67
митоздық цикл дегеніміз жасушаның митоздық жолмен екі бөлінуі
арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы. Ол 2 кезеңге
бөлінеді: 1) Митозды бөлінуге дайындық кезеңі – интерфаза. Ол 3
кезеңнен түрады - пресинтездік (G1), синтездік(S), постсинтездік
(G2). 2) митоз (М).
Пресинтездік (G1) кезенде жаңадан пайда болған жас жасуша
өсіп аналық жасушаның мөлшеріне дейін жетеді. Ол үшін жасушада
құрылыс материалдары - көмірсулар, майлар, ақуыздар көптеп
синтезделуі қажет. Тұқым қуалаушылық материалы бұл кезеңде2п 2с
күйінде болады.
Синтездік (S) кезенде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым
куалаушылық материалы 2п 4с күйінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: