Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа шеңберінде, мемлекеттік басқару деңгейлері, орталық және жергілікті атқару органдары арасындағы өкілеттіліктерді шектеуде негізгі қызмет село әкімдеріне беріледі.
Осыған байлансты селолық округтер мен селолардың одан әрі оңтайландырылуы жалғасады.
Электрондық әкімдік.
Атқару органдары жұмысының ашық және айқын болуы, мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру үшін «электрондық үкімет» жүйесі енгізіледі.
Өткен жылы электрондық форматқа 60% әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызмет көрсету түрлері және барлық лицензиялау түрі көшірілді.
Ақпараттық жүйелер арқасында электрондық түрде 43 мың қызмет көрсетілді 2011 жылмен салыстырғанда 10 есе артық (2011 ж. - 4 356 қызмет көрсетілді).
Облыс әкімдігінің ресми порталына күн сайын мыңнан астам алыс-жақын шетел пайдаланушылары қолданады.
Елбасы тапсырмаларының аясында ақпараттық технологияларды пайдалану, атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін арттыру алдағы кезең міндеттері болып табылады. Облыстың интернет-ресурстарын жан-жақты дамыту, әкімдіктердің ақпараттық жүйелерін толық режимде пайдалану, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігіне көңіл бөлу керек.
Үн қату институты азаматтармен өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықпен байланыс орнату және мемлекет басқаруды қатысуға азаматтардың өз құқықтарын іске асыру тәсілі болып табылады.
2012 жылы аудандардың, қалалардың әкімдіктерінде және облыстық басқармаларында жеке және заңды тұлғалардың 253 625 өтініштері тіркелді. Сонымен қатар облыс әкімінің блог-порталына 979 өтініш келіп түсті.
Өтініштерге бейресми қараудың қатаң талаптары, қойылған сауалдарға толық жауап қайтару қажеттілігі жоғары тұрған органдар арқылы келіп түскен өтініштер санын 17% азайтуға мүмкіндік берді, оның ішінде 33% - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен келіп түскендер. Қайталанған өтініш саны 63% төмендеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін анық, жан-жақты және уақытылы қаралуын қаматамсыз ету, бұзылған құқтарын және бостандықтарын қалпына келтіруде жедел шаралар қабылдау қажет. Жауаптарға немқұрайды қарауды жоюға ерекше назар аудару, әсіресе азаматтардың өтініштерін қанағаттандыруда заңды бас тарту жағдайларында. Өтініштердің, сыни ескертпелердің мәнін қорыту мен жүйелі талдау ғана тұрғындар үшін өзекті мәселелерді шешуге немесе туындаған өзекті мәселелердің себебін толық түсіндіруге күштерді бағыттауға көмек береді. Бұл өз алдына шағымдар санының қалайда қысқаруына әкеледі.
Азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін елімізде көп жағдай жасалып жатыр. Адамдар бұл жайында объективті ақпарат алуы тиіс.
Жоғарыда айталғандай, өткен жылы облысымызда әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді, жолдарды, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
2012 жылы облыстың өнеркәсібінде еңбек өнімділігі адам басына шаққанда 38,7 мың АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 7,4%-ға өсті ( 23 мың АҚШ долларын құрады).
Жеке алағанда пайдалануға 204,8 мың ш. м тұрғын үй немесе 2011 жылғы деңгейге 104%, 74,3 км газ құбырлары, салынды және жаңғыртылды 45,3 км су құбыры желілері өткізілді.
2012 жылы жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдарында, сондай-ақ облыс елді мекендерінің көшелерінде ұзақтығы 267 км құрайтын сомасы 16,4 млрд. теңгеге барлық түрдегі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылы 293 мәдениет объектілерінің ағымдағы және күрделі жөндеуі үшін 838,1 млн. теңге жұмсалды.
Сомасы 181,5 млн. теңгеге 28 спорт объектісі салынып жөндеуден өтті.
Федоров және Таран аудандарында екі жаңа мектеп салынды. «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі жаңадан ашылған және пайдаланыстағыларды кеңейту арқасында орын саны
2070 ұлғайды (12 балабақша, 1шағын орталық).
2012 жылғы желтоқсанда 300 орынға арналған көп салалы емдеу корпусы пайдаланысқа берілді. Бұл объектінің жалпы құны 6 млрд. 449,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде медициналық жабдық - 1,6 млрд. теңге.
Жалпы 2012 жылы бюджет шығыны облыстың 1 тұрғынына шаққанда 155 мың теңгені құрады. 1997 жылдан бұл көрсеткіш 15,5 есеге артты.
Бір сөзбен айтқанда экономика мен әлеуметтік салада даусыз жетістіктер бар.
Әрине, өзекті мәселелердің барлығы шешілген жоқ.
Алайда өткен мерзім ішінде 2030 Стратегиясын іске асыра отырып, біз алға қарай қозғалу үшін берік база құрдық.
Жақын жылдары алдымызда экономиканың барлық салаларын дамыту, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту міндеттері тұр.
Бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тиімділігін арттыру жөнінен шаралар қабылдау, еңбек өнімділігін арттыру өсімінің резервтерін табу қажет.
Біздің өңір әрі қарай индустриалдық-инновациялық дамудың, барлық салалардың тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырудың үлкен мүмкіндігіне ие.
Бұл жұмыстың барлық негізгі бағыттары «Қазақстан 2050» Стратегиясында белгіленген.
Олар шынайы және орындалатын, тиісті қаржы ресурстармен бекітілген.
Олардың іске асуы әр қайсысымызға – мемлекеттік қызметшілерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен ұжымдарына, Қостанай облысының белсенді және бей-жай қарамайтын тұрғынына байланысты.
Қоғамда іскери жағдай қалыптасуы және барлық конструктивті бастамаларды қолдау ұйымдастырылуы тиіс.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен нәтижесінің жауаптылығын тек мемлекеттік органдар ғана емес, шаруашылық субъектілері, барлық қоғам, қарапайым азаматтар бөлісуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |