Бұл жұмыс тұрақты бақылауда тұр және 2014 жылдың ортасына таман аяқталуға тиіс.
Жалпы алғанда 2013-2015 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басымдықтары болып табылады:
бидай алқаптарын оңтайландыру және жемдік, майлы және жемшөптік дақылдар алқаптарын ұлғайту есебінен ауылшардақылдары егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру;
ауылшарқұрылымдарында көкөніс өнімі мен картоп өндірісі көлемдерін ұлғайту;
жаңа технологияларды енгізу есебінен шығымдылығын көтеруді қамтамасыз ету;
ауылшармалының бас санын, өнімділігін арттыру және Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа өндірістерді іске қосу есебінен мал шаруашылығы өнімдері (ет, сүт, жұмыртқа) өндірісін ұлғайту.
Шағын және орта бизнес.
Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі міндеттеріне кәсіпкерлік секторын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету кіреді.
Елімізде рынокты тауарлар мен қызметтерге толықтыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды, ШОБ субъектілерінен салықтардың тұрақты түсімдерін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті орнықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
1999 жылмен салыстыру нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың саны 1,9 есе өсті (1999 ж. – 20 мың бірлік, 2013 жылғы 1 қаңтарға текті – 39 мың бірліктен астам). Оларда жұмыс істеушілердің саны 3 есе артты (1999 ж. – 45,3 мың адам, 2013 жылғы 1 қаңтарға текті – 138,8 мың адам).
Шағын және орта бизнесте жұмыс істеушілердің экономикалық белсенді халықтан үлес салмағы 25,6%-ға жетті.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттерінің сомалары да ұлғайды. Егер 2000 жылы аталған көрсеткіш 2,5 млрд. теңгені құраса, ал 2012 жылдың қорытындылары бойынша ол 14 еседен де астам ұлғайды және 36,7 млрд. теңгені құрады.
2012 жылы ауылдық жерлердің аумақтарында жұмыс істейтін шағын кредиттік ұйымдары 599,2 млн. теңге сомасына 2464 жобаны кредиттеді.
Бүгінде мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы инфрақұрылымдық, қаржылық, ақпараттық және құқықтық жағдайлар жасау, олар мен мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды қамтамасыз ету жөнінен нақты қадамдар жасауда.
Бұған республикада әзірленген мемлекеттік бағдарламалар мысал болып табылады, бірінші кезекте бұл «Бизнестің жол картасы-2020».
2010 жылдан бастап осы Бағдарлама бойынша облыста жалпы сомасы 27,6 млрд. теңгелік 157 жоба мақұлданды, соның ішінде 2012 жылы – 126 жоба, олар бойынша кредиттер сомасы 15,5 млрд. теңгені құрады.
Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2010 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңде 2,3 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2012 жылы 882,9 млн. теңге.
2010-2012 жылдары облыс орталығындағы өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан 4 көшені қайта жаңғырту орындалды (Рабочая к-сі, Складская к-сі, Узкоколейная к-сі, дизель зауытына кіреберіс жолдарын қайта жаңғырту).
2012 жылы аталған бағыт бойынша 6 мұндай жоба мақұлданды: (Лисаков қаласының өнеркәсіптік аймағын электрмен жабдықтауға арналған трансформаторлы қосалқы стансасымен ВЛ-10 екі тізбекті желісінің құрылысы (іске асырылуы 2013 жылға жоспарланған), Қостанай қаласындағы Лермонтов – Дружба көшелері шекарасындағы Бородин көшесін қайта жаңғырту, Қостанай қ. Узкоколейная көшесінен бастап Солнечная көшесі – Федоров трассасына жол айырығының «Лудэ-Каз» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-не кіреберісі шекарасында Авиационная көшесін қайта жаңғырту, «Рудный цемент зауыты» ЖШС-не өндірістік инфрақұрылымын тарту, 2011 жылдан ауыспалы 1 жоба – Қостанай қ. айналма жол айырығы – Промышленная көшесі шекарасында дизель зауытына кіреберіс жолды қайта жаңғырту).
Ағымдағы жылы біздің шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс істеушілердің санын және салық аударымдарының жалпы сомасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен салық аударымдары үлесін ұлғайту жөнінен оңды нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет.
Мұның сыртында, кәсіпкерлік сектордың кең ауқымын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде шағын кредиттеуге барынша тарту қажет.
Сыртқы экономикалық қызмет.
Қостанай облысы – орнықты экспорттық-импорттық әлеуеті бар тұрақты дамып келе жатқан өңір.
15 жыл ішінде сыртқыэкономикалық қызмет көлемдері бес еседен астам ұлғайды. Мәселен, 1997 жылы ол 800 млн. АҚШ долларын құраса, ал өткен жылы - 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады (2012 жылғы қаңтар-қарашада). Бұл ретте, экспорт 6 есе (470 млн. АҚШ долларынан 3 млрд. АҚШ долларына дейін), импорт 4 есе (338 млн. АҚШ долларынан 1,2 млрд. АҚШ долларына дейін) өсті.
Агроөнеркәсіп кешенінде, өңдеу саласында жүргізілген жұмыс шикізаттық емес бағыттағы тауарлар экспорты көлемдерінің ұлғаюына оңды әсер етті. Мәселен, астық жеткізілімі 2,9 есе, ұн 50%-ға өсті.
Бүгінде 90-ға жуық мемлекет облыстың сауда-экономикалық серіктестері болып табылады (ТМД, Еуропалық және Кеден одақтары, Азия, Америка елдері және басқалары).
Облыстың жалпы сыртқы суда айналымының үшінші бөлігі немесе 1,5 млрд. АҚШ доллары Кеден одағы елдеріне тиесілі (ағымдағы жылғы қаңтар-қараша, соның ішінде экспорт 928 млн. АҚШ доллары, импорт – 560 млн. АҚШ доллары).
Республика өңірлерінің арасында Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша біздің облыс 6-шы орында тұр.
Өңір импортында бастысы жоғары қайта бөлісу болып келетін (көлік құралдары, құрал-жабдықтар, медикаменттер, тамақ өнімдері), негізгі үлесі республикада өндірілмейтін дайын өнім басым түседі.
Импортты ұлғайту негізгі қорлардың қарқынды жаңартылуын куәландырады, бірақ сол уақытта ойлануға да себеп болады.
Біздің кәсіпорындарымызға шетелдік өндірушісі бар нақтылы бәсекелестікке дайын болу үшін өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінен шаралар қоданулары қажет.
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құру қостанайлық кәсіпкерлерге өз тауарларын қандай да бір кедергілерсіз экспорттауға мүмкіндік берді, номенклатураны кеңету үшін мүмкіндік пайда болды.
Және біз оларды толық шамасында пайдалануымыз қажет.
Мемлекет басшысы Кеден одағы, Орталық Азия елдерімен, Қытаймен және Еуропалық Одақпен серіктестікті дамыту жөнінен алға міндеттер қойды.
Оларды шешу үшін облыста қажетті әлеует бар.
Сыртқыэкономикалық қызмет таяудағы болашақта халықаралық сауданы дамытуға, отандық өнімдерді шетелдік рыноктарға жылжытуға және облыс экономикасына инвестициялар тартуға бағытталатын болады.
Кеден одағы елдерімен, Ресейдік шекаралас облыстарымен және республика өңірлерімен өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен кәсіпкерлердің, аулшартауарөндірушілерінің және облыс делегациясының Омбы облысына, Беларусь Республикасына, Башқұртстанға, Татарстанға және Қазақстанның өңірлеріне жұмыс сапары жоспарлануда.
Инвестиция құю.
Инвестициялар тарту ұлттық экономикалық өсімді және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын айқындайтын, сондай-ақ оның әлемдік өндірістік үдерістерге кірігуіне ықпал жасайтын неғұрлым маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Соңғы 15 жылда негізгі капиталға инвестициялар 30 еседен астам ұлғайды және 2012 жылдың қорытындылары бойынша 161,4 млрд. теңгені құрады (1997 жылы - 5,1 млрд. теңге).
Өткен жылғы өсім қарқыны 7%-дан астам құрады (республика бойынша 11-ші орын, ел бойынша жалпы алғанда өсім қарқыны – 8,9%) бұл ретте біздің облыстың үлесі небарлығы 3%-ды құрайды.
Егер ішкі облыстық көрсеткіштерді алатын болсақ, онда өңірлер арасында инвестициялар көлемі бойынша неғұрлым жоғары өсімді Федоров (өсім қарқыны 81%), Науырзым (48,5%-ға) аудандары және Арқалық қаласы (77,1%-ға) көрсетті.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің азаюы Қарабалық (35,3%-ға), Амангелді (33,2%-ға), Қарасу (3,3%-ға) аудандарында, Лисаков (10,7%-ға) және Қостанай (6,7%-ға) қалаларында орын алды.
Облыста инвестициялардың өсуіне Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобаларды іске асыру елеулі әсер етеді.
Мәселен, Бағдарламаны іске асырудың басынан 2010 жылдан бастап жобалардың іске асырылуына 62,2 млрд. теңге сомасында немесе 14 % инвестициялар салынды.
Барлық перспективалық мемлекеттік активтерді іскер айналымға тартуға 2007 жылы құрылған «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жәрдем көрсетеді.
Ол Қостанай облысының аумағында жалпы құны 310,8 млрд. теңге 47 инвестициялық жобаны іске асыруда (жер қойнауын пайдалану саласындағы 7 жоба іске асырылу сатысында және 10 жоба жер қойнауын пайдалану құқығын алу сатысында, АӨК саласында – 17 жоба, өнеркәсіпте – 10 жоба, қаржылық қызметтерді ұсыну саласында – 1, тұрғын үй құрылысы саласында - 2).
Олардың ішінде ең ірілері «Қостанай қаласында машина құрастыру өндірісін ұйымдастыру» («СарыарқаАвтоПром» ЖШС) және Федоров ауданындағы «Майлы дақылдарды қайта өңдеу жөніндегі зауыт құрылысы» («Жаркөл-007» ЖШС) болып табылады.
Соңғы жылдардың ішінде өнеркәсіпке және экономиканың аграрлық саласына елеулі қаржы қаражаттары салынды, бірақ аталған салалар қосымша инвестицияларды қажет етеді.
Сондықтан, өткен жылы инвестициялық қызметті жандандыру үшін «Тобыл» ӘКК базасында «Инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығы» құрылды.
Перспективада негізгі міндет тұрақты түрде инвесторларды іздестіру және тарту, сондай-ақ экономиканың дамуына перспективалық бағыттарды әзірлеу, басым салаларда бірқатар жоғары тиімді инвестициялық жобаларды қалыптастыру, олардың тікелей қатысуы және іске асырылуын бақылау, сол арқылы 2013 жылдың қорытындылары бойынша облысқа тартылған инвестициялар көлемінің 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 10 пайыздық өсуіне қол жеткізу болып табылады.
Бюджет.
Инвестициялардың өсуі экономиканың дамуына және соның нәтижесінде салық салынатын базаның ұлғаюына тікелей әсер етеді.
1997 жылмен салыстырғанда облыстың мемлекеттік бюджетіне түсетін түсімдер 8,8 есеге өсті және 2012 жылы 116,7 млрд. теңгені құрады.
Облыс бюджетінің шығыстары 12,7 есеге өсті.
Бұл ретте, егер 1997 жылы әлеуметтік саланың шығыстары 75,2 % құраса, ал енді 2012 жылы әлеуметтік салаға бөлінетін қаражаттың үлес салмағы 55 % құрады. Бұл өңірдің дамуына бағытталатын бюджет үлесінің ұлғаюымен негізделеді. 15 жылдың ішінде дамуға бюджеттен 159 млрд. теңгеден астам бөлінді.
Мәселен, 1999 жылы құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу шығыстары небарлығы 81 млн. теңгені құрады, жыл сайынғы көбеюдің нәтижесінде 2012 жылы даму мақсаттарына 24 млрд. теңге және күрделі жөндеулерге 7 млрд. теңге бөлінді, ал бұл ондаған есеге көп (1999 жылға қарағанда 382,7 есе көп және 2000 жылға қарағанда 51,4 есе көп).
Сонымен бірге, 1997 жылы 3,4 млрд. теңгені құрайтын кредиторлық берекшектің болуы ерекше алаңдаушылықты туғызғанын атап өту қажет. Берешектің жалпы сомасындағы неғұрлым көп үлес салмағын еңбекақы құрады - 815 млн. теңге. Өткен 15 жылдың ішінде кредиторлық берешек 59 млн. теңгеге дейін төмендеді, бұл жерде оның негізгі бөлігін ағымдағы берешек құрады.
Еңбекке ақы төлеу.
Орташа айлық еңбекақы (2012 жылғы қаңтар-қарашада) 75 185 теңгені (республика бойынша 99 280 теңге) құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 14,1 % (республика бойынша 13,8 %) өсті.
Ең жоғары еңбекақы Рудный қаласында қалыптасты (92 023 теңге) және Таран ауданында (82 584 теңге), ең төменгісі – Денисов (55 882 теңге) және Қарабалық (56 688 теңге) аудандарында.
Еңбекақы төлемінің көтерілуі экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша байқалады.
Мәселен, тау-кен өндірісі өнеркәсібінің жұмыс істеушілерінің (111 954 теңге), қаржы және сақтандыру қызметі қызметкерлерінің (110 538 теңге), ақпарат және байланыс қызметкерлерінің (100 382 теңге) еңбекақысы неғұрлым жоғары.
Инфляция.
Инфляция қаражаттарға, ақша мен экономикалық жүйеге және азаматтардың әл-ауқатына теріс әсер ететін қауіпті процесстердің бірі.
Қостанай облысы, бүкіл ел сияқты инфляциялық процестердің барынша бұралаң жолынан өтті.
Мәселен, 1997 жылы инфляция 11,5 % құрады.
Өткен жылдың қорытындыларымен салыстырғанда көрсеткіш дамыған елдер инфляциясы диапазонында – 5 %-ға дейін төмендеді (4-7 %) және орташа республикалық деңгейінің 1 пайыздық тармағына төмен (республика бойынша 2-орын).
Бұл ретте, неғұрлым үлкен өсім ақылы қызметтерде байқалды – 6,1 %. Азық-түлік тауарлары бағалары 5,3 % өсті, азық-түлік емес тауарларға – 5,9 %.
Азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және өсуін болдырмау мақсатында 258 азық-түлік ауылшаржәрмеңкесі өткізілді, азық-түлік бидайын жеткізуге «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен меморандум және ауылшаруашылық ұйымдарымен 444 меморандум жасасылды, азық-түлік тауарлардың тұрақтандыру қоры, 44 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – облыстың қалалары мен селоларының тіршілігін қамтамасыз етудегі маңызды құрамы.
Энергожүйелерін және инженерлік инфрақұрылымды дамыту экономикалық даму мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайтын маңызды құралы болып табылады.
Облыстың электро энергиясын тұтынуы 5 жылдың ішінде едуәір өсті, ол өңір экономикасы дамуының жарқын көрінісі болып табылады.
2012 жылы ол 12,1 % өсіп, 5,8 млрд. кВтс. жетті. Электро энергияны тұтынудың өсуі облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары өндірісіне, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық тұтыну көлемдерінің артуына байланысты.
Облыстың электростанциялары 1 млрд. 9 млн. кВтс. электро энергиясын өндірді, ол 2007 жылмен салыстырғанда 16,2 % көп. Электрэнергиясы өндірісінің өсуі 2010 жылы Рудный ЖЭО-да қуаты 63 МВт энергоблоктың енгізілуімен байланысты.
Облыс бұрынғыша энергияға тапшы болып табылады. Электрэнергияның жетіспеушілігі арақашықтығы 1200 км. Екібастұз энергия торабы электростанциясынан жеткізілетін жеткізілім есебінен жабылады.
Энергия қуаттылығының тапшылығы бар мәселені шешу үшін облыс орталығы Қостанай қаласында құны 1,1 млрд. теңге тұратын «Западная» қосалқы станцияның құрылысы басталды.
Облыстың тағбиғи газды тұтынуы соңғы 5 жыл ішінде 7,2 % өсіп, 929,1 млн. куб. м. жетті.
Соңғы 5 жылда облыстың газ шығару қарқыны едәуір өсті. Осы кезең ішінде желі 366,2 км. немесе 16,1 % өсіп, 2281,1 км. құрады.
Осы мақсаттарға 6,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Мәселен, Қамысты және Денисов аудандары орталықтарына магистралдық газ құбырлары өткізілді. Елді мекендерді газ тарату желілерімен қамтамасыз етуі өсті.
Ағымдағы жылы Қостанай, Рудный Жітіқара қалаларында, Қарабалық және Денисов аудандарында облыстың елді мекендерін газбен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы жалғастырылатын болады. Құны 4,1 млрд. теңге тұратын жалпы ұзындығы 68,4 км. «Рудный қаласы-Қашар кенті-Федоров селосы магистралдық газ құбырының құрылысы» жобасының іске асырылуы басталды.
Ауылдық тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады.
Соңғы бес жылдың ішінде 700 км-ден астам су құбыры желілері қайта жаңғыртылып, салынды, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 13 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде, елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етуі 22,8 %-дан 25,4 %-ға дейін өсті.
Өкінішке қарай, барлық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы мәселені шешу үшін әлі көп нәрсе істеу керек.
Мәселен, ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйелерінің қайта жаңғыртылуы мен құрылысына 4 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылған, бұрын шет жерлерден, құдықтардан және ұңғымалардан әкелінген сумен пайдаланылған 6 ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға енгізілетін болады. Бұл ретте, елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етуі 25,4 %-дан 26,3 %-ға дейін өседі.
2014-2015 жылдары сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы және қайта жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыруға 9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылып жатыр.
Инфрақұрылымның дамуы алдыға шығатын қарқындармен жүруі тиіс, өйткені ол экономиканың басқа секторларының дамуына жағдай жасайды және адамдардың қалыпты өмір сүруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылы бізге уақтылы және жоғары сапамен барлық деңгейлердегі бюджеттерден қаржыландырылатын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөнінде барлық инвестициялық жобаларды іске асыру қажет.
Ерекше көңіл бөлуді талап ететін проблемалардың бірі әжептәуір қиын жағдайдағы коммуналдық сала объектілерінің жай-күйі болып табылады. Бұл жабдықтардың және инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты болып отыр. Тек ағымдағы жылу беру маусымында Қостанай мен Рудный қалаларында жылумен қамтамасыз ету объектілерінде екі ірі авария болды. Коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігі мен оперативтілігі арқасында олар қысқа мерзімде және аса ауыр салдарсыз жойылды.
Ал жыл бойы су құбырлары, канализациялық және жылу беру желілерінде қаншама жеңіл-желпі ақаулар болып жатады?
Тек Қостанай қаласында ғана өткен жылдың ішінде «Қостанай-Су» МКК су құбыры желілеріндегі 4300 аварияны – тәулігіне шамамен 12 авария, канализациялық желілердегі 10 542 аварияны – тәулігіне 29 авария жойды.
«ҚЖЭК» МКК 38,2 км. магистралдық желілерде 1 км-ге 2,12 жағдайдан келетін – 22 ақауды және 192 км. ішкі орамдар желілерінде 1 км-ге 0,58 жағдайдан келетін 468 ақауды жойды. Яғни жалпы орташа авариялар саны қызмет көрсететін желілердің 1 км-не 2,12 құрайды.
Олардың барлығы да коммуналдық және авариялық қызметтердің мүмкіндігіне қарай жойылады. Бірақ бұл тұрғындарға қаншама қолайсыздықтар туғызады? Судың немесе жылудың уақытша болмауы халықтың әділетті наразылығын тудырады. Бұны облыс әкімінің блогына келіп түсетін азаматтардың өтініштерінен байқауға болады.
Бұл бүгінгі күннің болмысы, сондықтан біз олармен санасуымыз керек және коммуналдық кәсіпорындардағы ахуалдың әзірше көңілден шықпайтынын түсінуіміз қажет.
Өйткені бүгінгі таңда ескірген жабдықтың жоспарлы жөндеу жұмыстарының қажетті көлемін жүргізуге, ауыстыруға және қайта жаңғыртуға олардың қаржылық жағдайы көтермейді.
Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерге шығынсыз тарифтерді бекіту, коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу бақылауда болу керек.
Екі жыл бұрын елде түбегейлі жаңа – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылуы басталды.
Тұңғыш рет пәтер иелерінде қайтару негізінде мемлекеттік қаражат есебінен кондоминиум объектілерінің жалпыға ортақ мүлігін жөндеу мүмкіндігі пайда болды.
2011 жылы тұрғын үйлерді жөндеуге 360,6 млн. теңге бөлініп, Қостанай қаласында 12 тұрғын үй жөндеуден өтті, 2012 жылы облыстың бес қаласында 35 үй 312,5 млн. теңге сомасына жөндеуден өтті.
2013-2015 жылдарға бұл мақсатқа жыл сайынғы 1 млрд. теңгеден қаражат бөлу жоспарлануда.
Осы қаражаттың уақытылы және сапалы игерілуін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін, ең алдымен, халықпен жұмысты жандандыру, азаматтарға ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының мүмкіндіктері туралы хабарлау қажет.
Көлік инфрақұрылымы.
Экономиканың дамуына көлік инфрақұрылымының ахуалы елеулі әсер етеді.
Сондықтан соңғы 15 жылдың ішінде жүк пен жолаушылардың ішкі және транзиттік тасымалдауын қамтамасыз ететін жолдар сапасының жақсартылуына ерекше көңіл бөлінді.
Мәселен, 1998-2012 жылдар аралығында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 91,6 млрд. теңге бөлінді. Аталған кезеңде бар автомобиль жолдарының 587 км. қайта жаңғыртылды, 293 км. күрделі жөндеуден өтті, орташа жөндеу жұмыстары арқылы 1857 км. жол қалпына келтірілді.
Соңғы он екі жылда автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру 18 еседен астам өсті.
Ұзындығы 400 км. «Астана-Қостанай-Челябі» халықаралық транзиттік дәлізі қайта жаңғыртылды.
Қазіргі уақытта «Қойбағар – Қарасу - Севастополь», «Ұзынкөл - Сарыкөл», «Қарасу - Большая Чураковка», «Федеровка –Ленино - Вишневое» облыстық және аудандық маңызы бар төрт автомобиль жолын қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта осы автожолдардың 115,6 км. қайта жаңғыртылды.
Барлық халықаралық талаптарға жауап беретін көпір, 5 жол өтпесін салу арқылы ұзындығы 29 км. «Қостанай қаласын айналып өту» автожолының кең ауқымды қайта жаңғыртылуы басталды. Ағымдағы жылы құны 13 млрд. теңге тұратын жобаның аяқталуы жоспарлануда.
2013-2015 жылдары жолдарды 15 млрд. теңгеден астам сомаға қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарлануда, автожолдарды орташа жөндеуге және ұстауға 6 млрд. теңге бағытталатын болады.
Облыс аумағында жалпы ұзындығы 1408 км. республикалық маңызы бар 6 автожол өтеді, олардың 5-уі қанағаттандырғысыз жағдайда, ал кейбір жерлерде өтуге қиын жағдайда, бұл, әрине, халықтың наразылығын туғызады.
Шын мәнінде, облыстың жақын облыстық орталықтар - Ақтөбемен, Көкшетаумен және Петропавлмен қалыпты көлік қатынасы жоқ.
Ағымдағы жылы орталық атқарушы органдармен 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке мынадай қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына қаражаттарды қосу мәселесін пысықтау жоспарлануда:
Қостанай облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдар: Қостанай – Денисовка - Қарабұтақ (238 км.), Қостанай - Көкшетау (434 км.), Қостанай - Петропавл (412 км.), Есіл – Арқалық - Жезқазған (540 км.), Денисова – Жітіқара - Ресей Федерациясының шекарасы (174 км.);
облыстық маңызы бар автожолдар: «А-22 Денисовкадан бастап Қамысты ауданының шекарасына дейін» және «М-36 Екатеринбург - Алматы» автомобиль жолындағы Тобыл өзені арқылы өтетін көпір.
Сондай-ақ, республикалық бюджетті нақтылау кезінде 2013 жылы «Астана – Қостанай - Челябі автокөлік дәлізінің Қостанай қаласын айналып өтетін жолын қайта жаңғырту» жобасы бойынша - 1 млрд. теңгеден 4,2 млрд. теңгеге дейін, Қостанай – Денисовка - Қарабұтақ автожолын күрделі жөндеу бойынша 600 млн. теңгеден 3,6 млрд. теңгеге дейін, «Арқалық –Амангелді - Торғай» автожолы бойынша 800 млн. теңгеден 2 млрд. теңгеге дейін қаржыландыруды ұлғайту қажет.
Ұшулардың қауіпсіздігін, Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін және Халықаралық азаматтық авиациясы ұйымы ұсынған тәжірибені қамтамасыз ету мақсатында 2014-2015 жылдары «Қостанай» әуежайының әуевокзалын және жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.
Жолдар мен көшелер жағдайларының бір проблемасы туралы жеке айту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |