113
төбелер (тау жоталары) алқаптардың арасын бөліп тұратындықтан
алқаптарға қарағанда таулы жерлерде әр түрлі түрлер көбірек болады.
Мысалы, АҚШ-тың таулы аймағының батыс бөлігінде қояндардың 23
түрі мен түр тармағы кездеседі. Жазық жерлерінде (шығыс, батыс)
тек 8 түрі ғана бар.
Органикалық дүниенің дамуы барлық замандармен кезеңдерде
жердің геологиялық және климаттық жағдайларына сәйкес жүріп
жатты. Ол жағдайлардың өзгеруіне байланысты өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі де өзгеріп отырды. Органикалық дүние
эволюциясының негізгі бағыты биологиялық прогресс болды.
Достарыңызбен бөлісу: