67
байланысып отырған. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор
беделге ие болды. Мұрағат мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси
мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді».
Айғанымның жаңашылдыққа, өркениетті өмірге ұмтылысын мына бір
қадамы да айқындап тұрған жоқ па: ол 1827 жылы баласы Шыңғысты Сібірдің
шептік казактарының әскери училищесіне оқуға береді.
Шыңғыс орыс тілін
жақсы білетін алғашқы қазақтардың бірі болды. Әскери училищені бітірген
Шыңғыс 23 жасында сол кезде жаңа құрылған Аманқарағай округіне аға сұлтан
болып тағайындалады, оған майор, кейін полковник шені беріледі. Міне,
осындай әулетте дүние есігін ашқан Шоқанның шоқтығы ес білгеннен еңселі
болды. Шоқанға қатысты жарияланымдарда оның алғыр, зейінді, зерделі
болғаны алдымен ауызға ілігеді. «Ұшқыннан жалын лаулайды» демекші,
Шоқан бойындағы
тектіліктің ұшқыны алаулап, оның жарқырай көрінуіне
даңғыл жол ашты. Дара дарын иесі аз ғана ғұмырында жанқиярлықпен
жанталаса қызмет етіп, өзінің ғана емес, халқының мерейін асырды, әлемдік
ғылымда, өркениетте
өзіндік із қалдырды
«Болар бала бесігінде бұлқынар»
Шоқанның білмекке талпыныс жасап, рухани жағынан өсуіне әжесі
Айғаным үлкен әсер етті. Бұл турасында тағы да Әлкей Марғұланның сөзіне
жүгінелік:
«Айғаным - Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы
болды». «Болар бала бесігінде бұлқынар» демекші, немересі кішкене кезінен-ақ
ертегі, өлең-жырлар тыңдауға құмартты. Әйгілі хан тұқымының үйіне жан-
жақтан ат басын бұрып, ағылып келіп жататын беделді кісілердің әңгімелеріне,
қисса-дастандарына құлақ түрді. Бес жасында хат танып, жеті жасынан бастап
әкесі Шыңғысқа жыр-дастандарды хатқа түсіруге жәрдемдескен. Кейін
мектепке барды. Шоқантанушы Жарылқап Бейсенбайұлы, Зардыхан
Қинаятұлының
айтуынша, Шоқан Күнтиместе әкесі Шыңғыс ашқан мектепте
12 жасына дейін оқып, қазақы білім, тәрбие алады. Араб, шағатай, парсы
тілдерін осы ауыл мектебінде үйренеді. Осындай ортадағы тәлім-тәрбие және
оқып-үйренуге деген өзіндік ерек құлшыныс бала бойындағы феномендік
қасиеттің дамып, жетіле түсуіне игі әсер етті. Бір
ауыз орыс тілін білмейтін
Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түскеннен кейін, көп ұзамай-ақ өзінің
алғырлығының, ізденімпаздығының арқасында үздік оқушылардың біріне,
білім алушылардың көшбасшысына айналады. Табиғатынан дарыған озық
ақыл-ой Шоқанның мерейін асырды. Талаптыға нұр жауды. Талаптың
тұлпарын мініп, биікке, алысқа жігерленген жеткіншектің болашағына
ұстаздары да үлкен үмітпен қарап, оны болашақ ғалым,
оқымысты деп
болжаған.
«Чокану было только 14-15 лет, когда преподаватели корпуса на
Достарыңызбен бөлісу: