Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет8/11
Дата28.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#163670
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7.Сабақтың мазмұны:

  • Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б.), диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.

  • Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).

  • Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).


Тестілер

1. Асқазанның ерте пайда болған ауырсынуы дегеніміз - … пайда болатын ауырсыну.

а) тамақтан кейін жарты сағатқа дейін, болмаса тамақты жегенде

б) ашқарынға

в) түнде

г) 30-60 минут өткенде

д) 1,5-2 сағат өткенде

2.Балаларда созылмалы гастриттің ең жиі шақырушысы болып есептеледі:

а) Helicobacter pylori

б) аутоиммунды процесс

в) вирустар

г) саңырауқұлақтар

д) тамақты уақытылы дұрыс ішпеу

3.Созылмалы гастриттің қозу кезеңінде қолданылатын диета:

а) стол №1

б) стол №5

в) стол №6

г) стол №7

д) стол №8

4. Асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруларында ең маңызды диагностикалық тәсілі:

а) копрограмма

б) қанның, несептін жалпы анализі

в) эндоскопия

г) асқазан- дуоденалды зондтау

д) ультрадыбыстық зерттеу

5. Ойық-жара ауруына алғаш күдік туғандағы тактика:

а) рентгенмен қарау

б) асқазан сөлін зертханалық тексеру

в) ЭФГДС

г) УДЗ


д) бақылай тұру, жалпы қан сынағы.

6. Асқазанның ерте пайда болған ауырсынуына тән:

а) тамақтан кейін жарты сағатқа дейін, болмаса тамақты жегенде

б) аш қарынға

в) түнде

г) 3-6 сағат өткенде

д) 1,5-2 сағат өткенде

7. Асқазан ойық жарасының дамуына әсер етпейді:

а) тұқымқуалаушылық

б) эмоциональды жүктемелер

в) уақытылы және дұрыс тамақтанбау

г) өт жолдарының қабыну процесстері

д) созылмалы инфекция ошақтарының токсикалық әсері

8.Асқазан ойық жарасына тән емес:

а) қыжылдау

б) лоқсу


в) ықылық тию

г) жүрек айну

д) құсу

9. Гастродуоденитпен ауыратын науқастарды тамақтандыру ерекшеліктеріне жатпайды:



а) тамақты жиі, аз порциямен, бір уақытта қабылдау

б) рационда бірінші аптасында айран, сорпа, кисель беріледі

в) аш қарынға түймедақ шайы, аю құлақ шайы жылы күйде ішу

г) сұйықтықты шектеу

д) “Боржоми”, “Есентуки-17”, Смирнов минеральды суды тамақ алды 30-40 мин. бұрын ішу

Ситуациялық есептер.

Есеп 1. Бала 9 жаста, шағымы кекіру, құсу, жүрегі айниды, кейде қыжылдайды, тамақтан соң ішінің ауырғаны қояды, 1-1,5 сағаттан кейін ауырады, кейде аш қарынға да, түнде де ауырады.

Сұрақтар: Осы симптомокомплексті талдап көрсетіңіз, болжам диагнозыңызды қойыңыз.

Есеп 2. Қабылдау бөліміне іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу шағымдарымен науқас түсті. Жалпы қарау кезінде тері жамылғыларының бозғылттығы, тілінің ақ жабындымен қапталғаны анықталады, пальпация жасағанда ұйқы безінің аумағында ауырсыну анықталады?

Сұрақтар: 1. Сіздің болжам диагнозыныз?

2. Құсу кезіндегі жәрдем.



Есеп 3. Бала 13 жаста, 12-елі ішектің ойық жара ауруымен дәрігердің байқауында тұрады, бірнеше рет ауруханада емделген. Таңертеңгі нәжісі қара көмір тәріздес - қара-қошқыл түсті болған. Ауырсыну эпигастралды және пилородуоденалды аймақта. Объективті түрде қарағанда созылмалы интоксикация, полигиповитаминоз симптомдары байқалады, тахикардия, суық тер, артериялық қысымы төмен, басының айналуы, құлағының шыңылдағаны байқалған. Іш аймағын пальпациялағанда эпигастрий, пилородуоденалды аймақтарында ауырсыну байқалады.

Жалпы қан анализінде: гемоглобин мен гемотокрит төмендеген. Эндоскоппен тексергенде: 12-елі ішектің кілегейлі қабатының деффектісі - жаңа жара, қанды жараны анықтайды. Асқазанның басқа бөліктерінде және 12-елі ішектің кілегейлі қабатында - жедел қабыну белгілері байқалады. Барий арқылы рентгенологиялық тексеруде: ағзаның қабатының тереңінде контраст анықталды.



Сұрақ: 1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Емдеу жоспарыңыз?



1.Тақырыбы: Аурухана жағдайында несеп шығару жүйе патологиясы бар науқас балаларды жүргізу.

2.Оқу сағат саны – 7,2сағ.

3.Тақырып өзектілігі.

Несеспшығару жолдарының инфекциясы-НЖИ, несеп жүру трактысынде 1 мл зәрдегі бактериялардың 10 т колониядан көп өсуі. Кәзіргі кезде НЖИ-ның классификациясына сай НЖИ-на: асимптомды бактериурия, жедел пиелонефрит, жедел цистит, созылмалы пиелонефрит, қуық-несепағар рефлюксы (ҚНР). НЖИ, ЖРВИ, пневмониялар және басқа жедел инфекциялар фондарында біріншілік болуы мүмкін, балалар аурулары құрылымында, әсіресе неонатальды кезеңде алдыңғы орында тұр. НЖИ –ның таралуы, барлық зәршығаружүйесі аурулурының популяциясындағы орны, жеткілікті орасан және 80% -ке дейін құрайды. Барлық аурулардың ішінде өзінің жиілігі жағынан НЖИ ЖРВИ-нан кейінгі екінші орынды алады.



4. Дидактикалық мақсаттар:

Дәрігер-интерн білуге тиіс:

  • бүйректің қалыпты және патологиялық жағдайдағы анатомиясы мен физиологиясын;

  • балалардағы НЖИ-ң этиологиясын, патогенезін, клиникасын, дифференциалдық диагностикасын, асқынуларын;

  • экскреторлы уроградияны, компьютерлік-томографиялық, бүйректің пункциялық биопсиясын жүргізуге көрсеткіш және қарсы көрсеткіштерді;

  • НЖИ-да қолданылатын антибактериальды препараттардың көрсеткішін, қарсы көрсеткішін және жанама әсерін;

  • балалардағы НЖИ -н диагностикалауды, емдеу хаттамаларын және стандарттарын;

  • жедел пиелонефрит, жедел гломерулонефрит, созылмалы гломерулонефрит, жедел бүйрек жетімсіздігі, созылмалы бүйрек жетімсіздігі сияқты ауруларды болжауды;


Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • бүйректі пальпациялау әдісін;

  • бүйрек функциясының бұзылыстарын анықтауды;

  • жалпы зәр анализі мен каогулограмманың нәтижелерін, қанның биохимиялық анализ (креатинин, мочевина, зәр қышқылы, Na, Cl, кальций фосфор) көрсеткіштерін, бүйрек концентрациясы жұмысының, шумақтық фильтрация көрсеткіштерін биоптаттың гистологиялық анализі, бүйректің рентгенологиялық, компьютерлік томографиялық тексеру және ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін бағалауды;

  • зәр жолдарының инфекцияларын емдеуді.


5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.

негізгі білімдері бойынша:

  • әр жастағы балалардың зәр шығару жүйесінің АФЕ-ін.

  • несеп шығару ағзалары патологиясының семиотикасы симптомдары, синдромдары;

  • -балардағы клинико-лабороториялық тексеру өдістерінің ерекшеліктері,

  • -зәршығару ағзалары аураларының фармокотерпиясы ерекшеліктері.

тақырыпқа байланысты сұрақтар.

  • НЖИ –ның классификациясын. Анықтамасы. Этиологиясы, қауіпті факторлары.

  • Клиникасы. Диагностикасы. НЖИ-ның дифференциалды диагнозы.

  • НЖИ-ын емдеудің негізгі принциптары

  • Балалардағы циститтер.Этиологиясы. Патогенезі. Классификациясы. Клиникасы.

  • Диагностикасы. Емі. НЖИ-ның прогнозы, профилактикасы, диспансеризациясы.


6.Ақпараттық-дидактикалық блок.

Несепшығару жүйесінің инфекциясы (НЖИ)

НЖИ дегеніміз, несепшығару жүйесіндегі ағзалардың қабыну деңгейі көрсетілмей және бүйрек паренхимасын зақымдамай өтетін инфекциялану.



Классификациясы.

Несеспшығару жолдарының инфекциясы-НЖИ, несеп жүру трактысынде 1 мл зәрдегі бактериялардың 10 т колониядан көп өсуі. Бактериурия – зәрде қуықтан бөлінген бактерилардың болуы.



Асимптомдық бактериурия – балада диспансерлік немесе бағытталған тексеруде табылған бактериурия, ешқандай шағымдары және несеп ағзаларының клиникалық симптомдары жоқ .

Жедел пиелонефрит – бүйректік паренхима мен астаушалардың, бактериалды инфекцияның зардабынан дамыған қабыну ауруы.

Жедел цистит – қуықтың бактериалды туынды қабынуы.

Созылмалы пиелонефрит – бүйректің НЖИ-ның қайталау шабуылы нәтижесінен фиброзды және тостағанша-астаушалар жүйелерінің деформацияланып зақымдалуы. Бұл зақымдалулар ережеге сай, зәршығару трактыларының анатомиялық аномалиялары немесе обструкция фонында жүреді.

Қуық-несепағар рефлюксы (ҚНР) – несептің қуықтан несепағарларға ретроградты-қайта кері ағуы. ҚНР-біріншілік, екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік ҚНР туа пайда болған және қуық-несепағар сағасының сілемей қабатыасты өзгерісімен жүретін, даму аномалиясынан антирефлюксты механизмнің бұзылуына байланысты.

Екіншілік ҚНР - несепағар немесе уретраның артқы клапанының обструкциясынан туындайтын, гипо немесе гиперрефлекторлы типті қуықтың нейрогенді дисфункциясының динамикалы бұзылысы.



ҚНР-ң классификациясы ҚНР-тің халықаралық жіктелуі цистографияға негізделген, және оның келесі дәрежелерін қарастырады:
І деңгейі – тек несепағарға лақтыру (заброс). Рентгеноконтрасты зат тек несепағарда;

ІІ деңгейі – астаушаға кеңеюінсіз және астаушалардың деформациясыз несепағарға, тостағанша лақтыру. Рентгеноконтрасты зат несепағарда, астауша мен тостағаншаларда, бірақ олар кеңейіп, деформацияланбаған;

ІІІ деңгейі – несепағардың аздаған дилатациясы және қисықтығы, астауша тостағаншалардың аздап кеңеюі.

ІУ-деңгейі – несепағардың аздаған дилятациясы және қисықтығы, астауша, тостағаншаның аздап кеңеюі және толық күмбездің тік бұрышының облитерациялануы.


У-деңгейі несепағар, астауша, тостағаншаның анық дилатациялары, астаушаларда капиллярларлық ойыстықтың жоғалуы.

НЖИ қоздырғыштары: ең жиі Еsсhеrісhіа соlі, одан кейін Епtеrососсus (Stгерtососсus fаесаlіs), КІеЬsіеllа, және Рrоtеus. Несеп жүйесінің аномалиялары болғанда сонымен қатар Рsеudomonas, Staрћуlососсus аuгеus немесе S. еріdегmitis аnd Наеmорћіlus іnfluenzae анықталады. Қабынудың басқа этиологиясы: вирусты НЖИ, саңырауқүлақты НЖИ, геморрагиялық цистит (токсикалық), паразитоздық (шистосомоз).

Балалардағы НЖИ даму қаупінің факторларының арасындағы ең маңыздылары мыналар:



  • жүкті әйелдердегі пиелонефрит;

  • анасында созылмалы инфекциялардың болуы;

  • жүктіліктің 1-ші және 2-ші жартысындағы токсикоздар;

  • бүйрек патологиясы бойынша тұқымқуалаушылық ауыртпашылығы;

  • ата-анасы мен туыстарында зат алмасу ауруларының болуы;

  • анасының жүктілігі кезіндегі кәсіптік зияндықтар.

НЖИ-ның таралу жолдары:

  • гематогендік,

  • жоғарыөршущі,

  • лимфогендік.

НЖИ-ның клиникалық белгілері

Жалпы симптомдар мен белгілер:



  • Сәбилік жастағы балаларда тыныс жолдары зақымдануының белгілерінсіз және басқа да бейспецификалық объективті мәліметтерсіз қызбаның, интоксикацияның байқалуы - осы патологияга күдік, секем тудырады;


Цистит

Цистит — қуықтың шырышты қабатының қабынуы және оның қызметінің бұзылуы. Қыз балалар циститпен ұл балаларға қарағанда жиі ауырады.

Несеп жүйесінің қалыпты анатомиялық тұтастығы мен физиологиялық қызметі кезін- де қуықтың уротелийінің резистенттілігі жоғары болады.

Қуықтың қабыну үрдісінің пайда болуына жағдай жасап, септесетін ықпалдар:



  • Зәр шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған аурулары кезінде төменгі зәр жолдарының уродинамикасының бұзылуы;

  • Кристаллурия; химиялық заттардың, улардың, дәрілік заттардың токсикалық әсері; гипо- және авитаминоз және т. б. кезіндегі қуықтың шырышты қабатының функ- ционалдық бұзылыстары;

  • Қуық қабырғасында, кіші жамбас астауында қанайналымның бұзылуы;

  • Организмнің жалпы реактивтілігінің төмендеуі (гиповитаминоз, суык тигізу, зорығу, ұзақ инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, дистрофиялар, экссудативті- катаральды диатез және т. с. с. кезінде).

Этиологиясы мен патогенезі

Балалардағы циститтердің этиологиясында инфекциялық (спецификалық және бей- спецификалык), химиялық, токсикалық, дәрі-дәрмектік, радиациялық және басқа да ық- палдар рөл атқарады. Көбінесе ішек таяқшасы, стрептококк, протей, хламидиялар, стафи- лококк анықталады. Вирусты этиология жағдайында аденовирус, герпес жиі анықталады. Микоздық этиологиялы циститтер әдетте жайылмалы үрдіс кезінде анықталады. Специ- фикалық этиологиялы циститтер (гонореялық, трихомонадалық) ересектерге қарағанда, балаларда сирек кездеседі. Инфекцияның қуыққа өтуі жоғарылайтын, төмендейтін және гематогендік жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.

Клиникасы

Жедел цистит баланың мазасыздануынан, қасағаүстіндегі ауырсыну синдромынан және дизуриялық бұзылыстардан басталады. Кейде зәрді ұстап тұра алмау байқалады. Зәр лайлы, кейде қызылдау түсті болады. Ағымы жеңіл түрден, интоксикациямен, қызбамен өтетін ауыр түрге дейін болуы мүмкін. Дұрыс емдеген кезде 3-5 күннің ішінде жақсару байқалады. Егер 2 — 3 аптаның ішінде зәрі қалпына келмесе, урологиялық зерттеу өткізу қажет.



Созылмалы цистит әдетте дұрыс емес емдегенде, балада несеп жүйесінің туа біткен және жүре біткен аурулары болған жағдайда дамиды.

Цистит пен пиелонефрит арасында ажырату диагнозын жүргізгенде, клиникалық кө- рінісінен басқа, бірқатар ерекшеліктерді ескеру қажет. Мысалы, цистит кезінде зәр пор- циясындағы ірің әдетте түбіне тез тұнады да, тұнбаның үстіндегі зәр айтарлықтай таза- рып, кейде тіпті мөлдір болады. Ал пиелонефрит кезінде зәр жаппай лайлы болады, ірің мен шырыштан тұратын, әртүрлі қалыңдықтағы тұнба пайда болады, тұнбаның үстіндегі зәр тазармайды да, лайлы күйінде қалады. Егер ірінді зәрдегі нәруыздың мөлшері 1% асса, бүйректің зақымдануы туралы ойлау керек.

Асқынулары

Асқынулары: пиелонефрит, несеп шығаратын өзектің дистальды бөлігінің стенозы, қуық мойнының склерозы, парацистит, қуық қабырғасының тесілуі, перитонит.

Циститпен науқастанғандардың терапиясының ерекшеліктсрі

Жедел циститтің кешенді емінде мына ережелерді сақтау қажет: төсектік тәртіп, де- нені бірқалыпты және ұзақ жылыту, тыныштық, жан-жақты, дәрумендерге бай тамақ, ащы және тітіркендіруші тағамдардан бас тарту. Минералды сулар мен дәрілік шөптердің тұндырмасын қоса, көп мөлшерде сүйықтық ішу керек.

Циститпен науқастанғандарға жүргізілетін антимикробтық терапияның ерекшеліктері.

Антибактериалдық дәрі-дәрмектер нефротоксикалығы мен несеп микрофлорасының сезімталдығын ескере отырып көрсетіледі (пиелонефрит кезіндегідей). Емдеу курсы 10 — 14 күн.

Цистит кезінде дәрілерді парентеральды тағайындау ақталмайды, негізінен бүйрек арқылы шығарылатын және қуықта дәрінің жоғары концентрациясын қамтамасыз ететін уросептиктер қолданған дұрыс. Жедел циститті Ко-тримоксазолмен (Бисептолмен) ем- деу жоғарылайтын инфекцияға және пиелонефрит дамуына жол бермейді. Бұрынғысын- ша, нитрофуран препараттары тиімді болып қалуда, микробтық флораның левомицетин- ге сезімталдығы сақталып отыр. Алайда оны тағайындаған кезде баланың преморбидтік күйіне көңіл аудару қажет (лейкопения мен анемия кезінде пайдаланбау керек), емнің ұзақтығы 4 — 5 күннен аспауы тиіс.

Асқынбаған жедел циститті емдеу үшін бактерицидтік қасиеті бар, ауыз арқылы қабылдағанда белсенді әсер ететін монуралды қолдануға болады. Ол барлық дерлік грам-теріс бактерияларға, соның ішінде көкірің таяқшасына қарсы кең антимикробтық спектрге ие. Бүл дәрі, сондай-ақ, грам-оң бактерияларға қарсы да белсенді болып табылады: стафилококктарға (алтын түсті, эпидермальдық) және стрептококктарға (сапрофитті, фекальды). Монуралдың маңызды қасиеті оның антиадгезивтік қабілеті болып табылады, бұл әсіресе «зәр жолдарының Е. Соlі» жұқтырылуы кезінде маңызды. Монуралды тағайындауға қарсы көрсетілім бүйрек жетіспеушілігі болып табылады.

Жедел цистнт кезінде налидикс қышқылының препараттарын қолданбаған жөн. Қабы- ну үрдісінде оң динамика болмағанда, өткізіліп жатқан антибактериальдық емнің тиімсіз- дігінің себебін анықтау үшін тексеру өткізу қажет.

Циститтің жедел кезеңіндегі физиотерапия айтарлықтай емдік әсер етеді (қуық тұсына УЖЖ (УВЧ) өткізу). Үй жағдайында, физиотерапия өткізе алмаған жағдайда, жылы ваннаға отыруды, қуық тұсына жылытқыш қоюды ұсынуға болады. Фитотерапия қуық- тағы қабыну үрдісінің жедел кезеңінде де, азайған кезінде де сәтті қолданылады. Бұл әр- түрлі фармакологиялық әсері бар жеке шөптер немесе олардың жиынтығы: антисептика- лық, қабынуға қарсы, зәр айдаушы, регенерациялаушы. Жедел циститте инстилляциялар өткізілмейді.

Циститтердің алдын алуға көптеген шаралар жатады, олар жедел жұқпалы аурулардың алдын алу мен дер кезінде емдеуге, туа біткен уропатияларды ерте анықтауға және емдеуге, шынықтырушы шараларды қолдануға, жеке бас гигиенасын сақтауға бағытталады — осының барлығы организмнің тез сауығуына қолайлы жағдай жасайды.


7.Сабақтың мазмұны:

  • Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б.), диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.

  • Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).

  • Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).


Тестілер
1... НЖИ –ң жиірек қоздырушысы болып табылады.

а) Ішек таяқшасы

б) Стафилококк

в) Стрептококк

г) Микоплазмалар

д) Пневмококк


2.НЖИ-а қандай симптом басымырақ тән?

а) гематурия

б) лейкоцитурия

в) протеинурия

г) дизурия

д) бактериурия


3. НЖИ-мен қыздар кай жаста жиірек ауырады?

А) 1-3 ай

Б) 3-6 ай

В) 6-9 ай.

Г) 9-12 ай

Д) жаңа туылған


4. Нефроннан астаушаға (лоханки) инфекция ... рефлюкс арқылы тарауы мүмкін распространяться путем …:

А) уретро-реналды

Б) пиело-реналды

В) рено-реналды

Г) цисто-уретралды

Д) гематогенды жолмен

5. 4 жасар қызбаланың анасы, баланың кіші дәретін ұстай алмайтын эпизодтарына шағымданды.1 жасында ЖРВИ-мен, 2 жасында жел шешекпен ауырды. Зәр анализдері ол уақытта қалыпты еді. Қыздың физикалық дамуы қалыпты. Кәзір дені сау, ағзаларында патологиялар жоқ. Дәретін ұстай алмаужың қандай себептері болуы мүмкін?

A) Зәршығару жолдары жүйесінің жедел инфекциясы

B) цистоуретрит

C) цистопиелонефрит

D) созылмалы.пиелонефрит

E) қуық иннервациясының бұзылуы


6.Зертханалық көрсеткіштердің қайсысының жоғарылауы бүйрек функцияларының бұзылғандығын көрсетеді?

А)Натрий


В)Альбумин

С)Холестерин

D) Креатинин

Е)Калий
7. 5 жасар ербалада жиі қозумен өтетін қылкүпек (фимоз) анықталды. Зәрінде-кезеңдік асимптомды бактериурия. Несептің жалпы анализы қөалыпты. Бүйрегінде патологиялар жоқ. Ауруды жүргізудің ең тиімді тактикасы:

А) Ұзақ антибактериалды терапия

В) Операция – піштіру

С) Урография, цистография

D) Бүйректің томографиясы

Е) Бүйректің биопсиясы
8.Баланың зәрінде оксалаттар табылған, жалпы анализінде – транзиторлы лейкоцитурия.

Ауруды жүргізудің ең тиімді тактикасы:

А) Сұйықты көп ішу

В) Картофельдік емдәм тағайындау

С) В6 дәруменін тағайындау

D)Антибактериалды терапия

Е) Фитотерапия
9. Созылмалы пиелонефриттен созылмалы циститтің жалпы белгіні табыңыз.

А) Зәрдің осмолярлығының т өмендеуі

В) Бағынбайтын лейкоцитурия

С) покрытые антиденелермен жабылған бактериялар

D) Зәрдегі белсенді лейкоциттер

Е) Зәрдің электрөткізгіштігінің жоғарылауы


10. Қуықтың шырышты қабатындағы қабынулық өзгерістерді анықтау үшін қандай зерттеу жүргізіледі?

  1. Қуықтың УДЗ

  2. Цистоскопия

  3. Экскреторлы урография

  4. Микционды цистография

  5. Радиоизотопты цистография

11.Бүйректің функционалды сынақтарына жатады:

A) Амбурже

B) Зимницкий

C) Нечипоренко

D) Аддиса-Каковский

E) Ортостатикалоық протеинурияға
12. Созылмалы пиелонефриттен созылмалы циститті ажырататын лабороториялық белгіні табыңыз.

А) Лейкоцитарная цилиндрурия

В) Нейтрофилы в осадке мочи

С) Лейкоцитурия

D) Бактериурия

Е) Нейтрофиллез


Ситуациялық есептер.
1-ші есеп. 3 жасар қызбала әке-шешесінің (шешесі 42 жаста, әкесі 45жаста) жиі күшеніп дәреттенуге шағымымен госпитализацияланды. Бірінші жүктіліктен, бұрын шешесінде микоплазменді және хламидиялы инфекциялар болған, бедеуліктен емделген. Әкесі жағынан әжесінде – созылмалы пиелонефрит. Қыз жүктіліктің 36 апталығында массасы 2300гр, бойы 44см. болып туылды. 2 айға дейін емді, невропатологте перинаталды энцефалопатиямен емделді, бой-салмақтық көрсеткіштері жасынан қалып отырды. Жасы бірінші жылы жиі ЖРВИ, 8 айлығынан тұрақсыз лейкоцитурия к/а 15-20-ға дейін клеткалар. Бір жастан кейін қыз жиі ұзақ ауыратын болды (ЖРВИ жылына 5-6рет, екі рет обструктивті бронхит, 1,5 жаста пневмония).т, в 1, 5 года пневмония).1,5 жасында екі рет обструктивты бронхит, пневмония.

Объективті: тексергенде арық, бозғылт. Стигмалар өте айқын:мұрынүсті кең, аяғының саусақтары деформацияланған. Сүттік тістерінің эмалдарынды дефектылер. Кариеспен зақымдалған. ЛОР-дәрігері көргенде- 2 дәрежелі гипертрофияланған аденоидтар Цистография жүргізгенде-солжақтық 4-ші дәрежелі қуық-несепағар-астаушалы рефлюкс.

Сұрақтар: 1.Диагноз?

2. Емдеу жоспары.


2-ші есеп. 5 жасар қызбаланың ата-анасы баласының жиі, қиналып, ауырсынып дәреттенуіне және ішінің төменгі жағңының ауыратындығына шағымданды. Анасы химиялық өндірісте жұмыскер, жүктілік 7-9 апталығында түсік тастау қаупімен өтті. Баланың туылғандағы массасы 2500гр, бойы 47 см, үнемі физикалық өсуі қалыңқы, анамнезінде анда-санда болатын ішінің қатқақтауы, жиі ЖРВИ-мен ауырады. Зәрдің жалпы анализінде аздаған протеинурия, лейкоцитурия к/а 20-25, біріндеген эритроциттер.

Сұрақ: Диагноз.


3-ші есеп. 6 айлық қыз бала. Шағымдары: дене температурасының жоғарылауы, кіші дәретке жиі отыру, кіші дәретке отырғанда тынышсыздануы, зәрінің түсінің өзгеруі. Тәбеті төмендеген. Бұлшықетті гипотония байқалады. Ішкі мүшелері патологиясыз.

Өмір анамнезі: бала қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдайда өмір сүреді, жасанды тамақтандыруда, жиі суықтап ауырады. Қан анализі: аздап лейкоцитоз, ЭШЖ қалыпты. Зәр анализі: протеин анықталмаған, лейкоциттер – 10-15 көру аймағында, бактериялар – 1 мл зәрде 50 000 микробденелері.

Сұрақтар: 1.Сіздің болжам диагнозыңыз.

2. Бұл ауруға қолайлы факторларды атаңыз.


4-ші есеп. Стационарға 3,5 жасар қыз, ата-анасының жиі дәреттенуі мен қызының дәретінің түсінің өзгергенінге шағымданды. Баланың жағдайы орташа, астыңғы ернінде және жыныс ағзаларында герпестік бөртпелер. Зәрі қызыл түсті. Қан анализінде : Нв-102 г/л, Эр.-3,4х1012/л, ЭШЖ-15 мм/с. Зәр анализінде: түгелімен жаңа бөлінген эритроциттер! Диагнозы: Жедел геморрагиялық цистит. Ауруға қолданбайтын ем:

А) фитотерапия

В) сұйықты көп ішу режимі

С) вирусқа қарся терапия

D) физиоем

Е) емдәмдер




1.Тақырыбы:Аурухана жағдайында несеп шығару жүйе патологиясы бар науқас балаларды зертханалык және визуальды диагностика әдістері

2.Оқу сағат саны – 7,2сағат

3.Тақырып өзектілігі.

Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушіліктері көптеген аурулардың ерте немесе кеш дамыған сатылары болып табылады. Қәзіргі кезде 50-н астам аурулар бүйректің әртүрлі зақымдану жиілігімен жүреді. Балалардың ауыр өтетін ауруларында (пневмония, туылғандағы жарақаттар, ЖРВИ) осы аса қауіпті асқынысты күні бұрын болжап және анықтай отырып, болдырмауға тырысу керек. Кейбір бүйрек ауруларында созылмалы бүйрек жетімсіздігінің дамуын ерте анықтап, қайтару, гемодиализ терапиясына көрсеткішті анықтау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет