Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет78/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Клондау дегеніміз - жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинант- 
ты  ДНҚ  молекуласын  анықтау  әдісі.  Клондау  жыныссыз  өсіп  даму 
арқылы бір ортақ тараған ағзалар және ұрпақтар.1985 жылы Мюллис 
клондаудың  полимеразалық  реакция  әдісін  ұсынды.  Сөйтіп  қажет 


71 
 
ДНҚ ферменттерін синтездеуге және олардың көшірмелерін бірнеше 
есе көбейтуге жол ашты. 
Жібек тоқушыны клондау. Жануарларды клондауда орыс ғалым-
дарының  орны  бөлек.  Осыдан  100  жыл  бұрын  Мәскеу  университе-
тінің  зоологы  А.А.  Тихомиров  алғаш  болып  жібек  тоқушының 
жұмыртқасын  әртүрлі  химиялық  және  физикалық  тітіркендіруден, 
кейін ұрықтанусыз өсіп көбейетінің ашты. 
Тышқандарды  клондау  сәтсіздігі.  Маккинелл  өзінің  бір  жұмы-
сында  тышқанды  клондау  үшін  әдістер  бар,  бірақ  оларды  неге  осы 
уақытқа  дейін  клондаған  жоқ  деген  сұрақты  қойды.  Бірақ 
Маккинеллдің  болжауы  іске  аспады.  Тышқандарды  клондау  методи-
калық өте қиын болды. Өйткені сүтқоректілердің жұмыртқа жасуша-
сының  көлемі  1000  есе  аз  болды.  Жануарлар  мен  өсімдіктердің 
қауіпті  инфекциялары  қоздырғыштарының  генетикалық  картасын 
жасау. 
90  -  жылдардың  соңында  практикада  қолданбалы  вирусология, 
сондай-ақ  іргелі  аспектілерінде  жаңа  әдістемелік  тұрғыны  клондау 
кеңінен  дамыды.  Олардың  арасында  молекулярлық-генетикалық 
әдістер-рестрикциалық талдау, нуклеин қышқылдарын молекулярлық 
будандастыру,  молекулярлық  клондау  және  полимеразды  тізбекті 
реакция жетекші орын алды.    
Өсімдіктер  клондау  негізі  вегетативті  көбеюге  жатады.  Өсімдік-
терді  бұтамен,  бүйректен  немесе  өзектен  клондау  бұдан  4  мың  жыл 
бұрын  жылдан  белгілі.  ХХ  ғасырдың  70  жылдарынан  бері 
өсімдіктерді  топтап  және  жетілмеген  торшаларды  клондау  кеңінен 
қолданылды.  Вегетативті  көбею  және  клондау  кезінде  гендер 
жыныстық  көбею  кездегідей  ағымдарға  бөлінбей  толық  құрамында 
көптеген  ұрпаққа  дейін  сақталады.  Бірегей  клон  топтарына  жататың 
организмдер бірдей ген құрамы менұқсастығын сақтайды. 
Клондаған  жануарлардың  бақытсыздықтары.  Клондаған  жануар-
лардыңденсаулықтарының  жағдайы  қазірдің  өзінде  маңызды 
қорқыныш тудырады.Мысалы: Долли қозысы 6 жыл қиналып қойдын 
тек жарты өмірін сүрді. Оның Австралиялық егізі Матильда туылып, 
2  жылдан  кейін  қайтыс  болды,  өзінің  авторына  бір  қара  қойды 
клондауына кедергі болды.  
Мейоз  -  жасушаның  күрделі  бөлінуі,  оның  нәтижесінде  бір 
диплоидты  аналық  жасушадан  төрт  гаплоидтық  жыныс  жасушалары 
пайда  болады.  Мейоз  -  жасушаның  ДНҚ  еселенуінсіз  (қысқа  интер-


72 
 
фаза) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін -редукциялық, екіншісін - 
эквациялық бөліну деп атайды. Мейоздың әрбір бөлімі митоз сияқты 
төрт  фазадан  (профаза,  метафаза,  анафаза,  телофаза)  тұрады. 
Мейоздың негізгі қорытындылары – гаплоидты жасушалардың пайда 
болуы,  тұқым  қуалаушылық  материалдарының  рекомбинациялануы, 
оның бірінші бөлінуінде жүзеге асады. Профаза 1- бес сатыға жіктеле 
(лептотена, зиготена, пахитена, диплотена, диакинез). 
Лептотена  сатысында  диплоидты  хромосомалар  ширатыла 
бастайды, нашар тығыздалған жіпке ұқсайды. 
Зиготена  гомолгтік  хромосомалар  әрі  қарай  ширатылып  бір-
біріне  жақындап,  қосылып  жұптар  құрайды  (коньюгацияланады). 
Хромосома  жұптарының  саны  гаплоидтық  хромосома  санына,  яғни 
адамдарда 23 тең болады. 
 
Пахитена  сатысында  гомолгтік  хромосомалар  толық  қосылып 
төрт  хроматидада  тұратың  биваленттер  түзеді  (конъюгация). 
Коньюгация  және  айқасу  -  өте  маңызды  үдерістер,  оларсыз,  жалпы 
алғанда  жыныстық  жасушалар  түзілмейді.  Табиғатта  әр  түрлердің 
басқа-басқа будандар түзу жағдайлары болады. Мысалы, хайуанаттар 
бағында арыстан мен жолбарыс буданы немесе енесі - бие, атасы есек 
-  мәстек  қашыр  кездеседі.  Мұндай  түр  аралық  будандар  көбінесе 
ұрпақ  бермейді.  Өйткені  есек  пен  биенің  хромосомалары  сәйкес 
келмейді.  Демек  олар  түйірлерін  алмастыра  алмайды.    Конъюгация
бұл гомологиялық хромосомалардың жақындасып, ширатылу үдерісі. 
Коньюгация уақыты кезінде көптеген хромосомалар арасында айқасу 
(кроссинговер)  жүреді.  Бұл  сатыда  хроматидалар  әрі  қарай 
ширатылыпбір-бірімен айқасады. Осы сатыда айқасқан хромосомалар 
өзара  генетикалық  материалдармен  алмасады;  оны  кроссинговер 
процесі  деп  атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет