғаннан кейін жарық пен
көлеңке қатынасымен көлемін
шығару.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Суретті орындау кезінде қандай материалдар қолданылады?
2.
Гипсті бас (Венера, Антиной, Апполон) суретінде кезеңдерін көрсет?
3.
Гипсті бас (Венера, Антиной, Апполон) суретінде пропорционалды
шамаға не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана:
Фолиант, 2010.– 160 б.
2.
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы /
Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3.
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік
нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай:
ҚМПИ баспасы, 2011. – б.
Достарыңызбен бөлісу: