Көріп отырғанымыздай, қарастырылып отырған жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлаудың, яғни олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастырудың бұл компоненттерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты және аталған даярлықтың күрделi деңгейлік құрылымын құрайды.
Қарастырылып отырған зерттеу пәнін өз деңгейінде ашу үшін қойылған зерттеу міндеттеріне сәйкес теориялық талдау жасалғаннан кейін эксперименттік жұмыс жүргізу қажеттілігі анықталды. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс педагогикалық-психологиялық зерттеулерде қолданылатын эксперименттік жұмыстар логикасына сәйкес жүргізілді.
Болашақ кәсіби оқыту педагогын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс екі кезеңде жүзеге асты. Бірінші кезеңде кәсіби оқыту мамандығын бітіруші курста айқындаушы (констатациялық) эксперимент жүргізіліп, түлектерде жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасу деңгейі анықталды. Бұл жерде басты бағдар ретінде құрастырылған құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлаудың үлгісі және соған сәйкес жасалған өлшемдер мен көрсеткіштер жүйесі алынды.
Айқындау экспериментiнің негiзгi мақсаты – кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлаудың жай-күйiн зерттеу және талдау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда сауалнама, әңгiмелесу, тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi, диагностикалық әдістемелер қолданылып, жоғары кәсіптік оқу орындарындағы болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлаудың бастапқы күйi анықталды.
050120 – Кәсіби оқыту мамандығы бітірушілерінің жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасу деңгейін анықтау бойынша айқындаушы эксперимент нәтижелері болашақ кәсіби оқыту бакалаврларының 50 пайызынан астамында жобалау іс-әрекетіне даярлықтың төмен деңгейде қалыптасқандығын, 30 пайыздан астамында орта деңгейде қалыптасқандығын, тек олардың 10 пайызынан астамында жобалау іс-әрекетіне даярлығы жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Сонымен қатар алынған нәтижелер компоненттер бойынша деңгейлердің әрқилылығын дәлелдейді. Мәліметтерді көрнекі түрде салыстыру үшін оны диаграммаға түсіріп көрсетуге болады (2-сурет).
Сурет 2 – Айқындаушы эксперимент кезінде алынған болашақ кәсіби оқыту педагогтарының (бітірушілердің) жобалау іс-әрекетіне даярлығы деңгейінің орта көрсеткіштері
Диаграммадан көрініп тұрғандай, студенттердің өз бойында жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптасуына сұранысы бар, әрі жобалау іс-әрекетінің өзінің кәсіби өміріндегі қажеттілігін түсінеді, дегенмен, олар жобалау іс-әрекетінің және құзыреттілік тұрғының құндылықтық негізін біле бермейді.
Айқындаушы эксперимент кезеңінде алынған болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау іс-әрекетіне даярлығы деңгейінің орта көрсеткіштері жұмысты бұдан әрі қалайша жүргізу керектігін анықтауға мұрындық болды. Яғни, бұл нәтижелер болашақ кәсіби оқыту педагогтарын жобалау іс-әрекетіне даярлауға құзыреттілік тұрғыдан келу қажеттігін негіздеп (яғни оның нәтижесі – маманның жобалау іс-әрекетіне даярлығы болуы керектігін анықтап), оның теориялық үлгісін жасап, соның негізінде арнайы әдістемелік жүйе құрастыру қажеттігін көрсетті.
Сонымен, біз зерттелініп отырған мәселені теориялық деңгейде талдау және айқындаушы эксперимент қорытындысын шығару барысында мынадай қорытындыға келдік:
- біріншіден, болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру үшін ең алдымен олармен тікелей жұмыс жасайтын оқытушылық-профессорлық құрамның зерттеу пәніне қатысты әдістемелік даярлығын жетілдіру қажет.
- екіншіден, болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың білім беру мазмұнына зерттеу пәніне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек, бұл жерде:
1) оқу жоспарының жалпы білім беру, базалық және бейіндік (профилдік) компоненттері пәндерінің мазмұнына қосымшалар енгізу;
2) қалыптастырылатын отырған даярлық түрі бойынша арнайы курстар даярланып, білім беру практикасына енгізілуі тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды кешенді түрде іске асыру үшін біз алдымызға өзіміз құрастырған құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі негізінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврларын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін жасау міндетін қойдық (3-сурет).
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде біз болашақ мамандарда жобалау іс-әрекетіне қабілетті дамытуымыз қажет. Даярлау мақсатын, оның мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, әдістері мен құралдарын біріктіретін бұл жүйеде оқытушы мен білім алушының қосбірлікті іс-әрекеті жүзеге асырылады. Іс-әрекет құралы болып әлеуметтік тәжірибе, білім алушының білімдері табылады. Іс-әрекет пәні – студенттің білімдер мен әрекеттер туралы әлеуметтік тәжірибесі мен білімі болып табылады. Ал, іс-әрекет нәтижесі – студенттің бұрынғы жинақтаған тәжірибесін өзгерту, яғни меңгеруілген тәжірибе мен білімдер ретінде көрінеді.
Біздің ұсынған әдістеме мазмұны үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – біз қарастырып отырған мамандық студенттерімен жұмыс жасайтын оқытушылық-профессорлық құрамның болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даялрау бойынша әдістемелік даярлығын жетілдіру. Оны қамтамасыз ету үшін «Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі» арнайы семинарын құрастырдық. Мазмұндық бөліктің келесі элементі – туыстас пәндер мазмұнына болашақ маманның жобалау іс-әрекеті мәселесі бойынша қосымшалар мен толықтырулар енгізу. Бұл жерде оқу жоспарының базалық компонентіндегі «Мамандыққа кіріспе», профилдік (бейіндік) компонентіндегі «Кәсіби педагогика», «Машинатанудың тоериялық негіздері» пәндерінің оқу-әдістемелік кешеніне енгізілетін қосымшаларды даярладық.
Сурет 3 – Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі
Осы бөліктің келесі құрамдас бөлігі – болашақ кәсіби оқыту бакалаврын кәсіби даярлау мазмұнына жобалау іс-әрекетіне байланысты «Жобалау іс-әрекетінің негіздері» деп аталатын арнайы курс жасап, енгіздік.
Біз құрастырған әдістеменің бірінші қарастыратыны – ол болашақ кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлайтын оқытушылардың әдістемелік даярлығын жетілдіру. Соған байланысты оқытушыларға арналған «Болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі» арнайы семинарын жобаладық. Оның мазмұнында педагогикалық іс-әрекеттің мәні және құзыреттілік ұғымы, болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудағы жобалау іс-әрекетіне даярлық, болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау құзыреттілігін қалыптастыруда білім мазмұнын іріктеу, құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі, болашақ кәсіби оқыту педагогының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістері, құралдары және формалары, т.б. мәселелер қамтылды. Семинар мазмұнын іріктеу барысында оқытушыларда бар білімдерді жаңғырту, сол сияқты жаңа әдістемелік білімдерді беру міндеттері шешілді.
Болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің келесі құрылымдық бөлігі – туыстас пәндердің мазмұнына қосымшалар енгізу болып табылады. Бұл негізінен оқу жоспарының базалық пәндер бөлігінің міндетті компонентіндегі «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша 050120 – Кәсіби оқыту мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешендердегі тақырыптар мазмұнына енгізілген толықтырулар мен профильдік (бейіндік) пәндер бөлігінің міндетті компонентіндегі «Кәсіби педагогика» және «Машинатанудың теорилық негіздері» курсының оқу-әдістемелік кешеніндегі тақырыптарға қосылған қосымшалардан тұрады (3-кесте).
Кесте 3 – Пәндердің тақырыптары мазмұнына енгізілген толықтырулар
Тақырып атауы
|
Енгізілген қосымшалар
|
1
|
2
|
«Мамандыққа кіріспе» пәні
|
Кәсіптік оқыту ұстазының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетіне кіріспе
|
Жобалау іс-әрекеті – кәсіптік оқыту ұстазының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі
|
Әлеуметтік-бағдарлық нарықтық экономиканың даму жағдайындағы өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік білім берудегі кәсіби қызметіне сипаттама
| кәсіптік оқыту ұстазының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретіндегі жобалау іс-әрекетінің сипаттамасы |
Кәсіби-педагогикалық дайындықтың мазмұны және олардың даму жолдары
| Жобалау іс-әрекетіне даярлау мазмұны |
Оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жүйесі
| Оқу-тәрбие қызметін педагогикалық жобалау негіздері |
Оқу орының (кәсіпорында) кәсіптік білім беру жүйесінде өз бетімен үздіксіз білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу
|
Жобалау іс-әрекетіне өзіндік даярлық
|
«Машинатанудың теориялық негіздері» пәні
|
3-кестенің жалғасы
|
|
1
|
2
|
“Машинатанудың теориялық негіздері” пәнінің “Машиналар мен механизмдердің теориясы” бөлімі
|
Техникалық және технологиялық үлгілеу және оның кезеңдері.
Инженерлік жобалау іс-әрекетінің ерекшеліктері
|
Механизмдердің құрылымы
| Детальдарды құрылымдаудағы жобалау |
Машина детальдары туралы жалпы мағлұматтар
| Машина детальдарын жобалау кезеңдері |
«Кәсіби педагогика» пәні
|
Кәсіби мектептегі педагогикалық үрдіс
|
Кәсіби мектептегі педагогикалық үрдістегі құзыреттілік тұрғы
|
Кәсіптік оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары
|
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесін жобалау негізінде қолдану
|
Оқу үрдісін педагогикалық жобалау негіздері
|
Жоба әдісі. Жобалауға құзыреттілік тұрғыдан келу. Педагогикалық жобалаудың тарихи-типологиялық сипаттамасы
|
Кәсіптік оқыту педагогының кәсіби қалыптасуының педагогикалық негізі
|
Кәсіптік оқыту педагогының кәсіби қалыптасуы көрсеткішінің бірі ретіндегі жобалау құзыреттілігі
|
Достарыңызбен бөлісу: |