Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет76/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Постсинтездік  (G
2
)  кезеңде  жасуша  бөлінуге  дайындалады.Ол 
үшін жасушада көмірсулар, майлар, ақуыздар синтезделініп олардың 
қоры  көбейе  түседі,  Органеллалар  саны  да  көбейеді,  себебі  келесі 
кезеңде - митозда, олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет. 
Митоз  жасушаның дұрыс бөлінуі.  Митоз дене жасушаларында 
байқалады. Митоз процессінде  ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, 
жаңадан  пайда  болған  жасушаларға  тұқым  қуалаушылық  материалы 
тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздыңбиологиялық маңызы 
болып саналады. Митоздың негізгі себептері: 
-  ядро  
-  цитоплазмалық  ара  қатынасының  өзгеруі  (1/6-1/8  ден  1/69-1/89 
ге дейін); 
-  «митогенетикалық  сәулелер»  -  бөлінуші  жасушалар  көршілес 
жатқан жасушалардың митоздық жолмен бөлінуіне әсер етеді
-  «жарақат  гормондарының»  әсері  -  жарақаттанған  жасушалар 
жарақаттан  баған  жасушалардың  бөлінуіне  ықпал  ететін  ерекше 
заттар бөліп шығарады. 
Бір тұтас митоз құбылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза; метафаза; 
анафаза; телофаза. 
Профазада  ядро  көлемі  ұлғайып,  хроматин  жіпшелері  тығыз 
ширатылып,  жуандап,  қысқарып  митоздық  хромосомаларға  айнала-
ды.  Профазаның  аяғында  бөлінуші  жасушаның  екіполюсіне  центро-
соманың  центриольдары  ажырап,  арасында  ахроматин  жіпшелері 
пайда болады. 
Метафазада  хромосомалар  өздерінің  ценромералары  арқылы 
ахроматин  жіпшелеріне  бекініп  бөлінуші  жасушаның  экваторына 


68 
 
реттеліп  орналасады.  Бұл  кезеңде  әрбір  хромосома  хроматида-
ларының  теламерлік  бөліктері  ажырап,  тек  центромерасы  арқылы 
байланысып  тұрады.  Осы  кезеңде  хромосомалардың  пішіні  анық 
көрінеді.  Соңдықтан,  кариотипті  анықтау  және  хромосомаларды 
жіктеу осы метафазада (метафазалық пластинкада) жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет