«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм «Тіл білімінің салалары»


Ұ –жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Ү –



бет9/37
Дата12.01.2024
өлшемі1.73 Mb.
#488947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Тіл білімінің салаларыOffice Word

Ұ –жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі.
Ү – жіңішке, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі.
Ұ,ү әріптері, негізінен сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұ-лан, құ-лақ, үл-кен, түй-реуіш, ұн,
ұл,үн, үш, құн, күн, құрт.
Ы,і –жуан және жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыстардың әріптері.
Ы,і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ыс, ыстық, ынтымақ, ызғырық, іс, кіріс, ірі,ізгілік.

Қ –
 қатаң, тіл арты, шұғыл дауыссыз дыбыстың әрпі.
Қ дауыссыз дыбыс сөздің барлық буындарында кездесе береді: қазақ, қасқыр, қой, қаһарман, қосымша, халық, құмырсқа.
Ғ – Ұяң, тіл арты, ызың дауыссыз дыбыстың әрпі.
Ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады: ғылым, ғана, ғалам, жаға, шағала,жаңғалақ, қазға, қалаға, жалығады,жалығу.
Ң –үнді, мұрын жолды, тіл арты, шұғыл дауыссыз дыбыстың әрпі.
Ң әріп сөздің басында қолданылмайды, тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады: аң, кең, ең, қоңырау, тың, таңба, жаңбыр, азаң, жаңа, жіңішке, сіңлі, жеңге.
Һ –ұяң, ызың, көмей дауыссыз дыбыстың әрпі.
Һ әрпі естілген жерінде жазыла береді: қаһар, қаһарлы, қаһарман, гауһар, жиһан, баһра, Жауһар, Маһида, Маһинұр, аһ, уһ, еһе, аһлады, уһледі.
Һ әрпі жазылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес, олар, негізінен, араб, парсы тілдерінен енген сөздер мен одағайлардың ішінде кездеседі.
Ортасы Көп нүктенің орнына тиісті тән дыбыстарды қойып жаз.
...же, п...тер, с...з, саба..., ...ні, са...ат, гау...ар, жи...аз, ...теш, с...мке
Сергіту сәті "Көңілді күн"
Аяқталуы 
Сабақты сұрақ-жауаптармен қорытындылау. 
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Қазақ тілінің тән дыбыстары нешеу?
Саралау Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? 
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет