Oтбасы тəрбиесінің педагогикалық аспектілері Серия «Педагогика». №1(77)/2015



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата02.11.2023
өлшемі0.64 Mb.
#482173
1   2   3   4   5   6   7
Aytzhanova VІІІ–ХVІІІ 2015

«Қорқыт ата кітабы» — қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жазба ескерткіші һəм 
тəлімдік мəні жоғары ұстаздық ұлағаты. «Қорқыт — жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ 
жəне қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VІІІ–ІХ ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері 
болған жан», — дейді əдебиетші-ғалым Н.Келімбетов [1; 65]. 
Қазақ халқының бұрын тəңірлік діннің ықпалында болғанын осы Қорқыттың нақыл сөздерінен 
де кездестіреміз. Себебі көрнекті ойшыл сөздерінде «Алла» мен «тəңір» сөздері теңдей қолданылған. 
Қорқыт бабаның нақылдарының ішінде жалпы адамзатты тəрбиелейтін ғақлиятты сөйлемдер 
көп-ақ. Біз отбасындағы бала тəрбиесі қатыстысын ғана алдық. 
Адамның басты парызы — артына ұрпақ қалдыру. Үйленіп, отау құрғаннан кейінгі мəселе — 
өмірге бала əкеліп, бала тəрбиелеу. Өз қанынан жаратылмаған баланың тəрбиеге көндігуінің 
ойдағыдай болмайтындығы заңды. Ал, аталық текті жалғастыратын ұлдың болмауы — адамның аты 
өшкенмен бірдей. «Өзіңнен тумай ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер 
жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бəлки, ол тəрбиелеген адамға көрдім-білдім 
деген сөзді де айтпас», — деп өмір шындығын айтады. 
Отбасы педагогикасының ғұмырлық маңызын, қыз бала тəрбиесі мен ер бала тəрбиесіне 
жауапты ата-ананың рөлін, тəрбиенің ұрпақ сабақтастығындағы нəтижесін тұжырымды 
сөйлемдермен түйіндейді.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын 
құрап, үйінен дəм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала — екі 
көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол — отбасының мерейі, бас-көзі. Атадан қалған малы болмаса, 
баланың күні қараң. Ақылсыз балаға ата дəулетінен қайран жоқ....Атаның атын былғаған ақылсыз 
баланың əке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын 
шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Бұл жердегі «тегін қуу» дегенді атаның қанымен берілген генетикалық ерекшелікті жоғалтпай, 
жақсы қасиеттерін дамытып, жақсы істерімен көріну дегенге саяды. 
Қорқыт заманынан қазаққа мұра болып қалыптасқан діл — кез келген отбасының қонақ күтуге 
дайын болуы. Арнайы болсын, кездейсоқ болсын қазақ отбасылық несібемізде қонақтың бөлінбеген 
еншісі бар деген түсінікпен жүреді. Осыны дəстүрлі ұстанған үйге қонақ үйір, дəстүр сақтамайтын 
үйге ешкім жоламайды. Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық — деуі, қалыптасқан 
талапты орындаған адамның адамдар арасында беделінің де жоқтығын, өзінің де жоқ есебінде екенін 
аңғартады. 
Өз заманының ойшылы адамзаттық талап — мұсылмандық талап, ата-ана талабы — ұрпақ 
талабы екендігін жəне оны орындаған жандардың құрметке лайықты екендігін: Тізелерін бүгіп, намаз 
оқыған ерлі-зайыпты жұбайларға — құрмет! Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай 
болған қарт-қарияларға — құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп тойғызған асыл аналарға — 
құрмет! Солар үшін ақ отау тіккен аға-інілерге құрмет! Некелі сағатта куəлік еткендерге, жаңа 
туған ұлға — құрмет! — деп білдіреді. 
Ұлдың кімнен туғанын ана білер — деп табиғи шындықты айтушы абыз, əйелдер жайлы көбірек 
тоқталып айтқанда, ананың адамзат арасындағы орнын, отбасындағы мəйекті маңыздың əйел арқылы 
ұйитынын білгендіктен, Əйел төрт түрлі болады: Оның бірі — ниеті құрыған əйел, екіншісі — 
ынсапсыз əйел, үшіншісі — үйдің құты болған əйел, төртіншісі — кесір əйел. Əйел біткеннің ең 
жаманы осы,— депті Қорқыт [5]. 
«Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен үндес, сарындас болып келетін 
хикаялар көп кездеседі. Ана мен бала арасындағы махаббат, əйел-ананы зор құрмет тұту, бала 
тəрбиесіне мəн беру, жұбайлық өмірдің салтына адалдық сияқты отбасы тəрбиесінің маңызды 
мəселелері оқиғаның негізгі өзегі болады. Қорқыт баба — өзін қоршаған орта-отбасылардың 
жанашыры һəм ұлағатты ақылшысы. Өз ғақлиятты хикаяларымен, нақыл сөздерімен, жырларымен 
отбасындағы жұбайлық өмірге бағыт береді, тəрбиелейді. 
«Салар Қазанның үйін жау шапқаны жайындағы жырда» ар-намыс жолында жан пида дегенді 
айтады. Əдебиетші-ғалым, профессор Н.Келімбетов жырдағы оғыз халқын: Ең бастысы — ар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет