«Қала тарихы сыр шертеді».
Арайлым Досыбаева, №15 орта мектеп
10 сынып оқушысы
Жетекшісі: А.Б. Аханова
Рудный қ.
Солтүстік Қазақстан орталығындағы ең ірі өндірістік аймақ-Рудный қаласы.Оның тарихы-темір рудасымен,сонымен қатар АҚ Соколов-Сарыбай кенімен,темір рудасы және ең сапалы шикі заттарды өңдеп шығарудағы Қазақстандағы ең ірі мекеменің бірі болып табылады. Барлық тағам өндірістерін және комбинат,қаланың көркеюіне үлестерін қосқан қала азаматтары. Сол азаматтардың арқасында қаламыз гүлденіп,ең ірі мәдени ошақтары мен қоғамдық саяси орталығына айналды.
Рудный қаласына биыл 50-жыл.Ғаламат ғажап қаламыз – Рудныйдың дүниеге келуіне байланысты ғажап оқиға туралы әңгіме айта кеткенді жөн көрдім.
1949 жылдың 12 ақпанында Аят геологиялық барлау экспедициясының ұшқышы Михаил Сургутанов Таран ауданының кен іздеушілері қоныстанған Николай селосынан Қостанайға қарай кезекті рейспен ұшып шықты. Сарыбай даласының үстінен ұшып бара жатып ұшақ компасының қалыпты жағдайдан ауытқи бергеніне назар аударды.Компас тілінен бір белгісіз күш солға, Оңтүстік жаққа қарай бұрып тұрды. Араға екі-үш күн салып Сургутанов Сарыбайға қарай арнайы ұшты.Бұл жолы да әлгі оқиға қайталанып,ұшқыштың компасын жер асты магнетит рудасы тартып тұруы мүмкін деген жорамалын расқа шығарды.
Министрліктер ұшқыш хатын назардан тыс қалдырмай,Сарыбайға геологтар мен геофизиктер жолдады.Олар рсы жерде аса қуатты руда жатқанын дәлелдеп берді.
Геофизик В.П.Носиковтың жетекшілігімен жүргізілген Сарыбай сайы және оның маңайын зерттеу барысында Соколовский деп аталатын тағы да бір ірі аномалия табылды.
1954 жылы 30 маусымда КСРО Министрлер Кеңесінің бұл жерде тау –кен байыту комбинатының құрылысын бастау туралы қаулы қабылданды.Сол көктемнен бастап Сарыбай және Соколов кенорындарын барлау бойынша кең ауқымды жұмыстар басталды. Геологтар аса бір құштарлық сезіммен жұмыс істеді. Комбинат жанынан әдеттегідей шағын жұмысшы кентін салуды қарастырды.
1956 жылдың жазында Қазақ КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы жарлық қабылдады. Онда «Қостанай облысының Қостанай аудандығы ССКБК құрылысы жанындағы елді-мекен жұмысшылар кенті» қатарына жатқызылып,оған «Рудный –жұмысшылар кенті»деген ат берілсін делінген. Араға бір жыл салып, 1957 жылдың 30 тамызында Республика Жоғары Кеңесінің Президиумының шешімімен Рудный – жұмысшылар кенті қала атанды. Содан бергі жарты ғасыр уақыт ішінде Рудный өсіп,Қостанай облысының ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығына айналды. Алғашында Сарыбай кенорнының өте бай қорын дәлелдеу үшін геологтар жалпы тереңдігі-190 мың 754 скважина бұрғылады. Соколов кенорнында одан да көп -835 скважина және 200 мың метр тереңдік бұрғылады. Олардың қорытындысы таңқаларлық болды: рудадағы темір қоры 43-45; екі кенорынның жалпы қоры – шамамен 1,75 миллиард тоннаны құрады. Руда 35-тен-120 метр тереңдікте шоғырланған. Бұл ашылған жаңалық дүниені дүр сілкіндірді-мұнда табылған қор Батыс Еуропаның бүкілге жуық қара металлургияның базасы жұмыс істейтін атақты Эльзас-Лотарингия кенорнының қуатынан үш есе және АҚШ-тың барлық темір рудасы қорынан да бір жарым есе асып түсті.Бұл тек қана жаңадан барланғаны ғана. Ал СоколовСарыбай кенорнының болашағын геологотардың қандай санмен белгілегенін білесіз бе? 25 миллиард тонна!
Сургутанов айқындаған магниттік аномалияның шифрін тексерген И.А.Кочергин. Соколов рудасының шығатынына Соколов партиясының бас геологы В.К.Пятунин сияқты ешкім сенбеген болар.Бұрғыланған 4 скважинаның 1-шісінен және 3-нен ғана аздаған руда табылды. Пятунин барлығын бұрғылау қажет деп сендірді.Тек қана 11-ші скважина ғана сенімге жарамды ауыр сұрғылт қорғасын түстес кен берді.Аз уақыттан соң Челябіге осы жерден алғашқы руда жөнелтіліп,осы жерден ұлы құрылыс басталды.
Д.Д.Топорков – геологиялық барлау жұмыстарының тікелей жетекшісі болды, оның дәл осы Қостанайлық өмір кезеңі мәнді де жемісті өтті.Аят рудасын барлау жұмыстары үшін Д.Д.Топорков «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Одан соң Ленин ордені, ал 1957 жылы Соколов-Сарыбай темір рудасы кенорнының топтарын барлағаны және ашқан үшін оған Лениндік сыйлық тапсырылды. Бұл қызметке Топорковтың серіктестері: Қостанай геологиялық трестінің бас инженері С.Д.Батищев-Тарасов, Орал геологиялық басқармасының бұрынғы бастығы С.В.Гоюнов, Сарыбай геологиялық экспедициясының бас геологы И.А.Кочергин, осы экспедицияның бас инженері О.Ф.Родин,Соколов геологиялық барлау партиясының бас геологы В.К.Пятунин, аэромагнит партиясының бастығы В.П.Носиков және ұшқыш М.Г.Сургутановтар да лайық деп табылды. 1953 жылы көктемде КСРО үкіметі ССКБК жобалау бойынша тапсырманы бекітті,соғанст сәйкес барынша қысқа мерзімде жоба дайындалуы тиіс болды. Бұл үлкен жұмысты орындау Ленинград қаласындағы «Гипроруда» институтына тапсырылды.Жобаның бас инженері болып тәжірибелі маман В.Н.Высоцкий тағайындалды.Болашақ қала тағдыры комбинат салатын жерде таңдаумен бірге шешілді. Жобалаушылар аумағы 100 шаршы шақырымнан асатын көлемдегі құрылыс ауданының әрбір метріне дейін зерделеді. 1953 жылы күзде геологиялық есеп,топографиялық жоспар және жобаның тұңғыш эскиздік шешімі Ленинградқа жіберілді,онда ССКБК жобалау бойынша негізгі жұмыс басталды. Жобада өзгермей қалған дүние тек:Қостанайдан 45 шақырым ары-Соколов және Сарыбай атты екі алып карьера ғана еді. Олардың аралығында руда дайындайтын фабрикалар, электр стансасы,құрылысшылардың өнеркәсіптік базасы орналасты. Тобыл өзенінің жағасында – кеншілер қаласы: Рудный орын тепті. 1959 жылы Пионерский көшесінің бойымен қызыға да таң-тамаша болып КСРО-дағы бұрынғы АҚШ елшісі Аверел Гарриман жүріп өткен еді.Қонақтар халыққа лық толы көшемен жаңа «Құрылысшы» кафесіне (қазіргі «Ретро» мейрамханасы) түскі асқа әкелінген еді. Алғашқы қалалық комсомол конференциясы 1957 жылы 24 қазанда өтті.Осы күні есепке 3354 адам тұрғызылды.Бюро құрамына алғашқы тың игеруші,инженер-экономист Виктор Руднев, энергопоезда жұмыс істейтін Владимир Кудинов, инженер геологтар Марат Құлниязов, Сарсен Исханов, педагог Н. Дробышевская, Р.Авраменко, адымдаушы эксковатордың машинист көмекшісі В.Бурдин,мостопоездің комсомол ұйымының хатшысы М.Иванов, «Соколоврудстрой» тресі комсомол комитетінің хатшылары А.Шкурина,Д.Василькевичтер енді.
2004 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «ССКБК» АҚ 50-жылдық мерейтойымен құттықтай отырып,былай деген екен: «90-ыншы жылдардың ауыр кезеңдеріндегі мемлекеттер арасындағы байланыстар үзілген кезде комбинат толық тоқтаудың шегінде тұрған болатын және осы жағдайдан шығу жолдарын іздестіру қажет болды.Егер осы мекеме болмаса, Рудный елес қалалардың біріне айналары сөзсіз еді...»
Комбинаттың негізгі нысандары және кеншілер қаласы құрылысын іске асырушы бас мердігер арнайы құрылған «Соколовкенқұрылысы» тресі болды. Алғашқы құрылысшыларды Алексеевский,Комсомольский, Павловский кенттері қарсы алды. Барлық жұмыс қатар жүргізілді: Соколов карьерінде кен шығарылатын жердің үсті қазылып, бос топырақ аулаққа тасылды,кеншілер руда өндіре бастады,ал құрылысшылар болашақ қала мен комбинаттың құрылыс алаңдарында тынымсыз еңбек етті. Қаланың құрылысы басталған жерді құрылысшылар өздерінше нақты және іскери түрде – «Жаңа құрылыс» деп атады.
1955 жылы №14 «Огонёк» журналында жарық көрген В.М.Полыниннің мақаласы «Рудный жаңа қонысы» деп аталған.Міне,осылайша Полыниннің арқасында Кеңес одағының түкпір-түкпірінен Рудный қаласы деген мекен-жайға жазылған хаттар ағылып келе бастады. Бір жылдан соң, 1957 жылы 25 тамызда, Шахтерлер күні руда тиелген алғашқы эшелон жөнелтілді. Осынау ұзақ күттірген табысты кеншілер карьерада салтанатты митингіде атап өтті.Эшелонды шығарып салуға жаңа құрылысқа қатысушылар, жақын маңайдағы ауылдардан мыңдаған тұрғындар жиналды.Қазақстан Компартиясы облыстық кеңесінің бірінші хатшысы И.П.Храмков бастаған Қостанай облыстық және аудандық делегация да келді. Содан бергі жарты ғасыр уақыт ішінде Рудный өсіп,Қостанай облысының ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығына айналды. Рудныйда ардагерлерге ерекше назар аударылады, және бұл тек қарттарды құрметтеу дәстүрінен туындаған ілтипат қана емес! Рудныйлықтар өздерінің сүйікті қаласы кімнің қолымен тұрғызылғанын жақсы біледі,сонымен қатар ол азаматтарды құрмет тұтады. Раиса Федоровна Бруева ССКБК поликлиникасының аға медбикесі болды. Наум Григорьевич Лисин «Соколоврудстрой» тресінің бас инженерінің көмекшісі,ал 1966 жылдан бері ССКБК капиталдық құрылыс директорының көмекшісі болып қызмет атқарды. Мария Ивановна Мусиенко құрылыс бригадасының жетекшісі болды.«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Александра Ивановна Политкина әлеуметтік еңбек батыры атанған қаладағы әйел. 1958 жылдан бері еңбек жолы толығымен АҚ «ССКБК-мен» тығыз байланысты. Николай Фадеевич Сандригайло АҚ ССКБК-нің тұңғыш директоры болып қызмет атқарды. Алла Кононовна Хан қаланың және ССКБК құрылысшыларының тұңғыш терапевті. 19 жыл бойы қалалық аурухананы басқарды. Мұхамеджан Мамаджанович Турдахунов АҚ ССКБК-ның президенті,облыстық маслихаттың депутаты, «Құрмет» орденымен марапатталды.
Асатов Болатай Кәрімұлы 1942 жылы 17 тамызда Қарасу ауданында дүниеге келген.Өмірлік жолын Соколов кен-байыту комбинатында бастаған.Қарапайым жұмысшы қызметін және бригадир, шебер, прораб болып қызмет атқарған. Комсомол мекемесінде хатшы болып тағайындалған.
1979 жылы 7 тамыз бен 1988 жылдың 15 желтоқсан аралығында Рудный қалалық комитетінің Қазақстан компартиясында бірінші хатшы болды. Қостанай қаласына қоныс аударып,облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы,Қостанай облысының әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды.Қазіргі таңда Астана қаласында өндірістік министрінің орынбасары.
Дунин Александр Яковлевич 1930 жылы 22 желтоқсанда Куйбышев облысының Сызрани қаласында дүниеге келген. 10 жылдық мектепті тәмамдап, Куйбышев дәрігерлік институтын аяқтады. 1958 жылдың 1 маусымынан бастап Рудный қаласындағы поликлиникада көз дәрігері, 1962 жылдан бастап көз дәрігерінің орынбасары бөлімінде қызмет атқарды. Александр Яковлевич «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбек үшін» атты медальдарымен және басқа мадақтаулармен марапатталды.
Баженов Михаил Валерианович ССКБК –ның алғашқы президенті.1994 жылы ғылым кандидаты атағы берілді.Михаил Валерианович Рудный қаласын құрметпен айтады. Өзін Рудный қаласының өмірі өз өмірімен теңдес дейді. Рудный бұл кісі үшін өте қымбат. М.В.Баженов «Құрмет» орденімен марапатталды.Қазіргі уақытта Ресейде тұрып жатыр.
Софья Григорьевна Бурштейн 1928 жылы 1 мамырда Полтав облысында Золотоноша қаласында дүниеге келген. Қазақстан Мемлекеттік университетін үздік аяқтап, 1956 жылы Рудный қаласына комсомол жолдауымен келді.Мектеп директорының орынбасары,мектеп директоры болып жұмыс атқарады. «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбек» үшін медальдарымен марапатталды. Қазіргі уақытта Израильда тұрып жатыр.
Бірмұқанов Кәкім Бірмұқанұлы 1931 жылы 17 қарашада Қостанай облысының Урицкий ауданында дүниеге келген.1955 жылы Қазақ кен-байыту металлургия институтының инженер мамандығын тәмамдады.Институттан кейін Ленинград қаласында металдық заводта қызмет атқарады. 1959 жылы ССКБК тау кен-байыту шебері, одан кейін бөлім басқармасы болып қызмет атқарды.1965 жылдың қарашасынан Сарыбай Темір өңдеу басқарма бөлімінде 1966 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істеген. 1966-1995 жылдарда фабрика басқармасы ретінде қызмет етті. «Қажырлы еңбек үшін»медалімен, «Кенші даңқысы» белгісімен марапатталған.
Жантемиров Амангелді Мырзахметұлы 1939 жылы Қостанай облысының Қарақамыс (Пресногорьков) ауданында шаруашылық отбасында дүниеге келген. 1964 жылы Алматыдағы дәрігерлік институтын аяқтап, Рудный қаласында құлақ дәрігері қызметін атқарды. Рудный қаласындағы ең бірінші Лор дәрігері-Амангелді Мырзахметұлы. Осы кісінің арқасында 1980 жылы екі қабатты лор бөлімі салынды. 1973 жылдан бастап 17 лор дәргерін дайындаған. 1989 жылы жылдан бастап лор бөлімінің жетекшісі болды. 1984-1989 жылдар аралығында Ауғанстанда лор дәрігері ретінде қызмет атқарды.Жоғары дәрежелі дәрігер. «Құрмет белгісі»орденімен, «Ауған халқының құрмет» медалімен марапатталды.
Дүйсенбаев Қасымқайыр Қадымбайұлы 1930 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.1956 жылы металлургия институтына түсіп,инженер мамандығын аяқтады.Институтты бітірген соң ССКБК-ына жұмысқа жіберілген.Осы жерде 15 жыл еңбек етіп, шебер қызметін,диспетчер, басқарма бөлімінің орынбасары қызметін атқарды.Еңбек депутаттарының советіне қалалық депутатында сайлауға алынған. Қасымқайыр Қадымбайұлы жалпы көлемі бір том болып қалатын өлеңдерінің бірінде өзін «Мен кеншімін...»-деп мақтанышпен айтады. Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатына келгеннен-ақ өлең жаза бастаған. Оның қалыңдығы-сыныптасы Дина Көкебаева да онымен бірге кеншілер қаласына ілесе келді.Көп ұзамай комбинат құрылысына Қасымқайырдың курстас достары: Төлехан Нұғанов, Сапарбек Кенбелиев, Әлсабыр Дәрменбаев, Марат Құлниязовтар да келді.Олар осы жылдар ішінде бәріне де төзе білді.Қиындықтарды жеңе білді. Бәрін өз қолдарымен тұрғызып,кәдеге жаратты. Қасымқайыр Қадымбайұлы «Құрмет белгісі» орденімен және тағы басқа мадақтаулармен марапатталған.Қ.Дүйсенов «Еңбек сіңірген кенші» атанды.
Аскольд Павлович Шейнога еңбек жолын 1953 жылы жас маман ретінде бастады. Құрылыс өндірісінің барлық баспалдақтарынан өтті. 1969 жылдан 1985 жылға дейін «Соколоврудстрой» тресін басқарды. Аса білгір маман. Оның тікелей қатысуымен көптеген өнеркәсіптік нысандар, тұрғын үйлер,мектептер,ауруханалар, мәдениет пен спорт орталықтары,қоғамдық тамақтандыру орталықтары,сондай-ақ облыс пен республиканың ауыл шаруашылық нысандары салынды.Аскольд Павлович - Қазақ КСР-інде «Еңбек сіңірген құрылысшы» атанды.
Әлсабыр Тұрғынбайұлы Дәрменбаев 1933 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған.1956 жылы Алматыдағы Қазақ кен металлургиялық институтын бітіріп,зайыбы Розамен Рудныйға келді.Шаңырақ көтерген жас жұбайлар алғаш келгенде оларды бірезенттен тігілген абажадай солдат казармасына орналастырылды.Дәрменбаев Сарыбай карьері тарихындағы алғашқы кен шебері болды, 1957 жылы Челбі металлургтарына алғашқы кенді жолдау жұмыстарын басқарды. 1959 жылы алдыңғы қатарлы техника саналатын ЭКГ-8 атты карьердегі жұмысқа арналған 8 текшелік экскаватор игеріліп жатты. 1962 жылы кен жөнелту ісі қарқындап,күкірт кенін құрғақ магнитті айыруға арналған ұсату-байыту фабрикасының алғашқы кезеңі іске қосылған.Ұлдары әке жолын қуып,өздерінің еңбек жолдарын соның өнегесі бойынша бастады.Серік Қазақ политехникасы институтын бітірген соң,экскаватор машинасының көмекшісі болды.Ал Мәлік жарушы болды. 1994 жылы Әлсабыр жасы жетіп,зейнеткерлікке шықты.Арада бірнеше жыл өткен соң,бірлестік тізігін өз қолына оның қазіргі президенті Мұхамеджан Тұрдахұнов алған тұста,ол Дәрменбаевты өзіне кеңесші болуға шақырды.КСРО қара металлургия министрлігінің үшінші дәрежелі «Шахтер даңқы» құрмет белгілеріне ие болды.
Омар Оспанұлы Төртбаев Рудный қаласына қоныс аударған сәттен бастап,қазақтың тілін,дінін,мәдениетін жандандыруға бар күшін сарп еткен елеулі тұлға.Омар Оспанұлы осы сара жолда талай сүрінді,талай жығылды.Бірақ,қайсар жанның жолына кім тосқауыл болмақ? Қайта жігерлендіре түсті.Оның сол бір тұстағы игі істерін дос-жоралары, таныстары,күні бүгінге дейін тебіреніспен іске алып отырады.Омар атаның тікелей араласуымен 90-шы жылдардың басында №12 орта мектебінде және балабақшада тұңғыш қазақ топтарының ашылғаны белгілі."Қазағым" деп соққан асыл жүрек мұңымен шектеліп қалған жоқ.Көп ұзамай аяулы әжелерімізден құралған «Гәкку» ансамблі дүниеге келді.Омар Оспанұлының шебер ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында қазақтың тұңғыш ансамблі 10 жылға жуық сахна төрінде ән шырқады.Ансамбльдің тасы өрге домалау үшін Омар ағаның баспаған тауы,бармаған жері жоқ.
Сүрінетін де,жығылатын да дегенмен ісіне мығым жан ақыры жеңіп шығатын.Асыл жанның еңбегі зая кеткен жоқ.бүгін де қаламызда қазақ мектептерінің саны көбейіп жатыр.Мұсылмандар мешіті бар,қазақтың ән-күйін айтатын жастар да күн сайын өсіп келеді.Омар Оспанұлы Рудный қаласының ислам дінінің жандануына зор үлес қосқан жандардың елеулісі ретінде танымал. Ол кезде қала мешіті жоқ кезі. Омар ата бұл жерде де көліктің мәселесін шешіп,ислам дініне бет бұрған жандарды жұма сайын Қостанай қаласындағы Ақмешітке апарып тұрған. Оны халқы үшін жасаған өзге де жақсылықтары ұшан-теңіз. «Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді»,-деп қазақ халқы бекер айтпаған.
Хасен Арман Сәбитбекұлы 1965 жылы Қостанай облысы Торғай селосында туған. 1989 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтты бітірген. Филолог.Жангелді аудандарының мектептерінде, 1995 жылда Рудныйдың Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық колледжінде жұмыс істеді. 2002 жылдан ССКБК-ның ТВС, ТРК-ның бас редакторы болып сайланды. Өлеңдері «Қостанай таңы», «Алқа», «Магнетит» газеттерінде шығады. «Менің туған өлкем» атты Қостанай облысында Қазақстанның Халықаралық Ассамблеясы және облыстық мәдени басқармасымен жыл сайын өтетін сайысының лауреаты.
ССКБК және қала кімнен басталды,олардың аттары ешуақытта естен шығарылмақ емес.Олар: экскаваторшылар-П.Ф.Яковлев, Д.И.Кожин, Н.Н.Рыжков; техника жөніндегі инженерлер – И.А.Устинов, В.Я.Клингольд, Н.Е.Голыгин;аға агломератшы - А.П.Кузнецов; ССРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Ф.Дерепа, Ю.С.Ожигов; инженер-кеншілер - И.Ф.Граур, В.К.Евсин, Т.К.Кауменов және басқа да жұмысшылардың есімі комбинат тарихында алтын әріппен жазылған.
Қазіргі таңда Рудный қалалық әкімшілік құрамына 4 жергілікті пункттер: Рудный қаласы, Қашар кенті,Горняцкий кенті, Перцевка селосы кіреді.
Аумағы-19216 га:Рудный қаласы-17639 га,Қашар кенті-465 га,Горняцкий кенті-150 га,Перцевка селосы-962 га жер көлемін алып жатыр. 01.01.2007 жылдың статистикалық мәліметтері бойынша тұрғындар саны-122827 адам.
Бүгінгі күні қаладағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлеміндегі «ССКБК» АҚ үлесі 88 % құрайды.Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі және әлемдегі экономикалық кеңістіктегі ықпалдастығы үшін «ССКБК» АҚ «Шығыс Даму Қоры» Халықаралық ұйымының «Алтын Глобус» жүлдесімен марапатталды.
«Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығында бірлестік жұмысшылары, қызметкерлеріне көрсетілетін, медицина қызметтерінің бүкіл кешені шоғырланған. Мұндағы басты ұстаным-аурудың алдын алу, ерте нақтамалау және де емдеу. 2005 жылы орталықта бірегей батпақпен емдеу ашылған.
Кәсіпорында ақпараттық орталық жұмыс істейді. Ол кеншілердің жетістіктері мен күнделікті еңбегін,қала,ел өмірін ашып көрсететін, «Магнетит» газеті мен ТВС телеарнасы қосқандағы БАҚ кешені.
Бүгінде «Арасан» - отандық сыра қайнату саласында көшбасшыларының бірі және «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсының жеңімпазы.
17 жылдан бері Рудныйлық «Экос» ӨБ тамақ өнімдері өндірісі нарығында еңбек етіп келеді.
Кірпіш зауытын қайта салуды бастаған, «Тоғай-группа» ЖШС және басты бейіні-темір бетон бұйымдарын өндіретін - «Стройдеталь» ЖШС .
Рудныйдың тағы бір мақтанышы-ОӘД. «Агропромэнергоцентр» ЖШС директоры С.В.Орловтың бастамашылығы,кәсіпкерлік талантының және еңбекқорлығының арқасынды жұмыс істеп жүр. «Арасан», «Экос», «Лидер-2», «Сарыбай» және «Асыл-нан» сияқты Рудныйдың ең үздік кәсіпорындары облыстық,республикалық, халықаралық деңгейлерде үнемі өткізіліп отыратын, өнімдер жарысындағы жеңістерімен таңқалдырады.
Рудныйдың білім беру жүйесі,қалалық бөлімді басқарған талантты және жаңашыл-оқытушылардан басталған. Олар-З.А.Фамина, В.Н.Чумаков, А.Ф.Семенихин, Э.С.Кулаев. Бүгінде Рудныйда 22 мектеп бар, оның екеуі мемлекеттік тілде оқытады.
Рудный музыкалық колледж - қала, облыс одан қалды республика музыка өнері саласына мамандар даярлау бойынша жетекші орта арнаулы оқу орындарының бірі болып саналады. 1963 жылдан бастап колледж 2 мыңнан астам мамандар дайындады,оның 40-ы республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары және дипломанттары атанды.
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі – бүкіл облыстық педагогикалық кадр даярлайтын орталық.Оның тарихы сонау 1940 жылы Меңдіқара педучилищесінен басталады, ал 1947 жылдың қыркүйегінде ол Рудный қаласында жалғастырылды. Жаңартпашылық экономика замануи инженерлік ойды дамытуды талап етеді-бір орнында тұру-артқа кету деген. Бірақ бұл Рудный индустриалды институтына арналған сөз емес. Бүгінде РИИ аса қуатты ғылыми –ағарту кешені,мұнда тереңдетілген инженер-экономикалық білім алуға қажетінің бәрі де бар.Білім беру деңгейінің сабақтастығы жүзеге асыра отырып институтта «Дарын» дарынды балаларға арналып мектептің Қазақ лицей-сыныбы жұмыс істейді.Сөзімді «Соколов-Сарыбай руднигіне» деген жерлесіміз Нағашыбай Мұқатовтың өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Тіршілік бұл таң маған,
Аңғарға қарап алданам.
Эксковатор-бір батыр
Еселеп кенді жалмаған.
Үлкен түгіл жас ұрпақ,
Тайқазан табыс тасытпақ.
Жалмауыздай шөміштер,
Жерде аузын ашып қап.
Қолда ырыс, қолда бақ,
Тұлғалы таулар орнамақ.
Маңдайынан кеншінің
Моншақты тер сорғалап.
Уақыттан оз халық,
Болашақтан сөзді алып.
Ығы-жығы машина,
Ыңырана қозғалып.
Адамдардың әні-құс,
Алыстарға алып ұш.
Соколов Сарыбайдағы
Сағыныш-ай, сағыныш!
Көкейден кетпес ғажабы,
Кеудеге құяр наз әні.
Қайна, қайна қашанда,
Қазынаның қазаны!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Рудный қаласына - 40 жыл» кітабы. -1997.
4. Мұқатов Н. «Жанымның жасыл жапырақтары».
5.Дильдаев Г. «Қостанай облысының 70 жылдығына арналады» фотокітабы. Құрастырушы. - Алматы, 2005
6. «Кенді қала» кітабы. - 2007.
7. «Қостанай облысы» энциклопедия. - 2006.
8. «Алтын дала» кітабы. – 2006.
«Қостанай облысындағы жер – су аттарының шығу тарихы немесе осы өлке туралы біз не білеміз?»
Райгүл Аханова, №15 орта мектеп
9 сынып оқушысы
Жетекшісі: А.Б. Аханова
Рудный қ.
Бұрын да және қазір де Қостанай облысының жер – суының атауы әр кезде де сөз болып, оның шығу төркінін білсек деген ниет қойылып отыр. Қазақ халқының атам заманынан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де, кең екені бәрімізге мәлім. Қостанай облысындағы өзен, кол жер бедеріне меншіктелген атаулардың мыңдап саналатыны белгілі. Ертеде өткен ата-бабаларымыз солардың әр - қайсысына ат қойылып, айдар тағу жағынан жай ұқыпты ғана емес, шебер де тапқыр болғандығын байқаймыз.
Алға қойып отырған мақсатым - ғылыми ізденіс арқылы Қостанай аумағындағы бірқатар жер-су атауының сырын ашып. алғашқы мағыналарын ашу.
Аманқарағай – бұл Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының теміржол станциясы. Кейбір зерттеушілер мұны көне түрікше «емен – қарағай мәніндегі атау» - деп санайды. Ол Әулиекөл поселкісінен 5-6 шақырым жердегі қалың қарағайлы жер. Атаудың - «аман» және «қарағай» деген екі сөзден пайда болғандығы белгілі. Алғашқы «аман» сөзі біздің тілімізде де жиі қолданылады. Алайда оның төркіні – араб тілі. Онда «аман» сөзінің екі түрлі мағынасы бар: біріншісі – қауіпсіздік; тынжитық; екеншісі- рақымдылық, мейірімділік. Біріккен сөздің екіншісі – «қарағай». Бұл – емен, қайың терек сияқты, ағаштың бір түрінің аты. «Қарағай» сөзінің өзінде екі сөздің қосындысы деп қарауға мүмкіндік мол. Алғашқысы – «Қара» (түске байланысты айтылатын сөз,) екіншісі - «ағаш». Қосып айтсақ «Қараағаш» болып шығады. Қазіргі ұғымға сәйкес қазақшаласақ – «қауіпсіздік қара ағаш» немесе «тыныштық қара ағашы» болып шығады.
Арқа – батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш көліне ұласқан кең дала. Мұны «Сарыарқа»деп те атайды. Бұл тұралы әңгіме кейінірек болмақ. Ал қазір Арқа атауының бұрын қандай түсінік бергендігіне тоқталамын.
«Арқа» сөзінің бізге мәлім мағынасынан басқа да көптеген мағыналары бар.
Қазақ тіліне бір табан жақын қырғыздарда «арка» тұлғасы «солтүстік», одан әрі якут тілінде «арғғаа-батыс, батыс жақ», туваларда «арга» - бірде «таулы», екінші жерді «қылқан жапырақты ағаш», тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің кейбіреуінде «аргаа» - «батыс» ол монғолдарда: ара + сөзі «солтүстік» сияқты ұғымдарды меншіктенеді. Осы мағыналардың ішінде мына жер атауы – «Арқаға» сәйкес келетіні «батыс» немесе солтүстік ұғымдары. Тарих шыңына бой ұрсам, түркі халықтарының көбірек шоғырланған қоныстанған мекені монғол даласы мен Алтай төңірегі деп танысам, мына сөз болып отырған жер, дұрысында да, олардың батыс, солтүстік жағында болғандығын аңғару қиын емес. Осымен байланысты бұл жерді сол кезде – ақ «Арқа» деп атаса керек.
Арқалық – Торғай облысының орталығы. Қала-орналасқан жерінің атауын меншіктенген. Бір зерттеушілердін пікірінше, жер атауы, мен жоғарыда көрсеткен «солтустік», «батыс», мағыналарын беретін «арқа»сөзімен байланысты пайда болған. Мен бұған басқаша қарап, өзімше топшылау жасауды ұйғардым. Башқұрт тілінде «арғышы» сөзі «таулы», ар «арғышы урын» тіркесі «таулы жер» деген мағына береді. Мұны хақас тілі дерегі қуаттай түседі. Оларда «арғалығ» дыбыстық құрамдағы сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы, 2) биік (жер туралы). Расында да, Арқалық қаласы мен Арқалық ауданының орналасқан жері үстіртті, шоқылы болып келеді: сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кеңдері қазылып алынады. Шығыстан батысқа қарай аласара түсетін бұл қадірлі жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді. Келтірілген тіл деректері мен жер бедеріне сүйене отырып, Арқалық өз атауын орналасқан жердің бедеріне байланысты иеленген. Дәлірек айтқанда, түркі тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті жерлер «арқалық» сөзімен аталған деуге болады.
Бүйрек – Торғай облысы, Жангельдин ауданында кездесетін жер атауы. Бұл өңірде «Бүйректал» деген де атау ұшырасады. Осы атаулар туралы пікір айтушылар «бүйрек» сөзін ертедегі түркі руларының бірі – бүйрекпен байланысты. Пікір иесінің бұл жорамалды қандай дерекке сүйеніп жазғаны беймәлім.
Менің шамалауымша, «Бүйректал», «Бүйрек» деген атаулар жер бедеріне байланысты шықса керек. Қырғыз тіліндегі «бөйрек» сөзінің бір мағынасы – тау бөктеріндегі ойпан, еңіс жер. Егер мұны негізге алсам, «Бүйректал» - ойпақ жерге өскен тал, ал «Бүйрек» - тек қана «ойпақ, ойпат, еңіс» деген мағынаны аңғартады.
Қабырға – Торғай облысы, Жангельдин ауданы және Аманкелді аудандарының көлеміндегі өзен. Бірі – Жангельді ауданының оңтүстігі, екіншісі солтүстік жағында ағып жатады. Өзеннің бұл атауы жөнінде бірнеше жорамалға жол беруге болады. Біздің тілімізде «қабырға» - «адам қабырғасы», «үй қабырғасы» деген мағына берсе, басқа түркі тілдерінде, әрігірек барсақ, тунгус-маньчжур тілдерінде өзгеше мағыналарға тап болады. Якут тілінде «хабырға» - жұтқыншақ, тамақ, алқым; ноғайларда «кабырға» - шет, шекара; татар-башқұрттарда «кабыра» - тау баурайы, қия қабақ; хакасша «хабырға» - шек, шет және тау баурайы іспеттес мағыналарда қолданылады. Тунгус-маньчжур тілдерінің кейбіреулерінде «капурға» тұлғалы сөз, біздің түсінігіміздегі «сыну, бүліну, тозығы жету» дегендерге нұсқайды. Осы деректерді сарайлай келіп, ой елегінен өткізгенде «Қабырға» өзенінің атауын татар, башқұрт, хақас тілдеріндегі «Қия қабақ, тау баурайы» сияқты мағыналарымен байланыста қараған қолайлы көрінеді. Өйткені, қандай өзен болмасын бастамасын биік, үстірт жерден шығатын бұлақ, су көздерінен алатыны мәлім. Демек, өзен атауы - өзі бас алып жатқан тау баурайының көптеген түркі тілдеріндегі ежелгі атауы – «қабырға»-мен байланысты туса керек.
Қорасан – Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің бір саласы. Бұдан басқа мұндай атауды «Батырлар жыры» және ел аузындағы аңыз әңгемелерден ұшырастырамыз. Бұларда көбіне «Қарасан тауы» тіркесінде айтылады. Аты естер құлақтарға таныс, үйреншікті болғанымен, жеме-жемге келгенде, «қорасан» сөзінің дәл мағынасын әркім біле бермейді. Сөз төркініне түркі тілдерінен дерек кездестіре алмадық. Бірақ араб тілінде осы тұлғаға жақын, «хорошун» дыбыс құрамындағы сөз, қазақ тіліндегі – «шың», «биік тау» екенін білеміз. Ал Тобыл өзенінің саласы Орал тауының бір биік шыңынан бас алғандықтан «Қорасан» аталуы ғажап емес.
Қызбел – Торғай облысы, Жангельді ауданы жеріндегі қырқа атауы.
Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге алыстан қарағанда жатқан қыздың бейнесін елестетіп, орта шенінде жота жіңішкере келіп, қыз белін ұқсатудан «Қызбел» атауына ие болған. «Қазақ совет энциклопедиясында» - «Қызбелтау» болып аталған. Биіктігі 200 метрден астам ғана дөңес. Мұнда сарқырап ағып жатқан бұлақ суы да тапшы.
Осы сипатын еске ала және тілдік деректерге сүйене отырып, «Қызбел» атауының пайда болуына мынадай болжам айтамын.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде «қыз» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның бірі – «сараң, сығырдаң». Бізше «Қызбел» біріккен сөзінің біріншісіне осы мағына сәйкес көрінеді. Өйткені мұнда бұлақ көзі тапшы. Ал «бел» сөзіне келсем, ол «қырат, төбе» мағынасында тек бізде ғана емес, сарай, қойбол сияқты түркі тілдерінде де «пел» қалпында айтылып, «төбе, төмпешік» ұғымын иеленеді. Осыларға сүйене отырып, «Қызбелді» қазіргі түсінігімізге сәйкестесек, «Сараң төбе» болмақ. Жорамалым аталған жер табиғатына жуықтай түсер деген ойдамын.
Обаған – Қостанай облысындағы өзен, Тобылға құяды. Өзен атауының пайда болғандығы жөнінде пікір айту үшін мына бір тіл деректерін негізге алуға тура келеді. Түркі тілдері ішінде шор, сағай, қайбол тілдерінде «оба» тұлғалы сөз біздегі сияқты «төбе, үйінді» мағыналарында кездеседі.
Монғол тобына жататын тілдерде: қалмақта «ова» - «тас үйіндісі», монғол тілінде «овоолох» - ою мағынасын білдіреді. Ал тунгус-маньчжур тобындағы маньчжурларда «оба» «тау төбесіндегі шоқы», ал эвен тілінде «оова» «ойпат, ойпаң жер», осы топтағы тілдің екінші біреуінде «убгэн» дыбыстық құрамындағы сөз – «өзен табанында кездесетін тас» мағыналарында ұшырасады. Обаған өзені ағып жатқан жерлерден тас үйіндісін немесе өзен табанынан тас кездестіру қиын. Осы ерекшелікті ескере отырып, өзен ағып жатқан жердің ойпаңдығын жорамалыма негіз етпекпін. Бұл ретте «Обаған өзені» дегеніміз «Ойпат өзені» болып түсіндірілмек.
Орсақ – Торғай облысы, Жангельді ауданының орталағынан оңтүстік бағытта 150 шақырым шамасында орналасқан жер аты. Қазіргі тілімізде бұл тұлғалас сөз кездеспейді. Алайда, басқа түркі тілдері туралы деректерден осы аттас жер, ру атауына тән сөздерді табамын. Хақастар мекендейтін төңіректе Арчақ сияқты жер атауы болса, қазіргі кезде «тофалар» деп аталатын халық ішінде «Кида орчжак» руы бар. Бірақ Торғай оңіріндегі жер атауын «Орчжак» руымен байланысты деуді жөн көрмедім. Сондықтан басқа деректерге бой ұрмадым. Түркі,монғол тобындағы тілдердің бір қатарында «орсақ» тұлғалас сөздер әр түрлі мағыналарға ұқсайды. Соларды көлденен тарта отырып, жер бедеріне негіз болатынын ғана іріктеп алдым. Түркі тілдері ішінде телеуіттерде «орсок» сөзі «тістің сыртқа қарай шығып тұруы, солдақ» деген мағына берсе, соғай тілінде «орсах» «тіссіз» ұғымына меңзейді. Монғол тобына жатын бурят тілінің жергілікті ерекшеліктерінің бірінде – «орсохо» ал монғол тілінде «урсах» дыбыстық құрамындағы сөздер «ағу, ағып өту» сияқты ұғымдарда қолданылады. Бұлардың қай-қайсысы болса да, мен әңгіме етіп отырған жер бедеріне дерек етіп алуға жарамсыз. Сондықтан ізденісті жалғастыра түссем, мына тәрізді деректерге кездесуге болады. Сағай тілінде «арсак, пел» сөздері тіркесе келіп, «арсакпел» қалпында біздің түсінігіміздегі – «кішкене төбе, төмпешік» ұғымын білдіреді, ал хақас тілінде «арсах» тұлғасы «ойылы-қырлы» мағынасын береді. Енді монғол тілі дерегіне жол берсем, оларда «орсоих» дыбыстық құрамындағы сөз хақас тіліндегіндей «ойлы-қырлы» мағынасына жолығады. Осы соңғы сағай тілінен монғол тіліндегі сөздер тек дыбыстық жағынан ғана емес, мағынасымен де мен сөз етіп отырған Торғай көлеміндегі жер бедерінің сипатына тіпті де алшақ емес. Осыған қарағанда орсақ атауы жер бедеріне байланысты туған деуге толық мүмкіндік бар.
Саға – Торғай облысы, Жангельді ауданындағы елді мекен атауы.
«Саға» сөзінің жер-су атауларына байланысты қазіргі кезде екі түрлі анықтамасы бар. Бірінші «Қазақ совет энциклопедиясында» - Өзеннің басқа өзенге, көлге, бөгенге құяр жері». Екіншісі «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» - «Өзен, я болмаса тау сілемінің қабысып-түйіскен жері» сөз тіркесінде «сағаны» - «тау» сөзімен байланыстыру, кейін бейнелеуден пайда болған туынды деп қаралады. Шындығына келсем, «саға» өзенмен ұштасып жатады. Тілімізде кейде «саға» сөзінің болмасы ретінде «қолтық» тұлғасы да қолданылады. Әрине, бұл ұқсату нәтижесінде келіп шыққан. Қазақ тілінде «қолтық»-тың нақты мағынасы – иықтың астынғы жағы екені белгілі. Біздегі осы «қотық» мағынасын монғол тілінде «суга» дыбыстық құрамындағы сөз меншіктенеді. Бұған қарағанда, біздегі «саға» монғолдардағы «суга» бір ғана дыбыстық өзгеріске ұшыраған (а – у) төркіндес сөздер. Бұл – «саға» сөзінің алғашқы мағынасы еместігіне тағы да бір тілдік дерек куә болғандай. Ежелден түркі тілдерімен туыстас монғол тілінде «цуг» тұлғасы біздің тіліміздегі «қосу, қосылу» сияқты түсініктерге меңзейді. Сол тілдегі «қолтық» мағынасындағы «суга»-ның түп-тамыры осы «цуг» болуы да мүмкін. Бұған адам денесіне қолдың қосылған жері – «қолтық» (бізде), «суга» (монғолдарда) аталуы айғақ болғандай. Шынында да, белгілі бір өзеннің теңіз, көлдерге келіп қосылуы денеге қолдың келіп бірігуіне сәйкес, ұқсас. Осы бейнелеу арқылы тіліміздегі «саға», «қолтық» іспеттес жер-су қалпын бейнелейтін атаулар шыққан. Қорыта айтқанда, «саға» сөзінің ең алғашқы мағынасы – «қосу», «қосылу» етістіктері болған да, одан бері келе, ұқсатудан «қолтық» мағынасына ие болған. Сөйтіп өзеннің басқа бір су қорына келіп қосылуы – ертедегі айтылуы «саға» осы күнге дейін сақталған әрі жер атауын иеленген.
Тобыл – Қазақстанда Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жеріндегі өзен. Осымен аттас Түмен облысында қала, Қостанай облысында поселке және темір жол станциясы бар. «Тобыл» сөзінің алғашқы мағынасы, тек – төркіні туралы ауыз толтырып айтарлықтай зерттеу жұмысы бұған дейін болған жоқ.
В.В. Радловтың айтуынша, телеуіт тілінде: «тобыл» тұлғасы – «биік», айбынды мағыналарында көрінсе, якутша – «тобул», қазақ тіліндегі «тазарту, жарып өту, бұзып өту» ұғымында жұмсалады. Бұл өзенге құятын салалар да баршылық. Тасыған кезде суы мол, сондықтан да жолындағы кедергіні бұзып өте берерліктей күші бар. Міне осындай қасиеті үшін «Тобыл» атауы берілген болса керек.
Тоғызақ – Қостанай облысы жеріндегі өзен. Сөз төркіні қайдан, қалай пайда болғандығы жөнінде зерттеу кездестірілмеді.
Сырт қарағанда, сан есім – «тоғызбен» байланысы бар тәрізді. Онымен байланыстыруға тиянақты тілдік дерек ұшыраспады. Алайда, түркі халықтары үшін «тоғыз» саны киелі сан екенін салтымыздағы «бас тоғыз», үш тоғыз т.б. «тоғыз құмалақ» ойыны аңғартады. Бұл ойын қырғыз, қарақалпақ, қазақ, тува, алтай халықтарында жиі кездеседі. Қырғыз тілі дерегінен «тогузак» сөзінің мынадай мағынасына тап боламын: «өз баласын ата – аналары түрлі пәлелерден, бұзылудан сатып алатын дәстүр бар. Төлеміне тоғыз түрлі зат береді де, баланың атын Тогузак немесе Сатыбалды қояды». Осы дәстүр ерте кездерде түркі халықтарында, онда ішінде қазақтарда да болуы ғажап емес. Өте көне кезде осындай дәстүрмен есім алған адам белгілі бір өзен бойында не басқа жерде өмір өткізіп, оның аты жер – суға көшуі де ықтимал. Ерте заманда мұндай жағдайдың болғандығы тек аңыз ғана емес, тарих мәліметтерінен де белгілі. «Тоғызақ» атауының төркінін тек осылайша жорамалдауға мүмкіндік болып отыр.
Тосын – Торғай облысы Жангельді ауданының батыс жағындағы дала. Даланың біраз жерін шағыл басқан. «Тосын» сөзінің алғашқы мағынасын, дыбыстық құрамын анықтау үшін, алдымен ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне ден қояйын. Ондағы «тоз» сөзі «шақ топырақ» деген мағына береді. Сөздің түбірі «тоз» екендігіне кәміл сенемін. Сеніміме тірек боларлық тілдік деректер мол. Өз тіліміздегі «шаң-тозаң» қос сөзіндегі екінші сыңардың түбірі – «тоз» екендігі мәлім.
Қазіргі түркі тілдерінің деректері де осы ойма куә болғандай. Тува – киджи тілдерінде – «тоос», коман тілінде – «тос» тұлғалары біздегі «шаң, топырақ» түсінігін береді. Бұдан әрі монғол тобындағы тілдер дерегіне жүгінсем де осыларға ұқсас тұлғалар мен мағыналарға ие. Монғол тіліндегі «тоос», қалмақ тіліндегі «тоосын», бурят тілі жергілікті ерекшеліктерінің бірінен ұшырасатын «тогусун» дыбыстық құрамындағы сөздер де «шаң» ұғымында қолданылады. Енді осы деректерді жинақтай келіп, ой елегінен өткізсем, шаң, топырақ жинала келіп құмға айналатыны айтпасам да айқын. Ежелден түркі, монғол тобындағы тілдерге ортақ «шаң» мағынасын беретін «тос» түбіріне бізде «–ын» қосымшасы жалғануы арқылы құмды жерге атау болып, қалыптасқан десек, шындықтан онша алшақ кетпесем керек. Тіпті кейбір тілде біздегі «тосын» тұлғалас сөздің өзі де қосымша қабылдамай-ақ «шаң» мағынасын ұғындырады.
Торғай – Қостанай облысының оңтүстік өңірінде орналасқан жер. Торғай жерінің атауы әр кезде сөз болып, оның шығу төркінін анықтау үшін бірнеше басылымдарда орын алған. Жазушы Қойшығара Салғарин Торғай атауын Қыпшақтың Торы руының есіміне байланысты шығуы мүмкін деген ой айтады. Бұл пікірді басқа ғалымдар да ұсынып, дәлелдеген. Геолог Торғай Өтебайұлы: «Осы мәртебелі атауды қоғам, табиғат, мәдениет зерттеушілері арасында білмейтін адам жоқ»- дейді. «Торғай» атауы – торы деген сөзі екеніне талас жоқ. Сонымен «Торғай» мағынасы құм емес, не тау емес, не тас емес, яғни басқа ерекшелігі жоқ торы аймақ.
Үрпек – Торғай облысы, Аманкелді ауданындағы жер атауы. Жер атауы өзінің табиғи жаратылысына байланысты берілген. Өйткені жер бедері ойлы-қырлы, ербиіп өскен қурай іспеттес өсімдік те ішінара кездесіп отырады. Жорамалымды жоққа шығармайтын тілдік деректерден де құр алақан емеспін. Түркі жазба ескерткіштері тілінде – қазіргі тіліміздегі «тікірейген, сорайған» мағыналары орнына қолданылған – «үрпек» дыбыстық құрамындағы тұлға кездеседі. Мұның мына жер атауы «Үрпектен» тұлғасы жағынан ешқандай айырмасы жоқ. Мағына жағынан да әңгіме болып отырған жер сипатына сәйкес келеді.
Шұбалаң – Торғай облысы, Жангельді ауданы жеріндегі елді мекен атауы. Аудан орталығы – Торғай поселкісінің шығысында 20 шақырымдай жерде, Торғай өзенінің оң жағасында орналасқан. Қазіргі тілімізде сын есімге жататын «шұбалаң» сөзі бар. Оның мағынасы – «ұзын, созылыңқы» екені белгілі. Әңгіме етіп отырған мына «шұбалаңды» сонымен мағынас деп қараудың қисыны жоқ сияқты. Іздестіре келгенде, түркі тілдері ішінен тувалардың «шоваалаңы» сөзіне кез болып, мағынасының – «қағілез, пысық» екендігін білдім. Одан әрі қарастыра түскенде бұл тұлғалас, әрі мағыналас сөз монғол тобындағы тілдерде де барлығы байқалады. Монғолдарда «цовоо», қалмақ тілінде «шулун-шудрмаг» туралы сөздер біздің ұғымыздағы «қағілез, пісіқ» мағыналарын береді. Соңғы екі тілдегі «цовоо», «шулун» сөздерінің қайсысын алсам да, дыбыстық құрамы жағынан тува тіліндегі «шоваалаңы», біздегі «шұбалаңнан» онша алшақ емес. Ал, мағына жағынан қазақ тіліндегі «шұбалаңға» көп туа бермейді.
Алайда, бізде де ерте кездерде «шұбалаңның» «пысық қағілез» мағыналары болған деп жорамалдаймын. Бұған мені жетектеп отырған мына сияқты жағдай. Торғай өзені, мен әңгімелеп отырған тұста (тасыған кезде) тез, қызу, шапшаң ағып, бірақ жерге барған соң арнасын асып, жайылып кетеді. Бұл тұста оның шапшаң ағатын себебі – қырдан ойпаңға қарай беттейді. Өзеннің осы шапшаң, тез ағысын бейнелеп көрсету үшін, ерте заманда бізде де болған «қағілез, пысық» ұғымдағы «шұбалақ» сөзі қолданылып, өзен аты қалпында сақталып, осы кезге дейін жетуі ғажап емес. Кейін келе өзен ағысына берілген бұл атау оның жағасында орнаған елді мекенге ауысқан десем, онша бұра тартқандық болмас деп ойлаймын.
Әулиекөл өзені, Әуликөл аудананында орналасқан. Халық аңызына сүйенсем. Ертеде өзен күннің дәл ортасында ғайып болып, дәл солай күтпеген жағдайда сол түні қайтып шықты.Бұрын соңғы болмаған , күтпеген жағдайда туындаған табиғат заңдылықтарын халық «Әулиекөл» өзені деп атап кеткен. Әуликөл сөзі екі сөзден құралған «Әулие» араб тілінен аударғанда « әулиелі, таңғажайып». Халық үшін әуликөл өзені мөп-мөлдір, сұлу, таңғажайып, дертке дауа, емге шипалы өзен болып қалмақ.
Дәмді - Науырзым ауданында қоңыс тепкен ауыл. Ол 22 сәуір 1960 жылы құрылды. Қарамеңді аудан орталығынан 134 км , облыс орталығынан 280 км. Дәмді ауылында жер асты сулары мол. Науырзым ауданында жер суы молекенін болжаған, географ зертеуші В.К. Дайнеков 1967 жылы анықтады. Зерттеп толық айқындаған И.А. Суворов (1969 – 1972 жылдар аралығында жаппай үздіксіз көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өз болжамын дәлелдеп шықты. Суының молдығы, тазалығы мөлдірлігі халық жағдайын күрт жақсарты. Шипалы, дәмі тәтті бұл өлкеге басқа ауылдардан халық қатынап ауыл шаруашылығына тасыды. Таңғаларлық жай, дәмдінің суы сол мөп – мөлдір кірсіксіз таза қолында сақтауда.
Шолақсай - Науырзым ауданында қоңыстанған шағын ауыл. Шолақсай атауы – қазақтың екі сөзінен құралған. «Шолақ» және «сай». Бұл сөз осы өлкеннің дәлдігін айқындайды. Бұл өлке керемет тарихи суы бұлақ өлкесі болып табылады. Бұлақ биік шыңнан төменгі сайға дейін ағады.
Арақарағай – Аманқарағайдан сәл әріректе «арықарағай» деген де қалың ағаш атауы бар. Мұндағы «ара» сөзінің мағынасы орта аралықтағы екендігін түсіндіреді.
Босаға – Қостанай облысының Жангелді ауданындағы жер атауы. «Босаға» сөзінің төркіні туралы жазылған пікірлер өте көп, кейбіреулері оны өзімізге белгілі есік босағасымен салыстырумен ғана шектеледі. Кейбір деректерге көз салсақ «босаға» сөзінің өзіміз білетін мағынасынан басқа да ұғым болғандығын байқаймыз. Мысалы якут тілінде «моцого» сөзінің екі мағынасы бар: 1) тау кемері, 2) есік босағасы. Бұдан әрірек барсақ, алтай тіл жүйесіне жататын тунгус – маньчжур тобындағы кейбір тілдерде «босого» тұлғасы біздің түсінігіміздегі «тау баурайы» дегенді білдіреді. Осыған қарап «босаға» сөзінің алғашқы мағынасы тек жер бедерімен байланысты туғандығын түсіну қиын емес.
Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Көкшетау, Торғай жерін басып өтетін өзен атауы. «Есіл» деп аталатын елді мекендерде бар. Әрине, бұлар өзен атымен байланысты қойылған. «Есіл» атауының алғаш дүниеге келуі туралы екі зерттеушілердің пікірі бар. Бірі «Есіл» атауы жасыл деген зат түсімен байланыстырылған, екіншісі – етістіктің «ес» (есу, есілу, еспе т.б.) түбірімен тілге тиек етеді. Бұлардың ешқайсысыда көңілге қонбаған былай тұрсын, шындыққа жанаспайды. Өйткені, өзен, су атауына әдетте оларды табиғатьтындағы қасиеттеріне қарай ат қойылып айдар тағылатының ескеру керек. Сөз төркінің іздестіргенде бұл жағдайлар зерттеушілер назарынан сырт қалған. М. Қашқари сөздігінде «Есіл» және «Ешіл» сөздері ұшырасады. Бұлардың алғашқысы азайды. Ал екіншісі «созылу», «созылған» деген ұғымдар береді. Осы екі сөздің қайсысы болсада, өзен атауына қолайлы. Өйткені алғашқысы өзен суының тапшылығына меңзесе, соңғысы оның ұзындығына нұсқайды. Осы сияқты жорамалымызды негіз тұтсақ, өзенің «Есіл» аталуы жөн көрінеді. Түркі тілдермен туыстас тунгус – маньчжур тобындағы кейбір тіл дерегін құрастырсақ. Онда «Есла» болып дыбысталатын сөз, біздің түсінігіміздегі «тасыған өзен» ұғымын білдіреді. Кім біледі өте ерте кездерде дәл осы тұлғалы әрі мағыналы сөз түркі тілдерінде де болып, кейін ұмытылуы да ғажап емес.
Қошалақ – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы жер атауы. Қостанай облысындағы Қошалақ аталатын жер Жангелді ауданының орталығы. Торғай ауылының солтүстігінде отыз – қырық шақырым шамасында орналасқан. Жер сипатты оян, жазық болып келеді, бұрын көлдің орналасқан жеріне ұқсайды. Қазір мол жайлымына ғана жарамды.
Жердің біз көрсеткен беделіне лайықты сөздер түркі, монғол, тунгус – маньчжур тобындағы тілдерден табылып қалады. Ең алдымен, ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне көз салсақ, «Алақ» сөзі қазіргі «Жазық, тегіс» түсінігін иеленген.
Енді қазіргі түркі тілдегі дерегіне кезек берсек, мынадай мәліметтерге кездесеміз. Тува тілінде: «кужурлуг» - «сортаң», сортаңды (жер), чуваштарда: «хуш» - «кеңістік бос жер», якутша: «хочо» - «таза далалық» мағынасында қалады. Маньчжур тілі дерегінде «кочо» дыбыстық құрамдағы тұлға біздің ұғымдағы «аулақ, онаша жер» дегенмен байланысты. Сол якут тіліндегі «хочо» мен «алпы» сөздерін біріктірсек қошалақ тән тұлғасы мен мағынасы алшақ кетпейді. Сүйтіп қошалақтың тұңғыш мағынасы - «алаң, оңаша орын» болған.
Топонимика ғылымының халық үшін ағартушылық рөлі мол. Түрлі газет, журналдарда, ғылыми көпшіліккке арналған кітаптар мен арнайы монографиялық еңбектерде жазылып жүрген топонимикалық мәліметтерден алуан түрлі географиялық атаулардың мән мағынасын, жасалу тарихын, өзгерту себептерін білуге болады.
Жер – су атаулары айтарлықтай информациялық рөл де атқарады.
Сонымен бұл еңбекте Қостанай облысындағы өзен, көл, жер азды- көпті – атаулары, олардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін толық аштым деп айта алмаймын. Ол мүмкін де емес. Сан мыңдаған атаулардың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар. Уақыт озған сайын олардың бірі қолданыстан шығып, ұмыт болып жатса, екіншісі жаңадай дүниеге келіп тілімізге күнделікті өмірімізге араласып жатыр.
Жер – су атаулары – халықтың тарихи кезеңдердегі өткен өмірінің, тіршілік болмысының, ой – санасын, табиғаттының байлығының куәгері.Сондықтан да жер – су атауларын ұлттық байлығымыз ретінде қорғап, жинап, қастерлепкейінгі ұрпақтарға жеткізу – ерекше мәні бар, абыройлы іс деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Жер – судың тарихтың хаты: Орта мектептің оқушыларына арналған. – Алматы: Балауса, 1994.
-
Тарих айнасында. – Қостанай, 2006 .
-
Жасыл орман жанашырлары. – Қостанай, 2006.
-
Арқалық ажарлана түсті. – Қостанай, 2006.
-
Торғай шақырады. – Қостанай, 2006 .
-
Тобыл толқындары. – Қостанай, 2006 .
-
Орталық Қазақстаннығ жер – су аттары. – Алматы, 1989.
-
Торғай таңы. - 1999, №2 Арқалық Бөгетай Әлмағамбетов.
-
Алтын дала, - Алматы, 2005.
-
Қостанай облысының энциклопедиясы. -
Қостанай, 2006 .
-
Қостанай облысынының 70 жылдығына
арналады.Фотокітап.Құрастырушы
Г. Дильдаев. - Алматы, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |