4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Энтеровирусты және ротавирусты инфекциялардың этиологиясы, топтары
Эпидемиялық процестің сипаттамасы
Инфекцияның қоздырғыш көзі, берілудің басты механизмі, қабылдағыштығы
Берілу факторлары, клиникалық байқалу, патогенезі, диагностикасы, емі
Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары
Эпидемиологиялық қадағалау
Алдын алу жолдары
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1, 2 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын
алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
1. Ротавирусты гастроэнтеритке қатысты дұрыс бекітуді атаңыз:
а) қоздырғыш қоршаған ортада қалыпсыз
б) ауру тропикалық елдерде тараған
в) көбінесе кішкентай балалар ауырады
г) негізгі берілу жолы ауа-тамшы
д) инфекция қоздырғыш көзі ауру адамдар және жануарлар болып табылады
2. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Ротавирусты гастроэнтериттің клиникалық көрінісіне тән:
а) эпигастрий және іштің ортаңғы аймағындағы ауырсыну
б) қайта құсу
в) аз уақыт ішіндегі қызба
г) ұсақ нүкте бөртпесі
д) сулы диарея
3. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: ротавирусты гастроэнтерит диагнозы ... дәлелденеді.
а) нәжісте вирустың болуымен
б) биопробамен
в) комплементтерді байланыстыру реакцясы
г) гемаглютинация реакциясы
д) иммунды ферментті анализ
4. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Ротавирусты гастроэнтеритің ажырату диагностикасын ... ауруымен жасайды.
а) тырысқақ
б) сальмонеллез
в) тағамдық токсикоинфекця
г) дизентерия
д) ботулизм
5. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: ротавирусты гастроэнтерит кезіндегі негізгі емдеу тәсілі:
а) вирусқа қарсы дәрілер
б) клиникалық көрсеткіштерге байланысты ауруханаға жатқызу
в) диета
г) пероральді регидратация
д) көрсеткіштерге байланысты тамырішілік регидратация
6. Ротавирусты гастроэнтериттің берілу механизімі:
а) су, тағам
б) парентеральді
в) вертикальді
г) трансмиссивті
7. Ротавирусты гастроэнтеритпен ауру-сырқаулықтың көп тіркелуі ... болады.
а) 2 жасқа дейін
б) мектеп жастағыларда
в) ересектерде
г) әйелдерде
8. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Герпангина:
а) 1 типті жай герпес вирусымен шақырылады
б) жұмсақ және қатты таңдайда папулалардың пайда болуы тән
в) қызбамен қоса жүреді
г) герпетикалық стоматитпен ажыратылады
д) симптоматикалық дәрілік заттармен емделеді.
9. ЭВИ-ны шақырады.
а) пикорновирустар
б) коксаки және Echo вирустар
в) бактериялар
г) риккетсиялар
д) қарапайымдылар
10.Герпангинаны шақырады.
а) жәй герпес вирусы
б) коксаки вирусы
в) Эпштейн-Барр вирусы
г) гепадновирустар
д) ретровирустар
11. ЭВИ-ға тән.
а) дене қызуының жоғарлауы, миалгия
б) буындардың ауырсынуы, жөтел
в) некроздық ангина, дене қызуының жоғарлауы
г) миопия, кереңдік
12. ЭВИ-ның клиникалық көрінісіне жатады.
а) склерит
б) пигментация
в) геморрагиялық бөртпе
г) кератоконъюктивит
Достарыңызбен бөлісу: |