Жағдайлық есеп №1
10 жасар бала, әлсіздікке, басының ауруына, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне, бір жақ құлақ маңының ауырып ісінуіне шағымданады. Ауырғанына 1 күн болған.
1.Сіздің диагнозыңыз.
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
Жағдайлық есеп №2
5 жастағы бала уйде қызба және бүкіл денесінде бөртпе шығуына байланысты
емделген. Сырқатының 9 – шы күні теңселіп жүрісі бұзылды. Дене қызуы
қалыпты,букіл денесінде қабыршақтанулар бар, менингиальды белгілері теріс,
Ромберг кейпінде тұра алмайды, басын ұстай алмайды. Ликвор көрсеткіші:
белок 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша.
1.Сіздің диагнозыңыз.
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
1. Тақырыбы №11: Іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасын, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау туралы теориялық білімдерін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
Студенттерге іш сүзегі, А және В парасүзектерінің эпидемиялық процесінің, даму механизмі туралы білімін жетілдіру
Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидаларын үйрету
Іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің эпидемиологиялық қадағалау негіздерін үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |