Вирустардың құрылымы. Вирустар – клеткасыз организмдер.
Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған
белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе
кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы
көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде
ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының»
ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз
молекуласынан тұратын қуыс түтік. Топтары:
I: dsDNA вирустары;
II: ssDNA вирустары;
III: dsRNA вирустары;
IV: (+)ssRNA вирустары;
V: (−)ssRNA вирустары;
VI: ssRNA-RT вирустары;
VII: dsDNA-RT вирустары, Ротавирус кездеседі.
Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте
күрделі процесс. Вирустардың репродукциялану (лат.reproduce - өзіне
ұқсасты өндіру ) циклы келесі сатыдан тұрады: жасушаға жабысу
жасушаға ену шешіну вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның
репликациялануы вирустық геномның транскрипциялануы вирустық
ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы вирустық бөлшектердің
(вириондардың) бастырылуы вирустың жасушадан шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |