ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»



бет24/55
Дата28.10.2023
өлшемі145.08 Kb.
#481846
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
метод-ПЗ-СД-хир-и-реаним-каз

Ситуациялық сауалдар:
1. Көшеде өмір сүру белгілері жоқ адам табылды: есі жоқ, кеуде қуысының қимылы байқалмайды, ұйқы артериясында пульс сезілмейді, жүрек тондары естілмейді. Адамның тірі екенін қалай дәлелдеуге болады? Мұндай жағдайда қандай іс-шаралар атқару керек?
2. Аурухананың қабылдау бөліміне жол апатынан жарақат алған науқасты толық ес-түссіз жағдайда жеткізді. Мейірбикенің іс-әрекеті қандай болмақ?
3. Аурухананың реанимация бөлімінде дәрігер науқас өлімін айғақтады. 2 сағат уақыт өткен соң мейірбикенің іс-әрекеті қандай?
4. Мейірбике жазатайым оқиғаның куәгері болды. Ер адам жарақаттанды. Қарау кезінде тынысы жоқ. Мейірбике ретінде іс - әрекеті?
5. Мейірбике жол апатының салдарынан клиникалық өлім жағдайдағы адамға өкпенің жасанды вентиляциясын және жүрекке тікелей емес массажды 1 рет дем беріп, 5 рет кеуде қуысының компрессиясын орындады. Мейірбикенің орындаған іс – әрекеті.

3 сабақ
1. Тақырыбы: ҚР ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ. ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРҒА МЕЙІРБИКЕЛІК ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ. БАС, КЕУДЕ ҚУЫСЫ, ІШ ЖӘНЕ ҚОЛ-АЯҚ ТРАВМАЛАРЫ КЕЗІНДЕ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТМІ.


2. Мақсаты: Студенттер жарақат алған науқастың мәселелерін анықтауға және оны шешуге травматологияда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау.
3. Окыту максаты:
Студент білуі қажет:

  • Травматология саласында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды;

  • Травматология бөлімінің жұмыс ерекшелігін;

  • ҚР травматологиялық қызметті ұйымдастыруды;

  • Бас, кеуде қуысы, іш және қол – аяқтың жарақаты кезінде алғашқы медициналық дәрігерге дейінгі көмекті көрсету принциптерін;

  • гипсті техниканың негізін;

Студент істей білуі тиіс:



  • симптомдар және синдромдардың айқын байқалуына байланысты травматологиялық науқастың жағдайын бағалауды;

  • жарақат түрін дұрыс анықтауды;

  • бас, кеуде қуысы, іш және қол – аяқ жарақаты кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету, транспортты иммобилизация, зақым алған аймаққа жұмсақ таңу жасау, жансыздандыруды;

  • стационар жағдайында травматологиялық науқастарға жалпы және арнайы күтімді іс жүзіне асыруды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет