Қостанай облысының әкімі Н. М. Садуақасовтың халықтың өкілдерімен есептік кездесуіндегі «Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған негізгі міндеттері туралы»


Биылғы қарлы қыс бізге осындай жауын-шашын көлемін толық жинауға дайын еместігімізді көрсетті. Жол-пайдалану қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Алайда, біз



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі340.5 Kb.
#22180
1   2   3   4

Биылғы қарлы қыс бізге осындай жауын-шашын көлемін толық жинауға дайын еместігімізді көрсетті. Жол-пайдалану қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Алайда, біз жолдар мен көшелердің көп бөлігінің, әсіресе, қала төңірегіндегі жерлердің қарда жатқанын көріп отырмыз. Бұл бар жол ұйымдары күштерінің жетпей жатқандығын көрсетіп отыр. Олар барлық жерлерде бірдей үш-бес тәуліктік үзіліспен жауып жататын осындай мол қарды жинауға үлгірмейді.

Бізге табиғи апатқа қарсы тұра алу үшін осы жұмыста жаңа әдістер мен тәсілдерді әзірлеу, тиісті кәсіпорындарды заманауи және жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыру қажет.

Тұрғын үй құрылысы.

Азаматтардың игілігінің негізі оларда жұмыстың болуымен қатар, тұрғын үймен қамтамасыз ету де болып табылады.

Осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде 5-ші орында тұр, 1 тұрғынға шаққанда - жалпы ауданы 20,3 ш.м., орташа республикалық көрсеткіш деңгейі - 18,7 ш.м.

Бұл ретте жылдан жылға тұрғын үй құрылысына салынып жатқан инвестициялар ұлғаюда. Мәселен, 2000 жылы тұрғын ұй құрылысына 125 млн. теңге бөлініп, ал 2012 жылы оның көлемі 130 есеге жуық өсіп, 16 млрд. теңгені құрады.

Жалпы 1997 жылдан бастап облыстың тұрғын үй құрылысында 87 млрд. теңге игерілді, олардың 21 млрд. теңгеден астамы – мемлекеттік тұрғын үй бағдармаларын іске асыру кезінде игерілген бюджет қаражаты.

Алғашқы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуынан бастап (2005 жыл) барлық қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыстың 11 мыңнан астам отбасыы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

2012 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 14 % өсіммен (республика бойынша 9 % төмендеді) 16 млрд. теңгеден астам құрады.

204,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2011 жылғы деңгейге қарағанда 104 %, орташа республикалық көрсеткіш - 103,2 %.

Тұрғын үйдің аса көп көлемі Қостанай (58,2 %), Рудный (13,6 %) қалаларында және Қостанай ауданында (10,5 %) енгізілді. Олардың үлесіне облыста енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен 82,3 % келеді.



1872 пәтер мен үй, оның ішінде: кезекте тұрғандарға - 347 жалдамалы пәтер, жас отбасыларға - 32 жалдамалы пәтер және 228 кредиттік пәтер пайдалануға берілді.

Кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй салу біз үшін алдағы көп жылдар бойына өзекті болып қалмақ.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінде тұрғын үйге мұқтаж 17341 адам есепте тұр. Олардың: 9157-і (53 %) – халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінен, 8184-і (47 %) – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлер, әскери қызметшілер, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар, сондай-ақ 1997 жылға дейінгі қалыптасқан кезек.

2012 жылы 3 қалада және 8 ауданда (Арқалық, Қостанай, Рудный қалалары, Алтынсарин, Денисов, Қарасу, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары) жалпы ауданы 20,1 мың ш.м. 347 жалдамалы пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үйді кезекте тұрған 348 немесе барлығы 2 % адам алды, оның ішінде: халықтың әлеуметтік әлсіз жіктері санатынан - 146 отбасы, басқа санаттардан – 202 отбасы.

Тұрғын ұй құрылысы жинақтары желісі бойынша 2012 жылы алғашқы үш үй пайдалануға берілді, олардағы пәтерлердің жалпы саны – 228, жалпы ауданы - 19,6 мың ш.м.

Барлығы осындай 7 үйдегі 504 пәтерге салымшылар 635 өтініш берді.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы шеңберінде 2012 жылы жас отбасылар үшін кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалдамалы тұрғын үй құрылысы басталды.

Осы бағдарлама бойынша Қостанай ауданының «Нұрай» шағын ауданында жалпы ауданы 2,5 мың ш.м. алғашқы 32 пәтерлік үй пайдалануға берілді.

Сол уақытта Қостанай қаласында осы бағдарлама бойынша салынып жатқан 42 пәтерлік үйге үміткерлердің саны бар пәтерлер санынан 5 есе көп (201 арыз қабылданды). 6 үйдің құрылысы басталды, олардың 5-і - облыс орталығында.

2005 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін сатып алуға 19,6 мың өтініш келіп түсті. Осы уақыт ішінде 7,8 мың (39,5 %) учаске бөлінді, оларда халық 5,2 мың үйді пайдалануға енгізді.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне деген сұраныс өте жоғары болып отыр, әсіресе, Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында сақталуда, олардың жиынтығында 2,6 мың өтініш берілген (әр өңірде 1,3 мың өтініштен), ол өтініштердің жалпы санының 88 % құрайды.

2013 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады, тұрғын үйдің қолданысқа енгізілуін 207 мың ш.м. дейін жеткізу жоспарлануда, оның ішінде: 9 мың ш.м. - жалдамалы тұрғын үйге кезекте тұрғандар үшін; 10,5 мың ш.м. – жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй; 11,8 мың ш.м. – кредиттік тұрғын үй және тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы.

Бұлар бізден мынадай бірнеше аса маңызды міндеттерді шешуді талап етеді:


  • жыл сайын 250-300 мыңнан аса ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету мақсатында барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй құрылысы қарқындарының артуын ынталандыру қажет;

  • коммерциялық және жеке тұрғын үйді пайдалануға беру қарқындарын арттыру мақсатында инфрақұрылымы өткізілген алаңдарды дайындауға қала құрылысы құжаттамасы мен инженерлік коммуникациялрдың жұмыс жобаларын озып кететін қарқындармен әзірлеуді;

  • құрылыс материалдары мен конструкциялар өндірісінің индустриялдық-инновациялық даму жобалары үшін инвесторларды іздестіру жөніндегі ең белсенді шараларды қабылдауды.

Білім беру.

Сапалы білім қашанда кез келген мемлекеттің дамуының негізі болып табылады.

Сондықтан да Мемлекет басшысы бұл салаға әрқашанда назарын қадала аударып отырады.

Елімізде қазақстандықтардың жас буынын оқытып, тәрбиелеу үшін жоспарлы түрде лайықты жағдай туғызылып отырылады.



Екі он жылдық ішінде облыстың білім беру бюджеті 11 еседен артық өсті.

Облыста 2004 жылдан бастап жалпы сомасы 12,1 млрд. теңгеге 31 білім беру объектісі салынып, қайта жаңғыртылды (19 мектеп, 8 балабақша, 3 жатақхана,1 БЖО).

Облыста 2005 жылдан бастап Жангелдин ауданының - Ақкөл, Милысай, Қарасу, Аманкелді ауданының - Құмкешу, Есір, Қостанай ауданының - Семеновка және Заречное, Арқалық қаласының Фурманово селоларында, Затобол, Қамысты, Федоровка, Денисовка және Тарановка сияқты аудан орталықтарында, Рудный және Қостанай қалаларында жаңа мектептер пайда болды. Бұл дегеніңіз 5320 жаңа заманауи оқу орны.

Тек, 2012 жылы білім берудің 9 объектісін салу мен қайта жаңғыртуға 1,6 млрд. теңге жіберілді.

2013 жылы бұл мақсаттарға 1,2 млрд. теңге бағыттау, оның ішінде Әулиекөл селосында 600 орынға мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға соңғы 5 жылда - 9,4 млрд. теңге, соның ішінде 2012 жылы 1,2 млрд. теңге бағытталды.

2008 жылдан білім беру ұйымдарын күрделі, ағымдағы жөндеуге 23,9 млрд. теңгеден астам жіберілді.

Барлығы облыс бойынша облыс мектептерінің - 40 %; 55% - балабақша; 33 % - мектептен тыс ұйым; 13 % - колледж бен лицей; 50 % облыстық білім беру ұйымы күрделі жөнделді.

2013 жылы білім беру объектілерінің 19-н – күрделі жөндеуге 3,2 млрд. теңге жіберу жоспарланып отыр.

«Балапан» мектепке дейінгі оқытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста белгілі қарқындармен мектепке дейінгі ұйымдардың саны өсуде.

3 жылдың ішінде осы бағдарлама бойынша 43 балабақшаларының; күні бойы болатын 10 шағын-орталықтарының ашылу, жұмыс істейтін МДҰ орындарын кеңейту; шағын-орталықтарды толық күнге аудару арқасында 5782 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке МДҰ-да орналастыру жөніндегі жұмысы жүргізілуде. Екі жылдың ішінде 5 балабақша ашылды, нәтижесінде облыс бойынша жеке балабақшалардың желісі 37,5 % өсіп, 22 бірлікті құрады.

Сонымен қатар кезек 13413 баланы құрайды.

Оның жыл сайынғы өсімі бала туушылықтың ұлғаюымен, сондай-ақ қысқа мерзімді күн болатын шағын-орталықтарға баратын бірқатар балаларды МДҰ-да толық орынды алуға кезекке тұрғызғанымен байланысты.



Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен балалардың 92 %-ын қамтамасыз ететін қамтымы толық нақты бейнені көрсетпейтінін шын айтуымыз қажет. Өйткені, 486 шағын-орталықтың небары 102-сі толық, қалған 384-і – қысқа мерзімді болу күнімен жұмыс істейді. Егер оларды есепке алмасақ, ал бұл барынша дұрысырақ, онда қамтым 65,2 %-ды құрайды. Өткен жылдары осындай шағын-орталықтар балаларды МДҰ-да орындармен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі уақытша шара ретінде қаралды.

Сондықтан қысқа мерзімді күн болатын шағын-орталықтарды толық күнге ауыстыру, мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде ведомстволық принципі бойынша балабақшаларды ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Орта білім берудің негізгі проблемасы шағын жинақталған мектептердің үлкен саны болып қалады - 77,5 %.

Қазіргі уақытта мемлекет кепілдік берген нормативке әлі де 80 мектеп (ОМ – 48, НМ – 28, ТЕМ – 4) сәйкес келмейді. (Олардың ең көбі Таран ауданында – 11, Жітіқара және Қамысты аудандарында – 10-10-нан).

Селолық елді мекендердің перспективалылығын ескере отырып, білім беру ұйымдарының желісін мемлекет кепілдік беретін нормативке сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте, ата-ана жұртшылығымен, педагогикалық ұжымдарымен бейресми түсіндіру жұмысын жүргізу керек.

Сондай-ақ, оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету, оларды оқу орындарына жеткізуді ұйымдастыру, қосымша білім беруді ұйымдастыру желісін кеңейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы органдарының назарында қалады.

Бізге білім беру объектілерін тек жоспарлы негізде жөндеуді жалғастыруымыз қажет.

2012 жылы облысқа 519 жас маман келді, соның ішінде селоға – 358 (68,9%). Әлеуметтік қолдауды 484 жас маман алды.

Педагог кадрларға деген мұқтаждық төмендеп отыр. Егер 2008 жылы 117 педагогқа мұқтаж болсақ, ал 2012 жылы - 44, олардың 42-сі селолық мектептерге қажет.

Елдің индустриялдық дамуы жаңа білікті мамандардың келуін талап етеді.

Бұл міндетті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі шешу керек.

ТжКБ ұйымдары желісі соңғы 5 жылда 4 бірлікке артып, 2008 жылғы 44-тен 2012 жылы 48-ге дейін (36-мемлекеттік, 12-жеке) жетті.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар саны 2008 жылмен салыстырғанда 14,5 %ға артты (16496 адам).

Соңғы 5 жылда 951 орны бар 5 жатақхана қалпына келтірілді (соның ішінде: 3 жатақхана - Арқалық қаласынікі, Рудный қаласы мен Сарыкөл кентінде бір-бірден). Осының нәтижесінде бүгінде ТжКБ ұйымдарында 26 жатақхана жұмыс істейді және облыс бойынша жатақханамен қамтамасыз етілу 2008 жылғы 35 %-дан 2012 жылы 67 %-ға дейін өсті. Заманауи жабдықты сатып алуға 2012 жылы 217 млн. теңге бағытталды.



Біз техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын жаңғырту, оларға дуалдік білім беру жүйесін енгізу, Қамқоршылық Кеңестерді құру, кәсіпорындармен шарттар жасасу жұмысын жалғастыруымыз қажет.

Денсаулық сақтау.

«Қазақстан 2030» стратегиясының бірден бір басымдығы ретінде оның негізіне денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету қаланған болатын.

Елімізде бұл міндеттерді шешу үшін азаматтардың барлық санаттарына тегін медициналық көмек көрсетуге кепілдік беретін бюджеттік үлгі қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, іске асырылды.

Соның нәтижесінде облыста ең заманауи жабдықпен жарақтандырылған, жалпы сомасы 17,5 млрд. теңге болатын алты ірі медициналық объекті салынып, пайдалануға берілді.

Алдымыздағы үш жылда тағы 20 объекті салып, енгізу жоспарланып отыр.

10 жылда 30-дан астам ірі емдеу ұйымы күрделі жөндеуден өтті. Тек 2012 жылы ғана 8 денсаулық сақтау объектісі күрделі жөнделіп, тапсырылды.

Материалдық-техникалық базаны нығайту жалғасуда. Бұл мақсаттарға 5 жылда 5,5 млрд. теңге жіберілді.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі арқасында облыста жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған азаматтардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты.

Үш жылжымалы медицина кешені өздерінің жұмыс істеген кезеңінде медициналық қараумен 30 мыңнан астам село тұрғынын қамтыды.

Телемедицина ойдағыдай дамуда.

15 жыл ішінде Қостанай облысында денсаулық сақтау бюджеті 13 есеге өсіп, 2,1 млрд. теңгеден 27,5 млрд. теңгеге дейін өсті.

Бұл денсаулық сақтаудың бірқатар өзекті проблемаларын шешуге және азаматтарды барлық медициналық көмек түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мысалы, 1998 жылы ана өлімінің көрсеткіші 122-ні (100 000 мың тірі туғанға) құрады, 2012 жылы облыстың тарихында алғаш рет ана өлімін болдырмау мүмкіндігі болды.

15 жылда нәрестенің шетінеуі 1,5 есеге төмендеді, солай бола тұра бұл көрсеткіш жеткілікті жоғары болып отыр, ол жағдайды жақсарту үшін жаңа түбегейлі шаралар қолдануды талап етеді.

Тек 9 жыл ішінде туберкулезбен ауыру - 2 есеге, өлім 4 есеге төмендеді.

Сонда да туберкулезге қарсы қызмет ұйымдарындағы инфекциялық бақылауды жақсарту жөніндегі жұмысты, осы қызметті қайта ұйымдастыруды жалғастыру қажет.

Бүгінгі таңда өлім құрылымында бірінші орын алатын қан айналымы жүйесі ауруларынан өлуді төмендету мақсатында 2012 жылдан бастап Қостанай облыстық аурухана базасында - кардиологиялық орталық, Қостанай қалалық аурухана базасында инсульт орталығы ашылды. Соның нәтижесінде осы аурудан өлу 2011 жылмен салыстырғанда 18,2%-ға төмендеді.

Сонымен бірге берілген саладағы ахуалды жақсарту үшін бар резервті толық көлемде пайдалану қажет.

Онкологиялық аурулардан өлу облыс бойынша жалпы өлім құрылымында 3 орын алады. 2012 жылы бұл көрсеткішті азайту үшін 1,9 млрд. теңге бөлінді, ол 2011 жылға қарағанда 2 есе артық. Соның нәтижесінде берілген патологиядан өлу 6,5 %-ға төмендеді.



Жағдайды одан әрі жақсарту үшін бастапқы медициналық–санитарлық буын деңгейіндегі жұмысты қосымша онкологиялық және маммологиялық кабинеттер ашу, скринингтік қарау деңгейін өте жоғары және сапалы деңгейге көтеру арқылы күшейту қажет. Жалпы БМСК жұмысының жүйесі біздің азаматтардың денсаулығын сақтаудың негізі ретінде барлық жергілікті атқару органдарының ерекше назарында болуы тиіс.

Спорт.

Азаматтардың денсаулығы тек қана денсаулық сақтау жағдайына байланысты емес.

Адам капиталын кешенді дамыту ғана өмір ұзақтығына тікелей ықпал ете алады.

Осы міндетті шешуде дене шынықтыру мен спортты дамыту өз үлесін қосуда.



Он бес жыл ішінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға облыс тұрғындарының 26,7% қамтылды, ал Республика бойынша орташа қамтылу 24%-ды құрайды.

Бұл жаңа спорт объектілерін енгізу мен салынған спорттық құрылыстарын жаңғырту арқасында мүмкін болды.

Осы мерзім ішінде спорттық құрылыстардың саны 222 бірлікке артып 2341 объектіні құрады.

Тек 2012 жылы 28 объект пайдалануға берілді (оның ішінде 1 спорт кешені, 5 спорт залы, 5 хоккей корты, 15 спорт алаңы, 1 теннис корты мен 2 тренажерлік зал).

Бұған 185,5 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 27,5 млн.теңге бюджет қаражаты есебінен.

Он бес жыл ішінде балалар мен жасөспірімдердің 19 спорт мектебі ашылды. Спорт мектептеріне барушылардың саны үш еседен артты (1997 жылы 5329 болса 2012 жылы 16 664) бұл жалпы білім беру мектептерінің оқушылары санынан 16,9% құрайды (ҚР-12,9%).

Бұл уақыт ішінде облысымызда 532 спорт шебері мен халықаралық дәрежедегі 105 спорт шебері даярланды.

2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында Лондон қ. Қостанай облысының екі спортшысы қатысты - Дычко Иван (бокс) және Марина Масленко (жеңіл атлетика). Иван Дычко Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды.

Барлығы әлем және Азия чемпионаттарына облысымыздың 40 спортшысы қатысты.

Бізге жаппай дене шынықтыруды дамыту мен жоғары шеберлік спортын қолдау арасындағы оңтайлы теңдікті сақтау, сонымен қатар дәстүрлі, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға назар аудару қажет.

Бұл үшін спорт инфрақұрылымының қол жетімділігін қамтамасыз ету, спорт кешендерін салу мен қайта жаңғыртуды жалғастыру керек.

Әлеуметтік қорғау.

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласын реттеу бірден-бір мынадай арнайы бағдарламалар аясында жүзеге асырылды (Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008 – 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары).

Барлық қолданылған шаралар нәтижесінде облыстың халқын жұмыспен қамту деңгейі 1999 жылдан басталғандағы 84,2 %-дан 2012 жылдың қорытындысы бойынша 94,8 %-ға дейін ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 3 еседен артыққа төмендеді – 15,8 %-дан 2012 жылдың қорытындысы бойынша 5,2 %-ға дейін азайды.

Мысалы, әлемдік дағдарыс жағдайында іске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзімді стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздықтың өсуіне жол бермей ғана қоймай, оның деңгейін 2009 жылдың екінші тоқсанындағы 6,8 %-дан 2010 жылдың желтоқсанында 5,3 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізді.

Қазіргі жұмыспен қамту бағдарламасы жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыруға ықпал етудің, селода кәсіпкерлікті дамытудың, еңбек ресурстарын ұтқыр арттыруға жағдай туғызудың тиімді жүйесін құрды.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асырудың басынан бастап (2011 жылғы 1 шілдеден) кәсіптік оқытуға 2 мыңнан астам адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына - 3 мыңнан астам адам. Өз ісін ашу мен кеңейтуге шағын кредитті 110 адам алды.



Жұмыспен қамту бағдарламасын сапалы іске асыру үшін барлық мемлекеттік органдар – селолық округ әкімдерінің, қалалар және аудан әкімдерінің, облыстық әкімдік басқармаларының бір жүйеге салынған және біріккен жұмысы қажет. Басты мақсат мемлекет бөлген қаражатты жай игеріп қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кедейлікті және жұмыссыздықты азайту болуы тиіс.

Халықтың табысын арттыру кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың санын азайтуға әкеліп соқтырды.

Мәселен, 2000 жылы кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламаны іске асыру басындағы кезеңге аз қамсыздандырылған азаматтар саны 79 мың адамды құрап, бұл көрсеткіш 2012 жылы 17,6 есеге азайды.

Кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтар үлесі 2000 жылғы 7,8 %-дан 2012 жылы 0,5 %-ға дейін азайтылған.

Мысалы, атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 2002 жылғы 31474 адамнан 2012 жылы 5601 адамға дейін азайды. Жалпы бұл кезеңде АӘК 2 млрд. теңгеге жуық төленді.

Дәл сол кезеңге тұрғын үй көмегін алатын отбасылар саны 3,6 есе, яғни 50 мың отбасынан 14 мың отбасына дейін азайды. Бұл ретте ай сайынғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері отбасына 999 теңгеден 1625 теңгеге дейін ұлғайды.

Жыл сайын 1 аз қамсыздандырылғанға көрсетілетін көмек сомасы көбейіп келеді. Мәселен, барлық қаржыландыру көздерінен бір аз қамсыздандырылғанға көрсетілетін көмек сомасы 2012 жылдың қорытындылары бойынша 35 741 теңге құрады, ол 2003 жылдың көрсеткішінен 6 есе көп (5694,1 теңге).

Осы жылдары мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы көмекті нақты көрсету мүмкіндігі туды.

Ең алдымен республикамыздың кейбір облыстарында ғана осындай оңалту орталықтары бар екенін айта кету керек. Республика бойынша барлығы алты, оның ішінде 2 біздің өңірде – облыс орталығында және Жітіқарада. Бұл жылына облыстың орта есеппен 1200 мүгедегінің оңалту курсынан өтуіне мүмкіндік беріп отыр.

Бұдан басқа соңғы жылдары психоневрологиялық интернат үйлерінде 3 күндізгі болу бөлімшесі, Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалаларында психоневрологиялық патологиялары бар балаларға арналған 4 күндізгі болу бөлімшесі, үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің 26 бөлімшесі ашылды.

Мүгедектердің қоғам ішіндегі жан-жақты интеграциясына жағдай жасау үшін облысымызда Мүгедектерді оңалту бағдарламалары қабылданды.

Егер алғашқы үш жылдыққа 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада 179,9 млн. теңге бөлінсе, 2006-2008 жылдарға қаржыландыру көлемі он есеге артып, 1878,9 млн.теңгені құрады.

Бүгінде мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шараларды жыл сайынғы қаржыландыру 860 млн.теңгеге дейін өсті (немесе 2008 жылмын салыстырғанда 37%).

Мүгедектердің білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 2007 жылдан бастап мүгедек студенттерге оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмектің көрсетіліп жатқанын ерекше атап өту керек. Егер 2007 жылы бұл мақсаттарға 1,6 млн. теңге жұмсалса, 2012 жылы бұл сома он есеге артып, 16,1 млн.теңгені құрады.

Мүгедектерге жеке көмекшілерді, ымдау тілі мамандарын беру және мүгедектерді тазалық құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған аудандар мен қалалар бюджеттерінің қаржыландырылу көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 2012 жылы бес есеге артты (2006 жыл - 22,5 млн.теңге, 2012 жыл - 115,6 млн.теңге).

Мәдениет.

Экономика жағдайы қазақстандықтардың рухани өмірінің дамуына да ықпал етті.

2004 жылдан бастап мәдениет саласының бюджеті 5 есеге өсті – 734,3 млн. теңгеден 2012 жылы 3 737,6 млн. теңгеге дейін.

Осындай динамика мәдениет пен өнер мекемелерінің желісін кеңейтуге мүмкіндік берді. Осы жылдары ол 87 объектіге артты (2004 жылы 644 объектіден өткен жылы 731 объектіге дейін).

Осы кезең ішінде мәдениет объектілерінің құрылысына, жөнделуіне және материалдық-техникалық базасын нығайтуға 11 млрд. теңгеден астам, оның ішінде 2 млрд. теңгеден астамы шаруашылық субъектілерінің қаражаты бағытталды.

Тек 2012 жылы облысымызда 8 клуб, 4 кітапхана, 1 кинотеатр, 1 облыстық қуыршақтар театры ашылды.



Алдағы жылдары біз клубтар мен кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын нығайтуды, мәдениет пен өнердің дарынды өкілдерін қолдауды жалғастырамыз.

Экономиканың нығайуы мен әлеуметтік саланың дамуы қоғамдық келісімді, этникараларық және дінаралық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Осы күні Қостанай облысында саяси партиялардың 9 филиалы, 101 діни бірлестік ресми тіркелген. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық құрамында 18 облыстық және 60 қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктері бар.

Осы күні олардың көшбасшыларымен өзара іс-әрекет жасаудың нақты жүйесі қалыптасты, олар тұрақты негізде өңірдің қоғамдық-саяси өміріне араласуға қатыстырылып отырады. Олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларының қоғамдық сарапшылары, ақпараттық-насихаттау топтарының мүшелері болып табылады.

Азаматтық секторды дамутыға арналған жағдайлар соңғы 15 жылда 10 есеге артты (1997 жыл – 65 ҮЕҰ, 2012 жылы 669 ҮЕҰ).

Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 3,6 есеге артып 2013 жылы 120 млн. теңгені құрайды.

Облыстың ақпараттық кеңістігі кеңейді.

Егер 1997 жылы облысымызда 2 облыстық және 17 аудандық газет, облыстық телерадиокомпания мен «Интерстан» мемлекеттік емес телестудиясы жұмыс істесе, бүгінгі күні облыста 115 бұқаралық ақпарат құралы, оның ішінде 73 газет, 10 журнал, 32 электрондық БАҚ халыққа ақпарат таратады. Оның 95% мемлекеттік емес болып табылады.

Жастар саясатының дамуына нақты қолдау көрсетіледі.

Мысалы, 2008 жылы осы саланы қаржыландыру сомасы 50 млн. теңгені құраса, 2013 жылы 108 млн. теңгеге жетті. Барлығы соңғы 5 жылда жастар жобаларын іске асыруға шамамен 363 млн. теңге бөлінді.

2012 жылы облыста «Жастар бастамалары орталығы» ЖШС құрылғанын ерекше атап кету керек.

Бұл бастама Әулиекөл ауданында қолдауға ие болып, онда осындай қоғамдық қор құрылды. Аталмыш тәжірибе облыстың өзге де өңірлерінде қолдануы тиіс.



Қоғамдық құқықтық тәртіп.

Азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне қоғамдық қауіпсіздік жағдайы ерекше ықпал етеді.

Өкінішке орай соңғы жылдары облысымызда қылмыс саны өсіп келеді.

Мысалы 2012 жылы облыс аумағында жасалған қылмыс саны 2011 жылмын салыстырғанда 50% өсті.

Сонымен қатар тіркелген қылмыс саны ішкі істер органдарының қаржыландырылуы ұлғайған сайын артуда.

Егер 2011 жылы облыс бюджетінен осы мақсатқа 4 млрд. 54 млн. теңге бөлінсе, 2012 жылы ішкі істер органдарын қаржыландыру 5 млрд. теңгеден асты.

Тек материалдық-техникалық жабдықталуына 505 млн. теңге бөлінді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне:

облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып қылмыспен күресуді жалғастыру;

қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінен қоғамдық құрылымдарды құру тәжірибесін кеңінен тарату қажет.

Аталмыш міндетке қол жеткізу үшін атқарушы және құқық қорғау органдарына қылмыстың алдын алу мен оған қарсы тұрудың, тұтастай алғанда жалпы қылмыстық ахуалға кері ықпал ететін факторларды төмендетудің тиімді шараларын анықтау мен іске асыру бөлігінде тығыз қарым-қатынас жасау қажет.

Халықпен тұрақты және жүйелі түрде жұмыс жасау барлық мемлекеттік органдар үшін қағида болып қалыптасуы тиіс.

Азаматтарға өз іс-әрекеттеріміз туралы тек қана ашық айта, мемлекеттің әлеуметтік саясатын түсіндіре, табыстар мен кемшіліктерді жасырмай, өзін көрсетуге елде бар мүмкіндіктер туралы айтып, жұмыс жоспарларыңмен және перспективаларыңмен бөлісе отырып өңірді, жекелеген елді мекенді дамыту және адамдардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірлесіп жұмыс жасауға жұртшылықты тартуға болады.

Халық алдында барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері сегіз жыл бойы осы мақсатта қызмет етіп келеді.

Өткен жылы (913 есеп беру кездесуі барысында) оған 72 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындармен 2419 ұсыныс, тілектер мен ескертулер айтылды (2011ж. - 2587). Көтерілген мәселелердің басым бөлігіне түсіндірулер берілді, 165 ұсыныс бақылауға алынды (2011ж. - 365), оның ішінде осы уақытқа 158 орындалды немесе 96%.

Ағымдағы жылы селолық округтардың, селолардың, кенттердің әкімдері 639 есеп беру кездесулерін өткізді, оларға 35 мыңнан астам адам қатысты.

Жиындарда айтылған барлық ұсыныстар назарға алынып оларға талдау жасалады.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын оңтайландыру жұмысы жүргізілді. Село әкімдерінің 5 аппараты, облыстың үш ауданында 5 елді мекен жабылды (1 село – барлық тұрғындары көшіп кетуіне байланысты, тұрғындары 50 адамнан төмен 4 село жақын маңдағы елді мекендерге біріктірілді).

2012 жылғы 1 қаңтарға облыста 644 елді мекен болатын, ағымдағы жылдың басында олардың саны 639 құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет