Вирустардың табиғаты ерекшелігі. Оларда әр тірі жануар
дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру
ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар
дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде
болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин
қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді,
қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі
вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратының дәлелдейді.
Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактерио-
фагтың - бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын
ғалымы бактериолог Ф. Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).
Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ
бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды.
Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны
60
құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар
дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен
байланысты екені анықталды.