ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет19/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

Жағдайлық есеп №1.
Отбасында бала-бақшаға баратын 3 және 6 жастағы балалар бар. Үлкен баласы ауырып қалған. Ауруы жедел құрғақ жөтелмен, дауыс сырылымен, дене қызуының 38,70С көтерілуімен басталған. Жарықтан қорқу, қабақтың ісуі, бетте дақты-папулезді бөртпелер, шырышты ұртта энантема анықталған.

  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?



Жағдайлық есеп №2.
Аймақтық дәрігердің қарауында 3 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының көтерлуі, әлсіздік. Қарап тексергенде арқаның, аяқ-қолдардың жазғыш беткейлерінің өзгермеген терісінде ұсақ дақты бөртпе, мойынның артқы және шүйде лимфа бездерінің үлкейгендігі байқалды.
1.Қандай диагноз қоюға болады?
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
1.Тақырыбы №10: Желшешекті және эпидемиялық паротиттің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру өағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау. Көкжөтелдің және паракөкжөтелдің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау
2.Мақсаты: Студенттерге желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қағидалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы желшешек және эпидемиялық паротиттің заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру. Студенттерге көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қағидалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы көкжөтел және қоскөкжөтелдің заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттердің желшешек және эпидемиялық паротит этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Желшешек және эпидемиялық паротит кезіндегі эпидемиялық үдерістің сипаттамасын меңгеру

  • Желшешек және эпидемиялық паротит кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары меңгеру

  • Желшешек және эпидемиялық паротиттің профилактикалық шаралардағы қағидаларын меңгеру

  • Желшешек және эпидемиялық паротиттің эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.

  • Студенттердің көкжөтел және қоскөкжөтел этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Көкжөтел және қоскөкжөтел кезіндегі эпидемиялық үдерістің сипаттамасын меңгеру

  • Көкжөтел және қоскөкжөтел кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидаларын меңгеру

  • Көкжөтел және қоскөкжөтелдің профилактикалық шаралардағы қағидаларын меңгеру

  • Көкжөтел және қоскөкжөтелдің эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет