4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Менингококкты инфекцияның анықтамасы, этиологиясы
Менингококкты инфекцияның эпидемиологиясы, инфекция көзі
Менингококкты инфекцияның берілу механнизмі, факторы, берілу жолы
Менингококкты инфекцияның қабылдағыштығы мен иммунитеті
Менингококкты инфекцияның эпидемиялық ағымы
Менингококкты инфекцияның патогенезі, клиникасы
Менингококкты инфекцияның зертханалық және инструментальді диагностикасының қағидалары
Менингококкты инфекцияның алдын алу және күресу шаралары
Менингококкты инфекцияның эпидемияға қарсы шаралары
Қазақстандағы менингококкты инфекцияның заманауи бағыттағы және алдын алу, күресу шаралары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Менингококты инфекция инфекцияның қандай тобына жатады?
зоонозды
б) қатаң антропоноз
в) антропозооноз
г) тері жамылғыларының инфекциялалры
д) трансмиссивті инфекциялар
2. Адам ағзасында менингококтың негізгі таралу жолы:
а) лимфогенді
б) гематогенді
в) нерв жолдарымен
г) барлығы дұрыс
д) ешқайсысы дұрыс емес
3.Менингококты инфекция кезінде генерализациялық үдеріске алып келетін себептер:
а) иммунды статустың бұзылуы
б) М және G класында иммуноглобулиннің жетіспеуі
в) осы аурудың генетикалық бейімделуі
г) барлығы дұрыс
д) ешқайсысы дұрыс емес
4. Менингококты инфекцияның негізгі берілу механизмі:
а) тұрмыстық қарым-қатынас
б) ауа-тамшылы
в) ауа-шаңды
г) перкутантты
д) фекальді-оральді
5. Менингококцемия кезіндегі паттогномоникалық симптомның болуы:
а) айқын қызба
б) дұрыс емес типті қызба
в) геморрагиялық бөртпе
г) гипостезия
д) гепатоспленомегалия
6. Менингококты инфекциямен ауырады:
а) 4 жасқа дейінгі балалар
б) 5 жастан 14 жасқа дейін
в) 15 жастан 30 жасқа жейін
г) 31 жастан жоғары
д) аталған топтардың барлығы
7. Менингококты инфекияның жайылған формасына аталғандардың барлығы жатады, мынадан басқа:
а) менингококцемия
б) менингококты менингиттер
в) менингоэнцефалиттер
г) менингококцемияның іріңді менингитпен араласқан нұсқасы
д) менингокок тасымалдаушы
8. Менингококты менингиттің диагнозын нақтылау үшін қажет:
а) менингококқа мұрын және ауыз қуысынан жұқпа алу
б) менингококқа қанды егу
в) жуан қан тамшысының бактериоскопиясы
г) ликвордың бактериоскопиясы
д) менингококқа ликворды егу
9. Менингококцемияға келесі клиникалық симптомдар тән:
а) жедел аурудың дамуы
б) жоғарғы қызба
в) бас ауру, қалтырау, әлсіздік
г) тері жамылғысында геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы
д) аталғандардың бәрі дұрыс
10. Менингококты инфекция аурушаңдығының күрделенуінің алғашқы
белгілері:
а) үлкендердің және жасөспірімдердің арасындағы аурудың өсуі
б) ұжымдық ұйымдарда менингококты инфекцияның жайылған
формасының санының өсуі
в) менингококты инфекцияның жайылған формасындағы бас ауру,
қалтырау, әлсіздік
г) тері жамылғысында геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы
д) аталғандардың бәрі дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |