105
(латынша
“эволюция” - төңкеру, қопару) бар екенін тұжырымдады.
Бірінші болып ғылымға “биология” деген терминді енгізіп, жануар-
лар дүниесін омыртқалылар, омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.
Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым
жәндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған.
Мұнда барлық жануарлар 6 сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы
орналастырған. Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында
жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын
(градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық
формалардың қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай
біртіңдеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі. Соңда, бұл даму
қалай жүзеге асады? Оның эволюциялық қозғаушы күші не? Ламарк
эволюция жүйесі туралы ой-пікірін қорыта келе мынадай болжам
ұсынды: орта жағдайларының өзгерісі өсімдіктерге немесе жануар-
ларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір
мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал
басқалары көп қолданылмағаңдықтан, керісінше жаттықпайды да,
біртіндеп жойылады (Ламарктың бірінші заңы). Тіршілік барысында
пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті
түрде тұқым қуалайды. (Ламарктың екінші заңы). Бұған бірнеше
мысалдар келтірейік. Ламарктың пікірі бойынша тіссіз (киттердің,
құмырысқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі,
олардың ата тектерінің қоректік заттарды шайнамай жұтуының
салдарынан болса, жер астында тіршілік ететіннің айтты.
Достарыңызбен бөлісу: