Р.М.Айтжанова
206
Вестник Карагандинского университета
Орта ғасырда қазақ жерінде тайпалық, рулық дəуір болды. Ежелгі түркі жазба ескерткіштері —
қазақ тарихына да ортақ түркі қағанаты билік құрған дəуірінен қалған тағылымды, тарихи мұра.
Шамамен VІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Йоллығ тегін — тас жазбалардың авторы (бір
зерттеулерде Білге қағанның ұлы, екінші бір зерттеулерде туысқаны делінген). Күллі түркі елінің бас
қағаны болып тарихта қалған Білге қағанның
ықпалымен тасқа қашап жазылып, Күлтегіннің
құрметіне қойылған ескерткіш. Йоллығ тегін түркілер тарихын олардың саяси майданға шыққан кезі —
VІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни Түркі қағанатын құрған заманнан бергі 200 жылдық тарихты
ескерткішке сыйдырады. Орхон-Енисей жазбалары — «Күлтегін» ескерткіші мазмұны жағынан екі
бөлімге саяды. Бірінші бөлімі: түркі халқының тарихы жайында болса, екінші бөлім: мемлекет
тарихының негізгі бөлімі — халыққа бағышталған өсиет іспеттес.
Тас жазулардағы халықты ел
қорғау мен жер қорғауға, адами жақсы мінез-құлық, əрекеттерге баулу тарапынан айтылған сөздердің
тағылымдық-танымдық, тəлім-тəрбиелік мəні зор.
Тастағы жазуларда тарихта аты қалған Білге, Күлтегін, Тоныкөк сықылды батырлардың ерлігі
баяндалады. Осы батырлардың арқасында Түрік қағанаты халықтың отбасына бірігуіне мүмкіндік
жасады, отбасылық қарым-қатынас реттелді, ел тұрмысы түзелді дегенді суреттейді:
Ол кезде құл — құлды болған еді, күң — күңді болған еді. Інісі ағасын білмес еді, ұлы əкесін
білмес еді. Білге қаған өзі туралы баяндай келіп, əке-шешесі Елтеріс қаған пен Елбілге туралы
əкем
қағанды, шешем қатынды деп атайды. Бұл сол кездегі лауазымды атаулар. Қаған — хан ретіндегі ел
басқарушы болса, əйел (хатұн) — қағанның əйелдеріне берілетін дəреже болса керек. Тағы бір
ескерерлік жайт, отбасындағы əйелдердің өз атаулары, яғни өз рөлдері, болғандығын байқаймыз:
Шешем, (онан) соңғы аналар, жеңгелерім, келіндерім, ханымдар... [1]. Осы орайда қытай
тарихында қазаққа қатысты деректерді көптеп келтіруге болатындығын білеміз. Əйелдер атауына
қатысты мəліметтерді де көптеп кездестіреміз.
Қыз (гиасы) — ханша дегеннің орнында
қолданылатын сөз. Ежелден хан-ханша, тегін-тектілердің қыздары «қыз» деп аталып, қара
халықтың қыздары «қырқын» делінген [2]. Сондай-ақ, «ата-тек» ұғымы да сол кезде болғандығынан,
Адам баласы үстіне (билік жүргізу үшін) ата-тегім Бумын қаған, Істеми қаған отырған деген
жолдардан байқаймыз.
Ел тəуелсіздігі жолындағы күресте жеңіліс табуын отбасында əке мен ағаның берген
тағылымын, ерлігін, өсиетін орындамағандықтан, көретіндігі жырда анық жазылған:
Соңындағы інісі ағасындай болмады. Ұлдары əкесіндей болмады деген жолдар бар. Отбасындағы
қарым-қатынастың мемлекетке ықпалының тікелей екендігін ...
Інілі-ағалының дауласқандығынан,...
түркі халқы елдігін жойды, қағандығынан айырылды — деп, күйзеле баяндайды. Қазақ үшін
намысқа тиюдің үлкені — оң жақта əлпештеп отырған қызының жау қолында кетуі, өмірін
жалғастыратын ұлдың жатқа құл ретінде бодан болуының отбасына үлкен қайғы əкелетіндігіне
қиналғандығын жырда:
Тауғаш халқына бек ұлдары құл болды, Пəк қыздары күң болды, —
деп қалдырған [3].
Демек, отбасында ардақтап, қыз баланы пəк күйінде сақтау, оның күңдікке емес,
еркін де бақытты өмірге лайықты екендігін айқын аңғартады.
Менің ағам мені адам етті...,
деп-ақ
туысқандық сыйластық, қарым-қатынас, үлкенді
тыңдаудың отбасында, əулетте қалыптасқанын,
ағаның рөлінің жоғары екендігін байқатады.
Тəңірлік дінге иланушы халықтың атынан Білге қаған өз жұртына өсиет айтады:
Тағдырды тəңірі жасар, Адам баласы өлу үшін туады... Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан,
өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің,
өзіңнің отбасыңда еш нəрседен мұқтаждық көрмейсің... [4]. «Отан отбасынан басталады» деген
бүгінгі қағидамызды тереңірек тамырлатып көрсетіп тұрғандай.
Отбасында мұқтаждық көрмеу, ұл-қызыңның жат қолында қор болмауы,
ата-ана сыйлап,
үлкеннен өнеге алып, өз халқыңмен бірге туған Отан аясында болу, бақытты ғұмыр кешу — қай
заманда да адамзаттың басты арманы. Жырдан осындай гуманизмге өмірін арнаған батырлардың
тарихи өсиетіне қанық боламыз.
Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай. Жұқа қалыңдаса, оны тек
алып бүктейді. Жіңішке жуандаса, оны тек алып үзеді. Қазақ үшін
«тек», «тектілік
» ұғымы отбасы
тəрбиесінің негізгі өзегі болмақ. Бұл мысалдан соң, «тек» сөзі тамырының тереңде екендігін
аңғарамыз.
«Орхон-Енисей ескерткіштері» — тағылымдық халық мұрасының бірегейі.
Тарихта өткен
бабалардың ұрпақ қамы үшін күресіп, келешегі үшін дұрыс өсиет айта алатындығына тəнті боласыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
VІІІ–ХVІІІ ғасырлардағы отбасы…
Серия «Педагогика». № 1(77)/2015
207
Адами асыл қасиеттерді дəріптейтін елдің ұрпағы болу — мақтаныш қана емес, ұлт тəрбиесінің
қайнар көзі.
Қорқыт бабаның ІХ ғасырда өмір сүргені жөнінде тарихи деректер бар. Басты дерек бізге жеткен
Достарыңызбен бөлісу: