Р.М.Айтжанова
208
Вестник Карагандинского университета
Сол сияқты «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Қам-Бураұлы Бамсы Бəйрек
жөніндегі
жырларында» да осы сықылды тағылымды ойлар жетерлік. «Қаңлы қожаұлы Қан-Тұралы жайындағы
жырдың» негізгі тақырыбы — əке-шешенің мұрагер баласын үйлендіріп, оған жаңа отау тігуі деуге
болады. Қалыңдық іздеудегі талабы оғыз еліне сай келмейді. Батырлығы, күш-қуаты еркектен кем
түспейтін жар іздеу — көне заманғы матриархат үстемдік етіп тұрған кезден қалған элемент болса
керек. Қыздың да өзін ұнатқан жігітін жан-жақты сынап көруі де соған саяды. Əйтпесе оғыз-қыпшақ
елінің əйелді құрметтеу сипатынан шыққан өнеге əдеби туындыға арқау болуы мүмкін.
«Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы жыры» қазақ жастарын жұбайлық өмірге даярлау
оқулығына арналған дидактикалық материал іспеттес. ІХ ғасырда Қорқыт өмір сүрген кезеңдегі
отбасыларға үлгі боларлық жұбайлар сүйіспеншілігі, қамқорлығы, бірі үшін
екіншісінің жанын
беруге даярлығы — бүгінгі күн жастарының махаббат тəрбиесіне өнегелік сипаты басым [5].
ІХ ғасырда Қорқыт бабамызбен қатар білім мен ғылым жолына өзіндік із салып шығыстың ұлы
ойшылы атанған отырарлық Əбу Насыр əл-Фараби ойшыл дана бабамыз ғылымның сан саласына
теориялық білімнің негізін қалады. Тəрбие мен білім, педагогика мен психология, сондай-ақ
əдістеменің
теориялық-тəжірибелік
мəселелерін
қарастыру
əйгілі
ғалымның
ғылыми-
философиясының құрамдас бөлігі болды. Фараби адамның өсіп-жетілуінде əдет пен дағдының
маңыздылығын жəне оның тəрбиеші мен ұстаздың ұстанымы мен табандылығы арқылы жүзеге
асатынын айтады. Дана ойшылдың тұжырымында ұстаз бен жұртқа танымал басшы бойында туа
біткен он
екі қасиеті бар, алты жүре бара қалыптасатын қасиеттерді меңгерген адам — нағыз
тəрбиеші.
Отбасы тəрбиесіндегі əке-шешенің əрекеті ел басқарған басшының қызметіндей жауапты,
ықпалды да нəтижелі болатындығын, «Мұның өзі отбасы басшыларының, балалар мен жасөспірімдер
ұстаздарының арасында болып отыратын жағдай тəрізді. Отбасы басшысының отбасы мүшелерінің
тəрбиешісі де, оқытушысы, балалар мен жас өрендер ұстазының оларға тəрбиешісі де оқытушысы
болатыны сияқты əкім де халықтардың тəрбиешісі мен оқытушысы»? — деп салыстырмалы баға
берген. Қала əкіміне қарата айтылғанмен, отбасында бала тəрбиелеуші ата-ананың педагогикалық
рөлін көтеріп, оның жан-жақтылықты керек ететіндігіне баса маңыз береді.
Əл-Фараби адамзаттың басынан өтетін түрлі
мінез кеселдері, шектен тыс құмарлық қуып,
нəпсіге берілушіліктің (арақ, наша, темекі, құмар ойындарына əуестік, көзге шөп салушылық пен
жезөкшелік т.б.) кесірінен отбасының шайқалуы немесе сезімнің жетіспеушілігінен адами
мүмкіндіктердің тоқырауға ұшырауы, мысалы, жігіттердің сүрбойдақ боп үйленбей жүруі мен
қыздардың тұрмыс құрмай отырып қалушылығы сезімнің дұрыс дамымауы немесе нəпсіге
берілушіліктен екендігін, «Рақатты шамамен пайдалану, нəпсіге ұстамдылық жасау арқылы келеді:
ішіп-жемге, əйел жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен
тыс берілу тойымсыздыққа,
қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді,
мұның өзі жазғыруға лайық қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті əрекеттер
туады», — деп көрсетеді.
«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері
» трактатында:
...Үй белгілі бір
бөлшектерден жəне бірлестіктерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны
жағынан төртеу: ері мен əйелі; қожайыны мен қызметшісі; əке-шешесі мен баласы; мүлкі мен
мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, кімде-кім оларды бір-бірімен
біріктіріп, сөйтіп олар əр түрлі əрекетке қатысып, бір мақсатқа жету үшін, үйді əр түрлі игілікпен
толтырса, кімді-кім бұл игілікті сақтау үшін, бір-біріне көмектесуі үшін олардың бəрінің арасында
байланыс орнатса, ол адам үйдің билеушісі жəне əкімі болады. Оны «қожайын» деп атайды, қалада
əкім қандай болса, ол үйде сондай болады — деп, «шағын мемлекеттің» иесі — «отағаның» отбасын
басқарудағы рөлін анықтап берген [6].
Қазіргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Шығыс Түркістан мен Орта Азияның талай
жылдар төңірегін билеп тұрған Қарахан əулеттері мемлекетінің бір орталығы болып саналатын
Баласағұн (Құз Орла) шаһарда өмір сүрген ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері, ХІ
ғасырдың өкілі (1015–1016 ж. туылған) Хас-Хаджиб атанған Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік»
еңбегі — дүние əдебиеттің
алғашқысы ғана емес, моральдық кодекс іспеттес тағылымды мұра.
Мағынасы «Құт əкелетін білім» деп аталатын тəлім-тəрбиелік ой-толғамдарға негізделген бұл
шығармаға — отбасы тəрбиесіне арналған оқулық ретінде қарауға болады. Себебі бала мінез-
құлқының үлгілі тəрбиеден туындайтыны, жақсы бала — жақсы тəрбиенің кепілі екендігі, өзің
білімдар болып, балаңды да білім мен өмірлік əдет-дағдыларға бейімдеу қажеттігі жəне ол ата-
ананың парызы екендігі тұжырымды айтылады. Қыз бала мен ер баланың тəрбиесінің ерекшелігі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
VІІІ–ХVІІІ ғасырлардағы отбасы…
Серия «Педагогика». № 1(77)/2015
209
жəне оларды болашақ жұбайлық өмірге даярлаудағы əке мен шешенің
біліктілігі қандай болуы
қажеттігін ата-анаға салмақ арта айтады.
Жүсіп Баласағұни шығармасы филологиялық қана емес, педагогикалық маңызының да
жоғарылығымен талай педагогикалық ғылыми-зерттеулер мен ғылыми еңбектерде, оқулықтарда
дидактикалық материал ретінде қарастырылып жүр. Əркім өз зерттеу нысанасы тұрғысынан
қарастыруы заңды.
Хас хаджип өзінің оқулық іспеттес «Құт əкелетін білім» кітабында ер адамның əйелге деген
көзқарасының
дұрыс болуы, өмірлік серік — əйел таңдаудың маңыздылығына мəн беріп,
«Қандай
əйел алуы керек екендігін айтады
». Баласағұнидің «əйел таңдаудағы» əлеуметтік-педагогикалық
көзқарастарын реттеп қарастырар болсақ, ер-азамат əйел таңдауды төмендегіше өлшеммен көрсетеді:
тегінің
таза болуы;
қатарың болуы;
əлеуметтік жағдайының өзіңнен төмен болуы;
бұрын «есік көрмеген» болуы;
бұрын еркекпен байланыста болмауы;
жаман қылық, жат істен алыс;
өзіңді сүйетін болуы;
ұяты мол, инабатты болуы;
ойы түзу, жүзі жарқын болуы;
қылықты болуы;
мінезді болуы;
зерделі болуы;
ардақты болуы.
Осылай айта келіп, жалпы «жар таңдаудағы» көпшілік пікірімен де санасады жəне оған да өз
ойын ұсынады. Жұрт негізінен төрт түрлі: «бай қыз», «көрікті қыз», «текті қыз», «ақылды қыз»
іздеуді басшылыққа алатынын айтады да оның да кереғар жақтарына ұрынып, опық жеп
қалатындығы болатынын ескертеді:
Бай əйелді алған адам өмір бойы соған құл болып өтеді.
Сұлу əйелді алған күйеуі өмір бойы қарауыл болып өтеді.
Үстем сөйлер қолы ұзын тектілер, сен өзіңді құл етуді бек тілер.
Ізде, досым, ақылды əйел — парасат, соны тапсаң — төрт құбылаң жарасад. Ақылды əйел
көрікті де текті ғой: «Əйел көркі — қылығында» депті ғой!.
Жүсіп Баласағұни отбасы педагогикасына өз заманы талабының деңгейінен ұсыныс айтып, пікір
қосады. Бір қарағанда, өркениет талабына қайшылықты болып көрінгенмен, оның да жауабын табуға
болады. Отбасында ата мен анаға ер бала мен қыз баланың тəрбиесіндегі ерекшеліктерді ескере
отырып, «Ұлдар мен қыздарды қалай тəрбиелеу керек екендігін айтады». Жалпы өзіңнен бала туылар
болса:
өз балаңды өз қолыңда өсір;
мейіріммен таза тəрбие бер;
əдеп, білім, өнер үйрет.
Ұлыңа:
бос жүрмесін ақыл бер;
білім беріп, оқыт;
өмірлік амал үйрет;
қолына құс қондыр.
Достарыңызбен бөлісу: