Жағдайлық есеп
Науқас К 20 жаста, инфекциялық стационарға мынадай шағымдармен түскен: қатты бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы, құсу, жарықтан үрейлену, қозғыштық, дене қызуының жоғарылауы (39-40ºС). Қарағанда: ш.йде бұлшықетінің тартылуы, Керминг, Брудзинский симптомы оң мәнді, пульс – 124 мин., АД – 140/85 мм.с.б. Жұлын ми сұйықтығының қорытындысы: Панди реакциясы +++, цитоз 36 жасуша, оларды, 28 лимфациттер, ақуыз – 1,3 г/л, қант – 2,7 ммоль/л. Эпиданамнез: аурудан 2 апта бұрын орманда болған, басының шаш бөлігінде 2 сорғыш кене ұстаған.
Науқасқа мынадай диагноз қойылды: «Кенелік энцефалит, менингиальді формасы, орташа ауырлық дәрежесі».
Есепті бағалап және кенелік энцефалит себептерін атап көрсетіңіз. Эпидемиялық ошақтағы алдын алу шараларын бағалаңыз және жүргізілу шараларын негіздеңіз.
1. Тақырыбы №17: Обаның және туляремияның этиологиясы, эпдемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау қағидалары.
2. Мақсаты: Оба мен туляремияның алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы қағидаларын, эпидемиялық процестің сипаттамасын, негізгі этиологиясын студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
Оба ауруы кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипаттамасын, этиологиясын студенттерге қалыптастыру
Обадағы эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру принциптерін меңгеру
Оба кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгерту
Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру
Туляремия кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипатта масын, этиологиясын студенттерге қалыптастыру
Туляремиядағы эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру
Туляремия кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру
Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргзуде дағдыларды қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |