Қостанай облысының 2014-2018 жылдарға арналғАН



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі355.5 Kb.
#22650
1   2   3

Бюджеттік саясат барлық алынған міндеттемелерді, бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді, сондай-ақ облыс тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды толық және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталатын болады.

Осылайша орта мерзімді перспективада бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталатын болады және шығыстарды жоспарлау барысында негізгі басымдық облыс азаматтарының әл-ауқаты, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдау, денсаулықтары және білімдері, сондай-ақ экономиканың дағдарыстан кейін сапалы көтерілуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Шығыстардың болжамдық көлеміне мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді атқаруға және мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сонымен қатар трансферттерді төлеуге және жергілікті атқарушы органның басқа міндеттемелеріне байланысты тұрақты сипаттағы шығыстар қосылды.

Есеп 7%-дық тұтыну бағаларының индексіне ұлғайтып (жалақы мен әлеуметтік аударымдардан тыс) 1 мамырдағы жағдай бойынша базадан жүзеге асырылды.

Облыстық және аудандар мен қалалар бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің болжамдық көлемдері 2,3,4-қосымшаларда көрсетілген

2014-2016 жылдарға арналған Қостанай облысы

облыстық бюджетінің бюджеттік параметрлері


мың теңге


ББӘ

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

БОЛЖАМДЫҚ ШЫҒЫСТАР КӨЛЕМІ

62607537

64482315

66385748

БАЗАЛЫҚ ШЫҒЫСТАР

53992461

56163348

57864768

Тұрақты сипаттағы шығыстар

52715902

54868789

57752209

оның ішінде










110

Облыс мәслихатының аппараты

46334


47676

49109

120

Облыс әкімінің аппараты

633893

655534

689413

282

Облыстың тексеру комиссиясы

150337

155330

159603

251

Облыстың жер қатынастары басқармасы

44102

45703

46881

252

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы

6221861

6439751

6353927

253

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

8826612

9590107

10475334

254

Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

766764

782404

798604

255

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы

15956311

15786717

17729659

256

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

2103713

2425735

2361339

257

Облыстың қаржы басқармасы

372933

277123

286278

258

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

648450

848102

482126

259

Облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасы

241833

247472

253293

260

Облыстың туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

2696484

2807293

2949898

261

Облыстың білім басқармасы

8282342

8478220

8741164

262

Облыстың мәдениет басқармасы

1189113

1417512

1221287

263

Облыстың ішкі саясат басқармасы

341099

355215

377505

264

Облыстың тілдерді дамыту басқармасы

65052

67056

68986

266

Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

86719

89548

92575

268

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

3344787

3563479

3812887

269

Облыстың дін істері басқармасы

22335

23801

24627

271

Облыстың құрылыс басқармасы

45751

47304

48538

272

Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

34335

35290

36312

276

Облыстың балалар құқықтарын қорғау басқармасы

22 201


20 188


21 848


279

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

456238

543500

545111

283

Облыстың жастар саясаты басқармасы

85351

90244

95480


287

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы

30 952


28 485


30 425


  Даму бюджетінің шығыстары

8615076

8318967

8520980

  Қарызды өтеу

1276559

1294559

112559


7.3 Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

(оның ішінде бюджеттік инвестициялар)
Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларында берілген тапсырмаларда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады (2-қосымша).

Орта мерзімдік перспективада бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары:

1. Әлеуметтік саланы жаңашаландыру. Осы бағыттың шеңберінде Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасының, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының және Қазақстан Республикасындағы 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылады.

Білім саласында жаңа мектептерді салу есебінен мектепке дейінгі ұйым желілерін кеңейту, апаттық және үш ауысымдық мектептерді жою жөніндегі жұмыс жалғасады.

Денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлік амбулаторияларды салу есебінен амбулаториялық-емханалық желіні кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда, Қостанай қаласында 300 келушіге арналған облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы басталады.

2. Тұрғындардың тіршілік жағдайларын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, тұрғын үй құрылысын жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту.

Осы бағыттың шеңберінде бірінші кезектегі тәртіппен 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жобалар іске асырылады.

Сондай-ақ, «Қол жетімді үй 2020» бағдарламасының шеңберінде қол жетімді жалдамалы тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

3. Көлік инфрақұрылымың дамыту. Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының шеңберінде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының көлік-пайдалану көрсеткіштерін дамыту және жақсарту жалғасуда.

4. Облыстың моноқалаларын дамыту. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі міндеттері моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, моноқалалардың тұрғындарын жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.



5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру немесе ұлғайту.

Осы бағыттың шеңберінде 2014 жылы «Тобыл» ӘКК» АҚ, «Қостанай ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» МКК және «Қостанайюжэлетросервис» МКК жарғылық капиталын ұлғайтуға шығындыр жүзеге асырылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет