ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет34/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Кенелік энцефалиттің қоздырғышының сипаттамасы

  • Эпидемиялық жиынтықтың сипаттамасы, аурудың маусымдылығы

  • Кенелеік энцефалиттің қоздырғышының берілу механизмі

  • Кенелік энцефалиттің клиникасы, патогенезі

  • Ошақтағы эпидемиялық жиынтық

  • Кенелік энцефалиттегі шұғыл алдын алу шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.
6. Әдебиеттер:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.


қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
Сұрақтар:
1.Кенелік энцефалиттердің қоздырғыштарының сипаттамасы
2.Эпидемиялық процестің сипаттамасы, кенелік энцефалиттің қоздырғышының берілу механизмі
3.Кенелік энцефалиттің патогенезі, клиникасы
4.Кенелік энцефалит кезіндегі эпидемиялық процесс және эпизоотиясының заманауи ерекшелігі
5.Кенелік энцефалит кезіндегі эпидемиялық процесті басқарудың әдістері
6.Кенелік энцефалит кезіндегі эпидемиялық қадағалаудың жалпы қағидалары.
7.Кене энцефалитімен күресудегі және алдын алу үшін жүргізілетін шараларды негіздейтін құжаттар
Тесттер:
1. Кенелік энцефалиттің табиғи ошағын анықтайтын өзекті мәселелер:
а) аурушаңдықтың деңгейі
б) табиғи ошақта болу жиілігі
в) тасымалдаушылардың саны
г) тасымалдаушылардың залалдануы
2. Кенелік энцефалиттің табиғи ошағындағы маңызды көрсеткіштер:
а) кенелердің саны
б) құрамында әртүрлі вирустары бар кенелердің саны
в) кенелердің вируспен залалдануры
г) кенедегі вирус саны
3. Эпидемиологиялық маңызы бар:
а) табиғи ошақ
б) антропургиялық ошақ
4. Кенелік энцефалиттің вирусы ... туыстыққа жатады:
а) Togaviridae
б) Flaviridae
в) Bynyaviridae
г) Filoviridae
5. Кенелік энцефалиттің вирусы типті емес ... байланысты:
а) генотипіне
б) антигендік құрылымына
в) органиотропты
г) ультракүлгін сәулесіне сезімталдығы
6. Кене энцефалитінің негізгі тасымалдаушылары:
а) Ixodes persucatus
б) Ixodes pavlovskyi
в) Ixodes ricinus
г) Ixodes dammini
7. Кенелік энцефалит кезіндегі профилактикалық шаралар:
а) үй шаруаларын өңдеу
б) арнайы киімдерді пайдалану және реппелент
в) дератизация
г) эпидемиялық көрсеткіштері бойынша адамдарды вакцинациялау
8. Қазіргі уақытта кенелік энцефалитінің алдын алу шараларына қарапайым және ыңғайлы әдістер:
а) вакцинация
б) жедел спецификалық иммуноглобулиндік шаралар
в) заманауи және жеке сақтау шаралары
9. Антропургиялық ошақтағы кенелік энцефалитінің ққалыптасуы:
а) орманды жерлерде табиғи ошақтың тасымалдауы
б) табиғи ошақта акарицидті өңдеулердің жүргізілмеуі
в) ешкілердің бас-басының көбеюі
г) халықтың антигенмен үнемі қайталамалы қатынасының болмауы
10. Кене энцефалитінің табиғи ошақтағы белсенділігін анықтайды:
а) аурушаңдықтың деңгейі
б) табиғи ошақта болу жиілігі
в) тасымалдаушылардың саны
г) тасымалдаушылардың залалдануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет