73
Диплотена сатысында гомологтық хромосомалардың ширатылуы
сәл-сәл жазылып, олар бір-бірінен ажырай бастайды, дегенмен, олар
әлі де
болса, бір-бірімен хиазмдер арқылы байланысып тұрады.
Диакинез сатысында хромосомалар одан әрі ажырайды,өте тығыз
ширатылады, ядро қабықшасы ериді, ядрошық жойылады, бөліну
ұршығы пайда болады.
Овогенез процесінің алғашқы бөлінуінің профазасында 4 және 5
сатылар аралығында ерекше саты - диктиотенасатысы болады. Бұл
саты эмбриогенезде басталып қыздар 11-13 жасқа, яғни жыныстық
жетілген жасқа, келгенге дейін созылады. Бұл кезде хромосомалар
ерекше морфологиялық формаға айналып әрі қарай бөлінуін уақытша
тоқтатады.Ал жыныстық жетілу кезінде гипофиздің лютеиндеуші
гормонының әсерінен ай сайын бір овоцит өзінің бөлінуін әрі қарай
жалғастырады.
Біріншіден, мейоз профазада 1 - коньюгацияланады. Бұл құбы-
лысты түсіну үшін гомологиялық хромосомалардың не екенің еске
түсіру қажет. Гомологиялык хромосомалар дегеніміз - бұл жұптасқан
хромосомалар, олардың біреуі аталықтан, екіншісі аналықтан
жеткізіледі. Гомологиялық хромосомалардың мөлшері, пішіні және
гендер құрамы бірдей. Яғни егер бірінші хромосомадағы аталықтың
бірінші гені тері түсіне жауапты болса, онда аналықтың бірінші
хромосомасындағы бірінші ген де тері түсіне жауапты болады.
Сонымен бірге аталықтың гені терінің қоңырқай түсін анықтайтын
меланин нәруызын кодпен жаза алады, ал аналықта терінің ашық
түсін анықтайтын меланин болады. Біздің әрқайсымызда барлық
гендердің жұбы бар (әйелдерде жоқ Ү хромосомасындағы гендерді
қоспағанда). Ағзадағы дәл қай ген «жұмыс істейді», қайсысы
«тынығады», оны ғалым-генетиктер айқындайды. Ал біз бұл мәселені
келесі тақырыпта талдайтың боламыз. Әзірше біздің барлығымызда
23 жұп хромосомалар болатының түсінуіміз керек. Сонымен
аталықтың бірінші хромосомасы аналықтың бірінші хромосомасына
сәйкес келеді. Метофаза І-де биваленттер бөлінуші жасушаның
экваторына топтасады. Анафаза І-де биваленттер екі хромосомаларға
ажырасып,
олардың
әрқайсысы
қарама-қарсы
полюске
тартылады.Телофаза І-де пайда болған ядролардағы хромосома-
лардың саны екі есе азаяды, жасуша цитокинез нәтижесінде екіге
бөлінеді. Қысқа интерфазадан кейін бірден мейоздың екінші бөлінуі-
эквациялық бөліну басталады. Интеркинез кезінде екінші бөлінуге
74
қажет ақуыздар және энергия қоры жиналады, бірақ ДНҚ
еселенбейді. Екінші бөліну метафаза ІІ-ден басталады. Бұл фаза да
митоздағыдай әрбір хромосома екі хроматидаға ажырайды. Анафаза
ІІ де ажырасқан хроматидалар жасуша полюсіне қарай тартылады.
Телофаза ІІ-де хроматидалар деспиралданады, ядро қабығы және
ядрошық түзіледі, цитокинезден соң хроматидалар жиынтығы
гаплоидты 4 жасуша пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: