63
вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола
алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының
бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық
вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа
вирустың бөлiмдерi түзiледi. Осы топтың барлық түрi сияқты қызыл-
ша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды.
Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты
бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка
өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.
Тұмау вирусының көптеген түрлерi бар. Вирустар бiрте-бiрте
өзгерiп жаңа қасиеттерге ие болады, сондықтан ғалымдар вирустың
жаңа түрлерiн анықтауда. Микроскоптың көмегiмен тұмау
вирустарын зерттеп, ғалымдар адамдарды аурудан сақтайтын арнайы
препараттарды шығаруда. Бұл препараттар вакцина деп аталады.
Адам организмiнде мұрны мен тамағының сiлекейлi қабықшасын
зақымдайтын суық тигiзетiн вирустар бар. Ең қауiптi вирус, бұл
қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД
немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы
тұру қабiлетiнен айырылады. Қазiргi уақытта СПИД вирусы адам-
затқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушы-
лардың саны күннен – күнге өсуде.Вирустар – бұл көлемi шамамен 20
нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер;
орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда
айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру
мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының
жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап
қалатын сүзгiштен өтiп кетедi.Ал вирустар - тіршіліктің жасушасыз
ерекше пішіні. Қорыта келгенде, жасуша теориясы “жасушаның”
барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін, жануарлар мен
өсімдіктер жасушаларының өзара үқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл
үқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айкындай
түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан
түсіндіруге, ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға
негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: