Ядро қабықшасы. Ядро мен цитоплазманың арасындағы зат
алмасу қызметін атқарып, оларды екіге айырып тұратын қабатты ядро
қабықшасы дейді. Қабықшаның әрбіреуінің қалыңдығы 6-8 нм-ден
болатын екі қабаттан тұрады. Ядро қабықшасы жеке атомдардың
иондарынан рибосомалардың бөліктеріне дейін өтң алатын (диаметрі
30-300нм) тесікшелерден тұрады. Олар қабықшаның 5%-ін алып
жатады. Ядро заттары цитоплазмадағы бірқатар ферменттердің бел-
сенділігін арттырады. Ядро цитоплазмаға жасушада ақуызды синтез-
деуге қажет барлық нуклеин қышқылдарымен кейбір коферменттерді
бөліп шығарады. Ядро (оның құрамындағы ДНҚ) жасушада синтез-
делетін заттардың құрылысы мен ерекшеліктерін анықтайды. Ол
цитоплазма хромосоманың редупликациялануына (екі еселенуіне),
ядроның өсуіне керекті заттарды ядроға жеткізіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |