Тестік тапсырмалар
1. Дәріхана жағдайында салмақпен дозалау үшін қолданылатын таразылар:
A) пружиналы
B) рычагты
C) техникалық
D) дәлдігі 2-ші класты
E) электронды
2. Өндірісте қол таразының келесі түрі шығарылмайды:
A) ВР – 1
B) ВР – 5
C) ВР – 20
D) ВР – 100
E) ВР – 50
3. Сұйықтықты көлеммен дозалау дәлдігіне әсер етпейді:
A) бюретканың қабырғасының қалыңдығы
B) сыртқы орта температурасы
C) құралды калибрлеудегі температура
D) сұйықтықтың тұтқырлығы
E) сұйықтықтың деңгейіне қатысты фармацевт көзінің қырағылығы
4. Стандартты тамызғышпен өлшенген бір миллилитр тазартылған судағы тамшы саны:
A) 50
B) 40
C) 30
D) 20
E) 10
5. Дозалаудың келесі тәсілі, көптеген факторларға байланыссыз, ең қолайлысы:
A) тамшымен
B) салмақ бойынша
C) көлем бойынша
D) мәндердің айырмасы бойынша
E) алдын ала заттың салмағы анықталған көлем бойынша
Сабақ 2
1. Тақырыбы: Ұнтақтар технологиясы.
2. Мақсаты: Дәрілік заттардың мөлшері және физика-химиялық қасиеттері бойынша әртүрлі жәй және күрделі ұнтақтарды, құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі дәрілік заттары бар ұнтақтарды, экстрактармен, қиын ұнтақталатын, бояғыш заттармен және жартылай фабрикаттармен ұнтақтар дайындауды және сапасын бағалауды үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:
ұнтақтарға рецептер жазу ерекшеліктері;
дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттері;
жәй және күрделі ұнтақтарды дайындау ережелері;
құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттардың дозаларын тексеруді;
экстрактармен, қиын ұнтақталатын, бояғыш заттармен, жартылай фабрикаттармен ұнтақтар дайындау ережелерін;
құрамында аз мөлшерде (0,05 кем) жазылған күшті әсер ететін, улы және есірткі дәрілік заттары бар ұнтақтарды дайындау ережелерін;
ұнтақтарды дайындау, сапасын бағалау, босатуға безендіру бойынша нормативтік
құжаттар талаптарын.
Достарыңызбен бөлісу: |