Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата22.09.2023
өлшемі1.18 Mb.
#478266
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Сборник Чокан Валиханов

него смотрели как на будущего исследователя и, может быть, ученого», - деп 
жазыпты досы Г.Н.Потанин естелігінде.
Осы орайда бүгінде жиі айтылатын өз бетінше білім жетілдіру, өзін-өзі 
дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру сынды қабілеттердің жетістіктерге жетелерін 
бала Шоқан ерте түсінгенін аңғарамыз. «Бәсекеге қабілеттілік» деген ұғым 
Шоқан заманында қалыптаспаса да, оның бойында тап осы қасиеттің болғанын, 
Шоқан өнегесінің қазіргі заман талаптарымен үндестігін, асыл мұрасының 


68 
өміршеңдігін ұғынамыз. Ол қай мәселеде болсын, өзінің озық ақыл-ойы, дара 
дарыны, тегеурінді табандылығы арқасында жетістіктерге жетті. Ал бүгінде 
кәсіби қызметтегі кез келген мәселені өз бетінше шеше білу тек педагогке ғана 
емес, өзге де сала мамандарына қойылатын басты талаптардың бірі, жоғары 
кәсіпқойлықтың көрсеткіші. Олай болса, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу 
мәселесі көкейкесті саналатын қазіргі заманда осынау қабілет-қасиетімен 
ерекшеленген ұлы тұлға тағылымын неге кеңінен насихаттап, өнеге етпеске?! 
Қай оқу орнының білім алушысы болсын, қай саланың маманы болсын, 
баршасы үшін табысты болудың басты кілті – өмір бойы оқып-үйренуде. 
Бүгінде аксиомаға айналған бұл тұжырым алғы шептен көрінгісі келетін әрбір 
азаматтың өмірлік қағидасына айналуы тиіс. Осынау заманауи қағиданы ХІХ 
ғасырда өмір сүрген Шоқанның берік ұстанғаны - таңғаларлық жайт. 
Ендеше, еліміздің Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің 
назарына салайық, Шоқан тағылымын өскелең ұрпақ бойына сіңіру бойынша 
«Шоқан және қазіргі ғылым», «Шоқан оқулары», «Қазақ көгіндегі жарық 
жұлдыз», «Шоқан сабақтары» сынды тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырып, 
өткізу міндеттеліп, дәстүрге айналар болса, сонымен қатар мектеп 
кітапханаларында ұлы ғалымға арналған бұрыш жасақталып, білім 
алушылармен жүйелі жұмыс жүргізу қолға алынса, осының бәрі Ш.Уәлиханов 
әлеміне қызығушылык туғызып, Ұлы Дала Елінің дара дарынын тани түсуге, 
өнеге етуге ықпал етері сөзсіз.
Тілдерді білуге құмарлығы 
Шоқанның дарындылығын танытқан келесі бір қыры - оның тілдерді 
меңгеру қабілетінің ерекшелігі. Жоғарыда айтып өттік, ол ауыл мектебінде оқи 
жүріп, араб, парсы, шағатай тілдерін үйреніп алды. Шоқанның тілдерді білуге 
құмарлығы оның әлем өркениетін танып-білуге құштарлығынан туындаған еді. 
Омбыда орыс тілін үйренді, неміс тілін ауызша да, жазбаша да түсінетін, екінші 
класта француз тілін сөздіксіз оқи алатын дәрежеге жетті. Уақыт өте келе бұл 
тілдерді жақсы меңгеріп алды. П.П.Семенов Тянь-Шанский Шоқанның тілдерді 
үйренудегі аса қабілеттілігін, неміс, француз тілдерін жақсы меңгергендігін 
жазады. Өзге тілді білгендіктің жемісі: неміс ғалымы, жаратылыс зерттеуші 
Александр Гумбольдтың «Орталық Азия» деген кітабымен шәкірт Шоқан 
Омбы кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ француз тілінде танысып, 
туындыны түпнұсқадан оқудың артықшылығын сезінді. «Шоқан Уәлихановтың 
құпиясы» кітабының авторы Болат Қыстаубаев та Шоқан француз тілін өте 
жақсы білгенін айтады.
Әсіресе, орыс тілін жетік меңгеруі болашақ ғалымның көп нәрсеге көзін 
ашты. Бұл турасында қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның «Шоқан 
заман бағыты мен талабын тез қабылдады, озық ойды бірден іліп әкетті. 
Орыс тілін еркін меңгеріп, білімнің шыңына ұмтылды» деп жазғаны тілге 
оралады[ 4,9.].
Тілдерді меңгеруге ықыласты болуымен қатар, кадет корпусы 
қабырғасында ол ағылшын, француз, неміс әдебиетінің үздік туындыларын оқи 
бастайды. Бұған қатысты досы Г.Н.Потанин: «Ағылшын әдебиеті жөнінде, 
көбіне аудармалар бойынша әрине, Шоқаннан құлақтанатынбыз. Ол Англия 


69 
және ағылшын өмірі туралы оқуды жақсы көретін» деп жазады
Шоқантанушы Көшім Есмағамбетов «Жарық жұлдыз» мақаласында («Егемен 
Қазақстан» газеті, 10.11.2010) америкалық ғалым Томас Виннердің жазбасынан 
мынадай 
бір 
үзік 
келтіреді: 
«Шоқанды 
Диккенстің, 
ағылшын 
саяхатшыларының еңбектері баурап алды. Ағылшын әдебиетіне құмартқаны 
соншалық, ол ағылшын тілін үйренуге кірісті. Ағылшын әдебиетіне 
қызығушылығын 
Уәлихановтың 
шамандық 
туралы 
этнографиялық 
еңбектерінен байқауға болады [5,5.]. Міне, кітап оқуға деген құмарлық жас 
талаптың білімін кеңейтіп, оның жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына игі 
әсерін тигізді. Бұл тұрғыдағы Шоқан өнегесін оқу-тәрбие процесіне кіріктіруді 
назарға алып, міндеттер болсақ, нақты тағылым талай ұрпақ санасында 
қатталып, көшбасшылықтың дәнегіндей рухани пәрмен берері анық. 
Оқулықтардағы пайдасы шамалы, тез арада ұмыт болып, санадан өшетін кейбір 
материалдардың орнына Шоқандай қайталанбас, бірегей тұлғаға қатысты, 
өміршең өнегесімен өрендерімізді жарқын өмір сүруге, елге қызмет етуге 
жігерлендіретін мәліметтер берілер болса, ұтылмайтынымыз анық. Бұл, бір 
жағынан, Ұлы Дала Елінің дара тұлғаларын тереңірек тануға, екіншіден, 
оларды мақтан тұтып, тағылымынан нәр алуға ықпал етері сөзсіз.
Аса талантты тұлға есейген шағында да қажеттілігіне қарай өзге де 
тілдерді оқып, зерделеп отырған. Ол құрастырған «Қытай, моңғол және түрік 
сөздерінің сөздігі» осыны аңғартса керек. Тіл меңгеруге бейім жанға татар, 
өзбек, қырғыз, ұйғыр және басқа да туыстас тілдерде түсінісу де, жаза білу де 
қиынға соқпаған. Дерек көздеріне сүйенсек, Ш.Уәлихановтың еңбектерінде 
хакас, чулым, якут тілдері жөнінде де мәліметтер ұшырасады. Ш.Уәлиханов 
тілдерді өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін үйреніп отырған. Бұл 
турасында атақты ғалым-географ, академик Әлия Бейсенова былай деп жазады
«Ш.Уәлихановтың бірқатар тілдерді жетік білгені баршаға мәлім. Мұның өзі 
оған көне ескерткіштер мен деректерді түпнұсқалары бойынша зерттеуге 
мүмкіндік берді» [6,5.]. Осылайша бірнеше тілді білудің артықшылығын Шоқан 
өз өнегесімен дәлелдеп кетті. Ал мұндай қасиеттің зор маңызын, әсіресе қазіргі 
жаһандану заманында ешкім де жоққа шығара алмас. Ұлы тұлғаның тілдерді 
меңгеру өнегесі, әсіресе, бүгінгі заман талабы - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін 
қатар меңгеру қажеттілігі - айқындалған кезеңде өзекті болмақ.  
Тобықтай түйін 
Табиғи талант иесі, Ұлы Дала елінің дара дарыны Шоқан Шыңғысұлы 
Уәлихановтың мерейтойына орай, ұлы тұлғаға деген құрметімнің белгісі 
ретінде осынау мақаланы арнай отырып, оның сан қырлы қызметінде жарқырай 
көрінуіне арқау болған кейбір ерекше қырларын ғана тақырыпқа арқау еттім. 
Оның заманалармен үндесе берерлік өзге де таңғажайып қырлары адам баласын 
таңғалдырмай, тамсандырмай қоймайды. Олай болса, ардақты оқырман, ұлы 
тұлғаны тани түсуге, тағылымынан нәр алуға ұмтылайық, өзгелерге өнеге етуге 
талпынайық. Себебі Шоқан адамзат баласы үшін өміршең құндылықтарды 
қастерлеп, әспеттеді. Ол құдды бір қазір ортамызда жүргендей, білім-ғылыммен 
қаруланып, көшбасшы болуға үндейтіндей әсер қалдырады. Шоқан өнегесі – 
барша адамзат баласына ортақ асыл құндылық. «Шоқан Уәлихановтың 


70 
еңбектері туралы қазірден бастап халыққа кеңінен ақпараттар беруіміз керек. 
Біз оны жастарға үлгі-өнеге ретінде, тәрбие үшін пайдалануымыз керек» [7,28.] 
демекші, Шоқандай ерекше құбылыс саналған тұлғаны таныта түсу ортақ 
міндетіміз болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет