133
Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының
шарты және негізгі факторы
бола отырып, оның ең маңызды қасиеті –
тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлін-
бейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік
құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің
артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы
артады. Биосфераның геологиялық тарихыныңбарысында,онда тірші-
лік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір
түрбелгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түр-
лерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін
түрлер - тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында
шамамен 500 млн жыл, жалаңаш тұқымды гингко ағашы 150 млн жыл
тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық
латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен
деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан
табылған. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке
түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялықтабиғи құбылыспен
салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Бұл процесс
бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы
басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды. Шектен тыс пайдалану
қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 ж.
тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды.
Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интро-
дукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке
қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға,
аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.Түрлердің
алуантүрлілігінің кемуінің әсіресеекі салдары ерекше назар аударуды
қажет етеді.
Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе
басқа да байланыстар мен тығыз байланысты,
бірнеше түрдің тіршілік
әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, қандай да бір түрдің толық жоюдың қажеті жоқ.
Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта
қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей
500-100 дара, ұсақ омыртқалылыр үшін шамамен 10 мың дара,
омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше
мың дара. Адам қызметінің нәтижесінде ағзалардың жойылуына
кейбір мысалдар келтірейік. Ішкісу қоймаларының ластануы,
134
тұздылығының, қышқылдылығының артуы нәтижесінде көптеген
жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашы-
лығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан
айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10-12 есе
кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау
мен браконерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың
улану, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре
тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып
отыр. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық
алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи
белдеулердің де жойылу факторлері белгілі.
Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекелеген
экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелер-
ден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық
жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.
Достарыңызбен бөлісу: