Oтбасы тəрбиесінің педагогикалық аспектілері Серия «Педагогика». №1(77)/2015



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата02.11.2023
өлшемі0.64 Mb.
#482173
1   2   3   4   5   6   7
Aytzhanova VІІІ–ХVІІІ 2015

Қызыңды: 
 қадір тұт, көңілін суытпа; 
 үйде ұста; 
 ерлерден бөлек ұста; 
 қыз баланы күту керек; 
 ерге бермей, үйде көп ұстама; 
 тезірек ұзат. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Р.М.Айтжанова 
210 
Вестник Карагандинского университета 
Сондай-ақ ақын қыз тəрбиесіне өте ықтиятты болуды қатаңырақ айтады. Отбасының абыройы 
қыз арқылы жиналып, қызы арқылы төгілетінін, жат адамдардың көзінен таса етуді, тіпті «ішіп-
жегенде» де орны бөлек болғанын қалайды. Бұл жағынан мұсылмандық талаптарға сай келеді. Қыз 
жолының жіңішке екенін, егер тыйым көрмесе, «арам ағаш өсіріп, у болар жемісінен» татудан 
сақтандыру мақсатында айтады. Шындығында еркіндікті ерікті түрде меңгерген бүгінгі қыздар 
арасынан жасан жолға түскендер қаншама. Жəне ондай қыздардың болашақ отбасында бақытты 
болып кетуіне де күмəн бар. Сондықтан «əйелдің жалғыз жетістігі бар: ол — дақ түспеген ары», — 
дейді. Ал, жар таңдауда «тектіден» қыз алам дегеннен гөрі, «тегі таза» қыз алған дұрыс деген ой 
айтады. Бұл — ата-бабасының аты шыққан тəрбиелі жандар болғанынан гөрі, некелі туылған, 
отбасында тəрбие көрген, əке-шешесі дұрыс адамдар болғанына көбірек мəн беру [4;11]. 
Жүсіп Баласағұни сияқты Махмұд Қашқаридан қалған көрнекті ғылыми еңбек «Диуани лұғат ат-
түрк Түркі сөздерінің жинағы» — педагогикалық маңызы ерекше туынды. ХІ ғасырда өмір сүрген, 
Ыстықкөлге жақын маңдағы Барысхан ауылында дүниеге келіп, Қашқар қаласында оқып, қызмет 
еткен Махмұд Қашқари «Сөздігінде» əдеп, тəлім-тəрбие, мəдениет мəселесі Қорқыт, əл Фараби, 
Баласағұни идеяларымен астарласып жатады. Отбасылық тəрбие жəне оның талаптары төмендегіше 
қарастырылады: Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. Қонақ күту, үйге келген кісіні мейман 
етіп сыйлау, ғаріп-қасерлерді де тойындырып, қажетін өтеу — ер азаматқа сын екендігі отбасының 
иесі — ерлерге «Ұлым!» дей отырып, ғибратталады: Қонақ келсе, ер жігіт құт келді деп ұғады, 
Қонақ келсе, жауыздар тігулі үйін жығады....Дəмді тағам болады өзгеге сый-құрмет қылсаң 
қонақты, асады даңқың халқыңа...». Туысқан-туған хақында: Дүние-мүлкі үшін құдайына қарамаған, 
туысқанын тұл етер... Туғаныңның мəртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет.... Бұл ойларды 
Қашқаридың жұбайлық өмірге даярлық мəселесіне қосқан əлеуметтік-педагогикалық үлесі деуіміз 
қажет [4; 124]. 
«Хибатул хақайк» «Ақиқат сыйы» атты өзіндік демократиялық бағыты бар дидактикалық дастан 
жазған Ахмет Игүнеки (ХІІ ғ.) алдыңғы даналардың ойларына сай адами асыл қасиеттер мен білім-
тəлімнің адамзат үшін игілік екенін айта білген ақын. Дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан 
тұратын дастанда жамандықтан қашу мен жақсылыққа тəрбиелеуге қалай жетуге болатынын бейнелі 
салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақал-мəтелдерге негізделген ұлағатты оймен ұсынады. 
Əр тұжырымы таратып мақала етуге болатындай Ахмет Игүнеки: Білімді əйел — ер, надан еркек — 
əйел — дегенде өмірде, отбасы жағдайында өз орнын, өз рөлін білмеген еркектің əйелдің тірлігіне 
араласуын, өз мəртебесін түсіріп алуын айтады. Ал білім алған, жақсы мен жаманды айыра білетін 
əйел, отбасында жəне ортада басшылық жасай алатындығын мойындайды. Игүнеки ердің рөлінің 
төмендемеуін, білім мен ақыл иесі болын қалайды: Ердің көркі — ақыл, сүйектің көркі — май, — деп 
бейнелі салыстыру жасайды. Отбасының берекесі сыйластықта екенін, сыйластық — əдеп екендігін, 
үлкен-кішіге сыпайы сөйле, — деп білдіреді [7]. 
ХІІІ–ХV ғасырларда монғол шапқыншылығына ұшыраған Қазақстан мен Орта Азия мəдениеті 
мен экономикасы мейлінше құлдырап кеткен еді. Тарихтан белгілі бұл шапқыншылықта бейбіт ел — 
қазақ жері қанша қарсылық көрсеткеніне қарамастан, монғол əскерінен түгелге жуық жойылып, 
қалалар қирап, əбден күйзеліске түсті. Басқаны айтпағанда, мəдениеттің ошағы болған, бай 
кітапханасы бар Отырар қаласы, түгі қалмай жермен-жексен болды. Шыңғыс хан балаларының 
үлесіне тиген қазақ даласы қарудың күшімен, өзгенің жерін зорлықпен қаратып алу арқылы құрылған 
Алтын Орда мемлекеті қайта жандана бастады. Біртіндеп Алтын Орда көрші елдермен: Батыс 
Еуропамен, Мысырмен, Үндістанмен, Кіші Азиямен, Қытаймен экономикалық жəне мəдени 
байланыс қарым-қатынас жасайтын болды. Соның нəтижесінде Алтын Ордада сəулетті қалалар 
салынып, түрлі өнер мен əдебиет, ғылым біршама қайта өркендеді. 
«Қабуснама» 1082–1083 ж. жазылған туынды. Бұл кезеңдерде Орта Азия мен Иран өлкесінің 
мейлінше мəдениеті дамып, кемелдене түскен болатын. Мұны Баласағұни ойларымен салыстыра 
отырып та аңғаруға болады. Алтын Орданың басқа елдермен байланыс жасай бастаған тұсында, қазақ 
жеріне Каспий теңізінің оңтүстік жағалауын мекендеген Гилан ру-тайпасында (1021–1022 ж.) 
туылған Кайкаустың «Қабуснамасы» жеткен. Бұл аса бағалы педагогикалық туынды. Кайкаустың 63 
жасында өз ұлы Гиланшахқа арнап жазған үгіт-насихат кітабы. Біздің бабаларымыздың бұл кітапты 
оқығанына «Бұрынғы өткендер араб, парсы, шағатай, татар тілінде сусындаса, бүгінгі ұрпақ ана 
тілінде оқуға тұңғыш рет мүмкіндік алып отыр», — деген сөздер куə. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


VІІІ–ХVІІІ ғасырлардағы отбасы… 
Серия «Педагогика». № 1(77)/2015 
211 
«Қабуснамада» 44 тараудан, яғни, 44 тақырыптан, тұратын көлемде тағылымдық насихат 
айтылады. Жиырма алтыншы тарауда «Үйлену туралы» тəлімдік ойлар бар. Кайкаус өз перзентіне 
қандай əйел алу қажеттігін айтқанда төмендегі өлшемдерді ұсынады: 
 тəрбиелі; 
 табиғаты таза; 
 жан-дүниесі пəк; 
 өзіңе дос; 
 уақытты бағалайтын; 
 дүние-малды жақсы сақтайтын; 
 көргенді; 
 көрікті; 
 үй-ішін тəртіптеп ұстай білетін; 
 көршілерге азарсыз; 
 балиғатқа жасы жеткен; 
 басқа ру, басқа тайпа, жат елден ал. 
Қандай əйелге үйленбеген жақсы: 
 жұрттан асқан сұлу болмасын; 
 дəрежесі өзіңнен жоғары болмасын; 
 бай болмасын; 
 бойжетпеген өте жас қыз алмау керек; 
 бала таппайтын тұл əйел болмасын. 
Сондай-ақ əйеліңді жақсы құрметтеу, перзентіңді тəртіпті тəрбиелеп өсіру — сенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет