Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет73/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

5.4  Прокариоттар 
 
Бактериялар  мен  көк-жасыл  балдырлар.  Бактериялар  мен 
эукариоттар пішіндерінің арасындағы күрделі өзгерістер электрондық 
микроскоппен зерттеудің нәтижесінде әр түрлі пішіңді болатындығы 


64 
 
айқындалды. Олардын: шар, таяқша және оралма тәрізді үш түрі жиі 
кездеседі. 
Химиялық  құрылысы  алуан  түрлі  болғандықтан,  олар  әр  түрлі 
ортада дами алады. Көптеген бактериялар қорегін өздері синтездейді, 
ал  қалғаидары  басқа  ағзалардан  алады.  Қорегін  басқа  ағзалардан 
алатын бактериялар, тірі ағзалардың денесінде тіршілік етеді немесе 
өлексемен қоректенеді. Кейбір бактерияларға оттегі қажет, басқалары 
оттегісіз ортада өмір сүреді, ал үшінші түрі екі жағдайда да, өмір сүре 
алады. 
Бактериялар  мен  көк-жасыл  балдырларда,  жасуша  ядросының 
орнында  дөңгеленген  түйіршік  тәрізді  нуклеаралық  аймақ 
(нуклеотид) болады. Escherichfa coli (E.coli) бактериясындағы нуклео-
тидтың  диаметрі  200  нм.  Оның  өз  қабықшасы  цитоплазма  және 
плазмалық  қабықшамен  тікелей  байланысқан.  Онда  гистон  және 
басқа хромосомалық ақуыз жоқ, сақина сияқты оралған ДНҚ-ның кос 
тізбегі болады. (Е coll-цеп жалпы ұзындығы1,2 мм). 
Жасушадағы  ядросы  қалыптаспаған  ағзаларды  прокариоттар 
(грекше.  "про"-дейін,  яғни  ядроға  дейін,  ядросыз)  деп  атайды. 
Эукариоттар сияқты, прокариоттардағы ДНҚ қатарласып орналасқан 
гендерден тұрады және екі еселене (редупликация) алады. 
Прокариоттардағы  ДНҚ-ның  редупликациясы  үздіксіз  жүреді 
және олар екіге бөліну арқылы көбейеді. 
 
  Прокариот  жасушаларында  тірі  ағзаларға  тән  барлық  құбылыс-
тар  бар,  бірақ  кейбір  бактерияларда  эукариоттардағы  митохондрия, 
эңдоплазмалық  тор,  хлоропласт,  лизосома  және  Гольджи  мүшесі 
сияқты  қабықшасы  бар  органоидтар  болмайды.  Прокариот  жасуша-
ларыңдағы  рибосомалардың  эукариоттармен  салыстырғаңда  молеку-
ласы  кішірек  болады.  Бактериялар  80°C  ыссы  бұлақтардан  бастап 
қарлы  аймақтарға  дейін  кең  тараған.  Кейбір  бактериялардың  адам 
өмірі үшін маңызы зор. Мәселен, микробиология өнеркәсібінде арзан 
және  әр  түрлі  шикізаттардан  бағалы  өнімдер  aлy  үшін  бактериялар 
пайдаланылады. Мысалы, бактериялар этил және бутил спирті, сірке 
қышқылы, ацетон сияқты маңызды химиялық қосылыстарға қатысып, 
май,  сүтсірне,  айран,  ашыған  орамжапырақ  және  басқа  өнімдерді  де 
өндіруге  қатысады.  Ал,  микробиологиялық  өнімдерде  арзан  және 
оңай табылатын шикізаттарды алу әдістері, бактерия жасушаларында 
ферменттер  мен  антибиотиктер  сияқты  биологиялық  белсеңді 
заттардың көп болуымен түсіндіріледі. 


65 
 
 
Көптеген  ферменттер,  жемшөптік  ақуыздар,  дәрі-дәрмектік 
өнімдер  өндіретін  биотехнологиялық  әдістер  бактериялардың  және 
көк-жасыл балдырлардын тіршілік әрекетіне байланысты. Көк-жасыл 
балдырларда  бактериялар  сияқты  ядросы  болмайды  да,  ал  ДНҚ-сы 
жасуша  цитоплазмасының  дәл  ортасында  орналасады.Оларда 
хлоропластар  болмайды,  фотосинтез  әрекеті  хлорофилдері  бар 
жарғақшаларда жүреді. Көк-жасыл балдырлар құрамыңда хлорофилл 
бар өте ертедегі ағзаларға жатады. Олар бұдан 3 млрд жылдан астам 
уакыт  бұрын  жер  қыртысы  қабаттарында  тіршілік  еткен.  Көк-жасыл 
балдырлар органикалық қалдықтармен ластанған ортада тез көбейеді, 
сондықтан  оларды  судың  ластану  дәрежесін  анықтайтын  индикатор 
ретінде  пайдалануға  болады.  Сонымен  қатар  көптеген  ауру 
тудыратын  бактериялар  іш  сүзегі  (дизентерия)  және  т.б.  ауруларды 
қоздырып,адам денсаулығына үлкен зиян келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет