І. Ұйымдастыру кезеңі. «Ішкі -сыртқы айналым шеңберіне» шығып бүгінгі күнге сәттілік тілеу.
1. Үй тапсырмасын сұрау.«Ыстық орындық» арқылы
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
3. Сабаққа зейіндерін аударту.
Мұғалімнің сөзі: Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер.
Мысалы: араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т. б.
парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т. б.
орыс тілі: парта, кино, цирк, т. б.
Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан - жіңішке болып араласып келе береді.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі
Кәсіби сөздер - кәсіп, шаруашылық, өнер түрлеріне қатысты сөздер(профессиональные слова). Мұрап,қармақ, қоза т.б.
Термин сөздер - ғылым, техника, спорт,мәдениет,саясат т.с.с. салаларға жататын сөз.
Тіл білімі:дыбыс, әріп, фонетика, лексика т.б.
Физика:оптика,энергия,қуат, тартылыс заңы, атом т.б.
Ортасы «Шеңбердегі доп» әдісі
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.
Сергіту сәті "Көңілді күн"
Аяқталуы
Сабақтың тақырыбын пысықтау (ноутбукте my test бағдарламасы арқылы):
Тест сұрақтары:
1. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздерін не дейді?
a) Көнерген сөз
b) Диалект сөз
c) Термин сөз
d) Кірме сөз
e) Кәсіби сөз
2. Терминге тән ең басты белгі не?
a) Көп мағыналы
b) Жалпы халыққа түсінікті
c) Дара мағыналы
d) Белгілі аймаққа қолданылады
e) Халық арасында жиі қолданады
3. Физикалық терминге жататын сөзді табыңыз
a) Фонетика
b) Дыбыс
c) Энергия
d) Экология
e) Бизнес
Саралау Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Достарыңызбен бөлісу: |