Студент істей алуға тиіс:
жәй және күрделі ұнтақтар және құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттары бар ұнтақтарды дайындауды (дәрілік заттарды өлшеу, майдалау, араластыру, дозалау);
дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескеріп капсулаларды дұрыс таңдауды;
улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ұнтақтар, дәрілік түр ретінде. Басқа дәрілік түрлерге қарағанда ұнтақтардың артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚР МФ «Ұнтақтар» мақаласы.
«Ұнтақтар» тақырыбы бойынша латын терминологиясы.
Қатты заттардың амфорлы құрылымы.
Бөлшектердің қаныққан тығыздығы, формасы және өлшемі.
Кристалды заттардың кристалдық құрылысы.
Майдалау. Майдалау түрлері.
Жәй және күрделі ұнтақтар дайындау технологиясының сатылары.
Күрделі ұнтақтарды дайындау барысында ингредиенттерді араластыру және майдалау реттілігіне әсер ететін факторлар.
Ұнтақ құрамындағы улы, наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілік заттардың реттік және тәуліктік дозаларын тексеру. Наркотикалық заттардың тізімі, олардың бір реттік дозаларының босатылу нормалары.
Құрамында аз мөлшерде (0,05 кем) жазылған күшті әсер ететін, улы және есірткі дәрілік заттары бар күрделі ұнтақтарды дайындау ережелері, оларды дайындау ерекшеліктері.
Тритурациялардың сипаттамасы, дайындау, сақтау және ұнтақтарды дайындауға қолдану.
Қиын ұнтақталатын заттармен және экстрактармен ұнтақтар технологиясы.
Бояғыш, иісті және ащы дәмді заттармен ұнтақ дайындау ерекшеліктері, сақтау, босату және қолдану тәртіптері.
Жартылай фабрикаттарды және дәріханаішілік дайындамаларды дайындау
ҚР ДСМ (бұйрықтарына) нормативті құжат талаптарына сай дәрілік түрлердің сапасын бағалау, босатуға безендіру және сақтау ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: |