Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет81/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Партеногенез.  Табиғатта  кенінен  таралған  жынысты  көбеюдің 
ерекше  түр  өзгерісі  кездеседі,  оны  партеногенез  деп  атайды. 
Партеногенез  (грекше.  “партенес"-  кыз,  “генезис”-  туу).  Оның  мәні 
ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық ағзаның дамуы. Бұл 
әрекет  табиғатта  өсімдіктер  мен  жануарлардың  көптеген  түрлерінде 
кездеседі. Мысалы, дафния және бітеде (кектем, жаз, күздің басында) 
ұрықтанбаған  жұмыртқа  жасушаларыңда  партеногенетикалық  ана-
лықтар  дамиды.  Ұрықтанған  жұмыртқалар  қыстап  шығып,  көктемде 
партеногенез  жолымен  көбейе  алатын  аналықтар  қайтадан  дамиды. 
Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада
өсімдіктерде - “бақбақта”, т. б. кездеседі. 


75 
 
Баларада партеногенез басқаша жүреді, ұрықтанбаған жұмыртқа-
лардан тек аталықтар (трутендер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар 
(аналык, ара) мен жетілмеген аналықтар ( жумысшы аралар) дамиды. 
Жоғары  және  төменгі  температурамем  әсер  ету  арқылы  жасанды 
жолмен  ұрықтанбаған  жасушалардан  жаңа  ағзалар  дамитыңы 
дәлелденді,  бірақ  өте  сирек  кездеседі.  Мысалы,  бақаның  ұрық-
танбаған жұмыртқасың 6°С  температурада қыздыра отырып, инемен 
шұқығанда,  сол  жұмыртқа  жасушадан  аналық  касиеттері  бар  ересек 
бақа дамыған. 
 
Атақты  орыс  генетигі  Б.  Л.  Астауров  жасанды  партеногенездік 
жолмен көбею кабілеті бар жібек құртын алды. Жоғары температура-
мен әсер еткенде жібек құртының аналығында мейоз әрекеті жүрмей, 
диплоидты  хромосома  жиынтығы  бар  жұмыртқа  жасушасы  пайда 
болған. Осы жасушадан жұмыртқалары ірі болып келетін (полиплои-
дия)  аналықтар  партеногенез  жолымен  дамыған.  Мұңдай  әдістерді 
пайдаланып  партеногенездік  жолмен  жібек  құртының  аналықтарын 
алудың қазіргі кезде жібек өңдіруде маңызы зор болып отыр. 
Көбею - тірі ағзалардың өзінен кейін өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру 
қабілеті,  көбею  тірі  ағзаларға  тән  қасиеттердің  бірі  және  осы 
процесстің  арқасында  жер  бетінде  тіршілік  үздіксіз  жалғасып 
отырады.  Табиғатта  көбеюдің  екі  түрі  кездеседі  –  жыныссыз  және 
жыныстық.  Жыныстық  көбеюдің  айырмашылығы  негізінде  жыныс-
тық  процесс  яғни  бір  түрге  жататын  даралардың  тұқым  қуалау 
ақпаратының  алмасуы  жатады.  Жыныстық  көбеюдің  маңызы 
ұрпақтан-ұрпаққа  генетикалық  ақпараттың  әрдайым  өзгере  беріліп 
отыруы  және  даралардың  бір-біріне  ұқсамайды.  Гендер  мен 
хромосомалардың  қосылуынан  ұрпақта  жаңа  белгілер  пайда 
болуынан,  бір  түрге  жататын  даралар  ішінде  шексіз  алуан  түрлі 
белгілер туындайды. Жыныссыз көбею жыныстық көбеюге қарағанда 
қарапайым және ол эволюция құбылысында алғаш пайда болған. Ал 
жыныстық  көбею  -  күрделі  процесс,  себебі  болашақ  ұрпақтың 
генетикалық  материалы  екі  ата-ананың  тұқым  қуалаушылық 
ақпараттарының қосылуы нәтижесінде қалыптасады. 
 
 
 
 
 


76 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет