Өтебаев Исатай Сейітұлы Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау



бет3/4
Дата12.07.2016
өлшемі473.42 Kb.
#195510
түріДиссертация
1   2   3   4

Жоғарыда кестеде көрсетілген енгізілген толықтырулар негізінен семинар сабақтарында қарастырылады. Кестеден көрініп тұрғандай, енгізілген қосымшалар болашақ педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастыруды жүзеге асыру үшін білімдер, іскерліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында аталған шарттарды (оқытушылардың әдістемелік даярлығын жетілдіру, пәндердің мазмұнына толықтырулар мен қосымшалар енгізу) іске асырудың жеткіліксіздігі байқалды. Сондықтан, болашақ кәсіби оқыту педагогтарын жобалау іс-әрекетіне даярлау процесінің тиімділігін арттыру мақсатында оқу жоспарына арнауы курс жобалап, енгізу қажет болды (4-кесте).

Арнайы курстың мазмұнын құрылымдау студенттердің жобалау іс-әрекетінің тәсілдерін және оларды педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолдану іскерліктерін меңгерту мақсатына сәйкес құрылды.

Педагогикалық зерттеулер жүргізу логикасына сәйкес ендігі кезекте біздің алдымызда жасалған болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін іс жүзінде, яғни эксперимент арқылы тексеру және нәтижелерін қорыту міндеті қойылды.

Ғылыми ұғым ретінде тиімділік философиялық категория болып табылады. Ол да ықтималдық сияқты болжанған нәтижеге жақындық деңгейін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда тиімділікті іс-әрекет өлшемі және нысанның өмір сүруінің сапасы ретінде есептеуге болады.


Кесте 4 – «Жобалау іс-әрекетінің негіздері» арнайы курсының тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

1

Іс-әрекет құрылымы және функциялары

1

1

2

2

Маманның кәсіби даярлығындағы жобалауға даярлық

1

1

2

3

Тұтас педагогикалық процесті жобалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері

1

1

2

4

Болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жобалау іс-әрекеті

1

1

2

5

Жобалар түрі және олардың сипаттамалары

1

1

2

6

Жобалау іс-әрекетіндегі мақсат қою проблемасы

1

1

2

7

Жобалау іс-әрекетіндегі конструкциялау

1

1

2

8

Жаңа білім беру бағдарламаларын құру технологиялары

1

1

2

9

Дидактикалық материалдарды құрастыру

1

1

2

10

Оқу тапсырмаларын құрастыру

1

1

2

11

Мұғалім іс-әрекетін жобалау технологиялары

1

1

2

12

Жаңа материалдарды оқып-үйренудің вариативтік үлгілерін құру

1

1

2

13

Оқушылардың білімдерін бағалау мен бақылау жүйесін құру

1

1

2

14

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жобалау

1

1

2

15

Үй тапсырмалары жүйелерін үлгілеу

1

1

2




Барлығы:

15

15

30

Қалыптастырушы эксперимент жүргізу логикасына сәйкес 2006-2009 жылдар аралығында бірқатар салыстырмалы эксперименттік жұмыстар жүргізілді, оның негізгі мақсаты – құрастырылып ұсынылған болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесінің тиімділігін және нәтижелілігін тексеру болды.

Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі іске асырылғаннан кейін диагностикалау арқылы оның тиімділігінің нәтижелері бақылау және эксперимент топтарының деңгейлерін компоненттер бойынша салыстыру арқылы шығарылды. Нәтижелердің қаншалықты өзгеріске түскенін байқау мақсатында бастапқы және соңғы кесінді мәліметтерін салыстырдық. Оның көрсеткіштері 5-кестеде берілген.

Ұсынылған кестеден екі топтың да нәтижелерінің оң өзгерістерге ұшырағанын көре аламыз. Дегенмен, қалыптасқан дәстүрлі әдістеме арқылы оқытылған бақылау тобы студенттерінің эксперимент басындағы және эксперимент соңындағы нәтижелері арасында айырмашылық айтарлықтай емес: бұл жерде оң динамикаға негізінен орта деңгейді көрсеткендердің ұлғаюы және төмен деңгейдегілердің азаюы есебінен қол жеткізілген. Жекелеп айтсақ, төмен деңгей 5 пайызға азайған, орта деңгей 5,35 пайызға ұлғайған. Ал жоғары деңгейде өзгеріс болмаған деп айтуға болады (-0,05 пайыз).

Кесте 5 – Бақылау және эксперимент топтарындағы студенттерде жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасқандығы деңгейінің салыстырмалы мәні


Деңгейлер

Нәтижелер (% есебімен)

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Экс. басында

Экс. соңында

Экс. басында

Экс. соңында

Төмен деңгей

49,64

44,64

49,998

12,88

Орта деңгей

31,43

36,78

32,72

36,02

Жоғары деңгей

18,93

18,58

17,282

51,1

Керісінше, жаңа әдістеме арқылы оқытылған эксперимент тобындағы өзгерістер көзге бірден көрінеді: мұнда төмен деңгей көрсеткіштері 37,12 пайызға дейін төмендесе, орта және жоғары деңгей көрсеткіштері тиісінше 3,3 және 33,82 пайызға өскен. Яғни, мұнда оң динамика бар. Бұл дегеніміз ұсынылған әдістеменің оң нәтиже бергенін, студенттердің бойында іс-әрекет түріне қызығушылықтың және жобалау іс-әрекетіне құндылықтық қатынастың қалыптасқанын, олардың жобалау іс-әрекеті туралы білімдерді меңгергенін, жобалау іс-әрекетін іске асыру іскерліктерінің қалыптасқанын және іс-әрекет рефлексиясының барлығын көрсетеді.

Алынған нәтижелердің дәлелділігін тексеру Стьюденттің t-критерийін қолдану арқылы жүргізілді, бірақ бұл жерде топтардың эксперимент басындағы және соңындағы нәтижелері – тәуелді таңдамалар есепке алынды. Осы мақсатта төмендегі формула қолданылды:

(1)

бұл жерде – әр салыстырылатын жұптағы эксперимент басындағы және соңындағы нәтижелер арасындағы алшақтық; – осы жеке алшақтықтар сомасы; – жеке алшақтықтар квадратының сомасы; n – білім алушылар саны.

Эксперименттік және бақылау тобының нәтижелері арасындағы айырмашылық бұл жерде болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жобалау құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысы аясында эксперимент жүргізу барысында алынған нәтижелерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: жоғары оқу орнында болашақ кәсіби оқыту бакалаврларын даярлау процесіне олардың жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін енгізу олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығының тиімділігін арттыруға жағдай жасады. Сондықтан біз ұсынған әдістеме тиімді болып табылады, оны пайдалану бір сөзбен айтқанда болашақ кәсіби оқыту педагогының бойында жобалау құзыреттілігінің қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Қорытынды
Бүгінгі күні еліміздің жоғары білім беру жүйесі алдына білім беру сапасын арттыру, оның жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Бұл міндет еліміздің әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерден туындайды. Республиканың алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы оның азаматтарының тұлғалық-кәсіби әлеуетінен тәуелді екенін естен шығармаған дұрыс. Осы тұрғыдан алғанда педагог мамандардың тұлғасына қойылатын талаптардың күшейетіні сөзсіз. Сондықтан педагогтарды кәсіби даярлау процесіне жаңа талаптар қойылып, өзгерістер енгізілу керектігі күмән тудырмайды. Бұл кәсіби оқыту педагогтарын даярлауға да қатысты. Біздің ойымызша, бұл өзгерістердің негізгілерінің бірі – болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау арқылы оның жобалау құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы себептен біз аталған проблеманы өзіміздің зерттеу жұмысымыздың өзегі етіп алдық.

Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

1. Білім беру жүйесін реформалау негізінде шығатын педагогқа қойылатын жаңа талаптар болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесі алдына инновациялық іс-әрекетке дайын, зерттеу іс-әрекетіне белсенді қатысуға даяр маман қалыптастыру міндетін қойып, жобалау іс-әрекетіне даярлау қажеттігін тудырып отыр.

2. Мәселеге арналған ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау арқылы «болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау» ұғымының мәні анықталды және оны қалыптастыруда құзыреттілік тұрғыдан келу қажеттігі негізделді, ол бойынша болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау – педагогикалық жүйені, объектіні немесе үлгіні құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді, дағдыларды тұлғалық қасиеттерге айналдыра отырып меңгерту, оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады.

3. Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі оның компоненттерінің бір-бірімен өзара логикалық байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, жобалау іс-әрекетіне даярлықты қалыптастыруға қызмет етеді.

4. Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау мотивациялық-құндылықтық, мазмұндық, операциялық-іс-әрекеттік және рефлексиялық компоненттерден тұрады және олардың критерийлері болып іс-әрекет түріне қызығушылық, жобалау іс-әрекетіне құндылықтық қатынас, жобалау іс-әрекеті туралы білімдер, жобалау іс-әрекетін іске асыру іскерліктері және жобалау іс-әрекетінің рефлексиясы табылады, оларды объективті бағалау үшін болашақ маманда жобалау іс-әрекетіне даярлығының қалыптасқандығының үш деңгейін (төмен, орта, жоғары) бөліп көрсету қажет.

5. Жоғары оқу орнында кәсіби оқыту бакалаврларын даярлауға практикалық көмек ретінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі жасалынып, оқу процесіне енгізілді.

6. Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесінің мазмұнын оқытушылардың әдістемелік дайындығын жетілдіруге арналған «Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі» арнайы семинары, «Кәсіби педагогика», «Мамандыққа кіріспе», «Машинатанудың теориялық негіздері» пәндерінің мазмұнына толықтырулар мен қосымшалар, «Жобалау іс-әрекетінің негіздері» арнайы курсы құрайды.

Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін жоғары оқу орнының оқыту процесіне енгізу арқылы оның тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденді. Мақсаттық, мазмұндық, технологиялық және нәтижелік бөліктерден құралған болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі оларды құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлауға мүмкіндік береді.

Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:

- болашақ мамандарды жобалау іс-әрекетіне даярлау процесі вариативтілік (жүйені жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша шарттарды енгізу және жүйенің дамуына кедергі келтіретін жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-әрекет пен қарым-қатынастар бірлігі (кез келген емес, тек тұлғаның жетілуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді меңгеру), өзіндік даму және өзін-өзі іске асыру принциптеріне негізделуі керек;

- болашақ педагогтарды жобалау іс-әрекетіне даярлау барысында оларда: а) іс-әрекет түріне қызығушылық; б) жобалау іс-әрекетіне құндылықтық қатынас; в) жобалау іс-әрекеті туралы білімдер; г) жобалау іс-әрекетін іске асыру іскерліктері және д) жобалау іс-әрекетінің рефлексиясы қалыптастырылуы қажет;

- болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлаудың біз ұсынған әдістемесі кәсіби білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сондықтан оны кәсіби білім беру мекемелерінің педагогикалық процесінде қолдануға болады;

- мамандар даярлау жүйесін заманауи талаптарды есепке ала отырып жаңа теориялық-әдіснамалық мазмұнмен қамтамасыз ету қажет, оны іске асыру үшін педагогикалық мамандар даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білім беру мазмұнына тиісті толықтырулар енгізілуі тиіс;

- зерттеу жұмысы барысында жасалып, қолданылған «Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі» арнайы семинары оқытушылардың әдістемелік дайындығын жетілдіруге өзіндік үлес қосқандықтан, оны білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінде де қолдануға болады;

- зерттеу жұмысы барысында құрастырылып, пайдаланылған «Жобалау іс-әрекетінің негіздері» арнайы курсын оқыту процесіне енгізу нәтижелері тиімді болғандықтан, оны басқа да педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына бейімдеп енгізу мүмкіндігі жоғары.

- алынған зерттеу нәтижелерін басқа да педагогикалық мамандықтар бойынша орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында білім алушыларды даярлауда және білім беру қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде қолдануға болады.

Біз өз зерттеу жұмысымызда анықталған зерттеу проблемасының бір қырын ашып көрсеттік, дегенмен оның барлық жақтарын бір жұмыс аясында зерттеп шығу мүмкін емес. Болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жобалау құзыреттілігін қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оны қалыптастырудың әдістерін, құралдарын және ұйымдық формаларын жетілдіру мәселелерін зерттеу болашақтың ісі болып табылады.



Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мазмұны төмендегі басылымдарда жарық көрді:
1. Гидравлика және гидрожетек негіздері. Автомобильдік мамандықтарға арналған жалпы курс. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – 176 б. (М.С. Овчаровпен авторлық бірлестікте)

2. Конструкциялаудың кеңістіктік елестетулерді дамытудағы орны мен оның оқу шығармашылығындағы маңызы // Формирование профессиональной подготовки инженерно-педагогических кадров: Сб. науч. трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 131-136.

3. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері // Подготовка специалистов с использованием современных информационных технологии: Сб. науч. трудов. – Караганды: Изд-во КарГУ, 2002. – С. 287-291

4. 3004 «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының студенттері үшін «Қолданбалы механика» пәнінен лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Әдістемелік нұсқау. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – 19 б.

5. Көліктік-коммуникациялық кешен үшін мамандар даярлауда экологиялық білім беруді жетілдірудің маңызы туралы // Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері. Академик Е.А. Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының маиериалдары. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – Б. 107-109.

6. Необходимость изучения основ предпринимательской деятелньости в вузе // Образовательно-инновационная и социокультурная политика в Казахстане и сопредельных территориях: опыт, проблемы, и перспективы. Материалы международной научно-теоретической конференции. – Астана: Изд-во ЕГИ, 2005. – С. 271-273.

7. Расширение области применения и определение режимных параметров бурильных установок с винтовыми рабочими органами // Моделирование профессиональной деятельности в условиях информационной инфраструктуры: Сб. Науч. Трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2005. – С. 225-228.

8. Автомобиль конструкциясында гидравликалық құрылғыларды қолдану // Моделирование профессиональной деятельности в условиях информационной инфраструктуры: Сб. Науч. Трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2005. – С. 164-166.

9. «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған «Машинатанудың теориялық негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – 96 б.

10. Формирование современных знаний о цивилизованном предпринимательстве у студенческой молодежи // Валихановские чтения. Материалы международной научно-практической конференции. Т. 5. – Көкшетау: Изд-во КГУ, 2007. – С. 200-203. (Л.М. Мищукпен авторлық бірлестікте)

11. Сұйықтар динамикасы. Оқу құралы. Қарағанды: ЖШС «Санат-Полиграфия» баспасы, 2007. – 108 б.

12. Необходимость профессиональной подготовки автотранспортных психологов // Инновационные технологии в образовании. Материалы международной научно-практической конференции: Сб. статей. – Пенза: АНОО «Приволжский Дом знаний», 2008. - С. 113-115. (Л.М. Мищукпен авторлық бірлестікте)

13. Теоретико-практические основы введения кредитной технологии обучения в вузе // Международный, федеральный и региональный рынок образовательных услуг: состояние и перспективы развития. Материалы международной научно-практической конференции: Сб. статей. – Пенза: АНОО «Приволжский Дом знаний», 2008. - С. 40-42. (Л.М. Мищукпен авторлық бірлестікте)

14. Машинатанудың теориялық негіздері. Электронды оқулық. 09.12.2009 ж. № 855 куәлік (Г.Әбілқасымовамен авторлық бірлестікте)

15. Кәсіби оқыту бакалаврын кәсіби-технологиялық даярлау – педагогикалық // ҚарМУ хабаршысы. Серия Педагогика – 2009. - №4 (56). – Б. 93 – 96.

16. Компетентный подход в подготовке будущего педагога профессионального обучения // Бъдещи изследвания, - 2010. Материали за 6-а международна научна практична конференция. Том 9. Педагогически науки. София. «Бял ГРАД-БГ» ООД – 64 стр. 41-43. (Г.Әбілқасымовамен авторлық бірлестікте)

17. Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесіндегі құзыреттілік тұрғы // Ізденіс. – 2010. - №1(1). – Б. 265 – 268.

18. Педагогикалық әдебиеттердегі құзыреттілік ұғымы // Ұлт тағылымы. – 2010 - №1 – Б. 63 – 67.

19. Педагогика ғылымындағы «жобалау» ұғымының мәні // ҚарМУ хабаршысы. Серия Педагогика – 2010. - №1 (57). – Б. 4 – 7. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте)


Резюме
Утебаев Исатай Сейтович
Подготовка будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности на основе компетентностного подхода
13.00.08 – Теория и методика профессионального образования
Сложившаяся социально-экономическая ситуация на этапе перехода Республики Казахстан к рыночной экономике характеризуется ростом потребностей работодателей в профессионально компетентных кадрах. Профессиональная компетентность связана с качеством профессионального образования. Поэтому полученное образование, признается качественным, если его результаты соответствуют заданным целям и спрогнозированы в зоне потенциального развития будущих специалистов.

Модернизация содержания профессионального образования требует его обновления на основе компетентностного подхода. Сегодня компетентностный подход в обучении широко обсуждается научной и педагогической общественностью и формулируется как отклик сферы образования на запросы внешнего мира.

В современных условиях развития системы профессионального образования появляется новая составляющая профессиональной компетентности педагогов профессионального обучения – это компетентность в области проектировочной деятельности, которая должна быть сформирована уже в вузе.

Объект исследования: педагогический процесс в вузе.

Цель исследования: теоретическое обоснование и методическая разработка процесса подготовки будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности на основе компетентностного подхода.

Методологические и теоретические основы исследования: теория познания и положения о всеобщей связи всех процессов и явлений в природе и обществе; методологические концепции целостного, системного, личностного подходов; теория целостного педагогического процесса; концепция непрерывного образования, научные теории о роли информационных технологий, теории и методики профессионального образования.

Источники исследования: Конституция Республики Казахстан, Закон Республики Казахстан «Об образовании», Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2005-2010 гг, труды философов, педагогов, психологов по проблеме исследования, нормативные документы по образованию, государственные общеобязательные стандарты, учебно-методические комплексы, учебные программы.

Методы исследования:


  • аналитические (анализ методической литературы, моделирование, систематизация и др.);

  • диагностические (опрос, индивидуальная и коллективная беседа, дискуссия, контроль, тестирование и др.);

  • статистические (математическая и статистическая обработка результатов исследования).

Научные результаты исследования:

1) уточнена сущность понятия «подготовка будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности»;

2) разработана модель подготовки будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности на основе компетентностного подхода;

3) определены критерии и показатели подготовки будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности;

4) разработана методика подготовки будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности;

5) экспериментально проверена эффективность разработанной методики будущего бакалавра профессионального обучения к проектировочной деятельности.

Разработаны и внедрены в учебный процесс высших учебных заведений для оказания практической помощи:

- спецсеминар для совершенствования методической подготовки преподавателей «Методика формирования проектировочной деятельности педагогов профессионального обучения»;

- спецкурс «Основы проектировочной деятельности»;

- дополнение к содержанию дисциплин «Профессиональная педагогика», «Введение в специальность», «Теоретические основы машиноведения».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет