Мейоздың биологиялық маңызы:
- мейоздың және ұрықтанудың нәтижесінде биологиялық
түрлердің хромосома санының тұрақтылығы сақталынады;
- мейоз нәтижесінде гаметаларда хромосомалардың еркін
комбинациялану ықтималдығы күшейе түседі, себебі әрбір гомологті
хромосомалардың (әкесінен және шешесінен алынған) екі гаметаға
ажырау ықтималдығы 1/2 тең, ал барлық хромосома саның алатын
болсақ олардың гаметаларда еркін комбинациялану ыктималдығы 2 п
дәрежесіне, яғни адамдарда 223 дәрежесіне тең. Былайша айтқанда,
бір гаметаға тек қана әкесінен алынған хромосомалар, ал екіншісіне
шешесінен алынған хромосомалардың топтасу мүмкіншілігі өте аз
мөлшерде болады (1/2)22 =1/4 194304 яғни 1/4000000-на тен; мейоз
процесінде кроссинговер салдарынан хромосомаларда генетикалық
материалдар (гендер) рекомбинациаланады, тұқым қуалаушылық
материалдың ұрпақтар жалғасында комбинативтік өзгергіштік
байқалады.Жыныстық көбеюдің негізгі мәні ұрықтану екені белгілі,
бірақ кейде жаңа ағза ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан да
дамуы мүмкін. Бұл құбылысты партеногенездеп атайды. Бұл жолмен
пайда болған ағзалар гаплоидты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |